«Сурет бойынша әңгіме. «Халықтар достығы»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Сурет бойынша әңгіме. «Халықтар достығы»

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Міндеттері: Білімділік: Өз ойларын толық, еркін жеткізе білуге жетелеу. Граматикалық дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы

Білім беру салалары: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме. Халықтар достығы
Мақсаты: Суретке қарап қысқа мәтін құрауды үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Өз ойларын толық, еркін жеткізе білуге жетелеу. Граматикалық дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар:Әртүрлі ұлт өкілдері бейнеленген суреттер, Бірлік күні тақырыбына сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмысы: ынтымақ.
Қостілдік компонент: Достық-дружба, бірлік-единство, ынтымақ-согласие.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Балабақша!01-Г№1
Өлең оқиды:
Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
-Өлеңде не жайлы айтылған?
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Бәрі бірге айтады.
Үстелді жағалай отырады.
Мұқият тыңдайды.

Өз түсінгендерін айтады.
-Біз Қазақстан Республикасынада тұрамыз.

Ұйымдастыру-
іздестіру

Әңгімелеу.
-Біздің елімізге әртүрлі ұлт өкілдері тұрады екен (слайд көрсету).
Біздің Республикамызда әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді.
Олар: орыс, татар, кәріс, ұйғыр, дүнген.
(суреттерін көрсетеді)
Әрқайсысының ұлты, діні бөлек болса да, бір туғандай болып кеткен. Бір-біріне құрметпен қарайды. Барлық мерекелерді бірлесіп атап өтеді. Әсіресе мамырдың алғашқы күні өтетін мерекенің орны ерекше.
1Мамыр –Бірлік пен ынтымақ күні.
Сөздік жұмысы:
:Ынтымақ – бірлік, татулық, достық деген
мағынаны білдіреді.
-Достықты орысша қалай атайды?

-Ал, бірлікті орысша единство деп атайды.
-Ынтымақты согласие деп атайды.

Тақтаға 1-Мамыр мерекесі тойланып жатқан сюжеттік сурет іледі.
-Суретте не бейнеленген?

-Мұқият, қызығушылықпен тыңдайды, қарайды.

Қайталап айтады.

-Достықты орысша дружба деп атайды.
Бірнеше рет қайталап, естеріне сақтайды.
Мұқият қарайды.

Суретке қарап, өз ойларын айтады.

-Қандай мерекені тойлап жатыр?

-Адамдар қандай киімдер киген?

Дидктикалық ойын: Мақалды аяқта
Бірлік болмай
Тірлік …………
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті …. озады.
Ырыс алды ………..
Тірлік, тірлік түбі-…….
Жұмыла көтерген жүк ……
Айтылған мақалдардың мағынасын түсіндереді.
Сергіту сәті:

Ұнаған екі мақалды жаттап алуды ұсынады.

Дидактикалық ойын: Ойлап, тап
Әртүрлі ұқсастар айтады, қандай әріп жоқ екенін тауып айтуды ұсынады.
1.Ерде бар,
Елде жоқ.
2.Желде бар,
Жолда жоқ.
3.Атта бар,
Отта жоқ.
4.Суда бар,
Буда жоқ.
1 Мамыр күнін тойлап жатыр.
Әр ұлттың киімін киген:орыс, қазақ, украина.

-Болмас

-ел
-ынтымақ.
-Бірлік
-жеңіл
Өз түсінгендерін айтады.

Қандай жақсы қыз бала,
Бүрмелі көйлек кигені,
Кәзекейі оюлы.
Ояды екен гүл шоғын, Қошқармүйіз, құсқанатын,
Толқын деген оюды.

Бірнеше рет қайтталап, жаттап алады.

Мұқият тыңдайды.

Рефлексивті-
реттеушілік
Қорытынды:
-Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?
-Бірлік пен ынтымақ мерекесін қай күні атап өтеміз?
-Оларды бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Бұл мерекені сендер жанұяларыңмен қалай атап өтесіндер?
Жүректен-жүрекке01-Ж№32
Балалардың достығын
Көрстейік біз бүгін!
Әлемдегі барлық жанға айтамыз,
Татуласып жүрген жақсы, байқадым!
Сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын айтады.

Барлығы бірге шеңберге тұрып, айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Мемлекеттік мерекелер туралы, олардың ерекшеліктері, маңызы жайлы.
Болу керек: 1-Мамыр мерекесі жайлы түсінік.
Істей білу керек: Сурет бойынша бірнеше сөйлем құрай білуді, өз ойын толық жеткізе
білуді.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.