Сұрау белгісі — Қазақ тілі
Сұрау белгісі (?) — жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте сұраулы сөйлемнің соңында қойылады.
Қойылу жағдайлары
Сұрақ белгісі жауап алу мақсатында қойылады. Сұрау белгісі мынадай жолдармен жасалған сұраулы сөйлемдерден соң қойылады:
Ма, ме, ба, бе, па, пе, ша сұраулық шылауларының қатысуы арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады.
Сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.
Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуы арқылы жасалған сөйлемдерден соң қойылады.
Ғой шылауы мен ә одағының тіркесуі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.
Сұрау интонациясымен айтылған сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.
Құрмалас сөйлем құрамында бірнеше сұраулы жай сөйлем болса, сұрау белгісі сөйлемнің ең соңынан қойылады.