Сұрақ: Мұғалімдер — ұстаздар күні қашан?

0

Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісі атап өтіледі. Бұл мейрамның нақты белгіленген күні жоқ. Осы жылы ол күн 4 қазанға сәйкес келеді.

Дүниежүзілік мұғалімдер күні. Осынау кәсіби мереке 1994 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен бесінші қазан күні болып бекітілген. Ұстаздар күнін әлемнің жүзден астам елінде осы күні тойлайды. Қазан айының бесінші жұлдызының Ұстаздар мерекесі болуы тегін емес.

Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды.

Ал Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды.