Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы слайд | туралы қазақша
Талқыланатын слайд тақырыбы XX ғасырдың басында өмір кешкен ағартушы-демократ, аса көрнекті ақын, жазушы, публицист Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қалдырған әдеби мұрасы қомақты да құнды. Ол қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер. Сонымен қатар слайд бөлімдерінде көрсетілген Сұлтанмахмұт шығармаларында өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркемдік қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін көркем шығармаларына арқау етті. Слайд беттеріне назар аударсақ ақын туындыларының танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мәні XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің рухани қатынасына айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық жолының кезеңдері XX ғасыр басындағы қазақ халқының өміріндегі тарихи өзгерістердің, төңкерістер мен өрелі заманның жағдайы өлеңдерінде шыншыл реализм мен сыншыл реализм көркемдік әдістерімен көрініс тапты. Слайдта көрсетілгендей Сұлтанмахмұттың өз өмірінен іздеген шындығы: қазақ елінің дертіне ем табу, «қаранғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болу», «қазақ елінің мұздаған жүрегін жібіту», «қөз жасын тыю», «теңсіздікті, мұқтаждықты жою, қазақ елін ерікті, мәдениетті, бақытты ету еді.
Слайд бөлімдері:
- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы;
- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық жолы;
- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикасы;
- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың белгілі поэмалары.
#Сұлтанмахмұт #Торайғыров #туралы #слайд
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз