Сұлтанмахмұт Торайғыров, шығамын тірі болсам адам болып

0
Әдебиет 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдебиетте алар орнын айшықтау, «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ» өлеңдерін оқыту.
Міндеттері: 1. Сұлтанмахмұт шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ» өлеңдерінің тақырыбын, идеясын ашу, маңызын ұғындыру, ондағы оптимистік идеяны аңғарту;
2. Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру;
3. Оқушыларды оқу — білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды оқып — үйрену сабағы
Сабақ әдісі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, сұрақ — жауап, талдау
Құрал — жабдықтар: оқулық, қосымша материалдар

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Жаңа сабақ
1. Ой шақыру
1. Сұлтанмахмұт кім?
2. Қандай еңбектерін білесіңдер?
3. Биыл ол қанша жасқа толғалы отыр?
2. Топтастыру

1) «Шығамын» тірі болсам, адам болып» өлеңі
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Сөздік жұмысы
Тірі болсам — өлмесем, көрде — молада, надандық — білімсіздік, жарық күнде сәуле қуған — білім іздеген, серт — уәде, ант, адам боламын — білімді адам боламын.
3. Топпен жұмыс
Оқушылар әр топта өздеріне берілген шумақты талдайды.
1 — топ
Ақын нені жақсы, нені жаман дейді?

2 — топ
Ақынның жас кезіндегі арманы, мақсатын, меңзеген жолды оқыңдар.
Өлеңді құрылысына қарай талдаңдар.
3 — топ
Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
Өлеңді неге «Шығамын тірі болсам, адам болып» деп атаған?

2) «Мен – қазақ» өлеңі
1. Өлеңді мәнерлеп оқыту
2. Өлеңнің тақырыбын, идеясын айқындау
3. Өлеңнің маңызын айқындау.

ІІІ Бекіту
Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман
С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ» өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – ақынның өзі, яғни ақындық тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мақсат — мұратын, сезім күйін жырға қосады.
Әр оқырман жүрегіне жол тауып, онымен дәл өзіндей сырласатын өлең кейіпкерін лирикалық қаһарман дейміз.

ІV Үйге тапсырма
1. Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығы (мәнжазба)
2. «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ» өлеңдерін жаттау
V Бағалау
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ» жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/