Сүлік салу (Гирудотерапия) | туралы қазақша
Гирудотерапия — медициналық сүліктермен емдеу. Медициналық сүліктің көмегімен (гирудотерапия немесе бделлотерапия) емдеу ежелгі заманнан бері қолданылып келеді. «Гирудотерапия» термині латын тілінен аударғанда «гирудо» — сүлік, ал «бделлотерапия» термині грек тілінен аударғанда «бделла» — бұл да «сүлік» деген мағынаны білдіреді.
Медициналық сүлікті ең алғаш қолданылғаны туралы мәліметтер б.ғ.д. 200 жылы болған. Ежелгі заманнан бері бірнеше ғасырлар бойы гирудотерапияға деген қызығушылық бірде дамып, бірде бәсеңдей түсті. Өз уақытысында сүлік көптеген ауруларды емдеудің ең тиімді тәсілі болып саналған. Бірақ фармацевтикалық индустрия дами келе, медициналық сүлікті қолдану бірден қысқартыла түсті. Ұзақ уақыт қолданылған химиялық-фармацевтикалық дәрі-дәрмектер көптеген науқастың аллергиялық ауруларға шалдығуына әкеп соқты. Осының салдарынан медициналық сүлікті қайта қолдануға тура келді.
Медициналық сүлікке қазіргі кездегі дәрігерлердің қандай көзқараспен қарайтынын білгіміз келсе:
- біріншіден, ең төменгі қарсы көрсеткіш (гемофилия, анемия, жүктілік);
- екіншіден, гирудотерапия кезінде кері әсердің болмауынан кемінде 0,01% аллергия пайда болады;
- үшіншіден, сүлік гирудотерапия сеансы кезінде адам организміне жалпылай әсерін тигізеді:
а) аурудың терісінен тістеген кезде жүйкесіне әсер етеді. Биологиялық тұрғыдан алғанда сүлік «тірі ине» ретінде қолданылады. Жәй инемен салыстырғанда, адам денесіндегі ауру нүктелерін өзі табу қасиеті бар;
ә) биоэнергетикалық;
б) гуморалдық;
Биологиялық белсенді заттың болуы арқасында медициналық сүлік коагуляцияға қарсы, қан ұюына, жансыздандыру, қабынуға қарсы, ишемияға қарсы, иммунитет көтеруші, ісікті басу және бактерицидті әсері бар.
Медициналық сүлікті негізінен хирургиялық тәжірибеде, неврологияда, жүрек-қан тамыр ауруларында, офтальмалогияда, гинекологияда, урологияда, стоматологияда және оторинолоринкологияда кеңінен қолданады. Қазіргі кезде Ресей өңіріндегі гирудологияда жаңадан гирудофармакология дамып жатыр. 1994 жылдың желтоқсан айында Ресей федерациясының денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен медицинада және өнеркәсіпте қолдануға 1-рет шыққан дәрілік препарат — «Пиявит» шығарды. Ол медициналық сүліктің негізінен алынған, желатинді капсулада шығарылады (регистр. нөмері 94/302/6).
Бұл препараттың құрамында ешқандай химиялық қоспалары жоқ. Пиявитті қан ұюға, қабынуға қарсы және жоғарғы веналардың тромбофлебит ауруларына арнаған. Салмағы 2 г болатын аш сүлік 1 сағат ішінде 10-15 мл қанды сорып алады. Тоқ сүліктер осынша мөлшердегі қан арқылы бір жылдан екі жылға дейін өмір сүреді, сол себептен оны бір-ақ рет қолданады.
Белгілі Дуремар жасағандай сүліктерді су қоймалары мен көлшіктерден ауламай, дәріханадан сатып алу керек. Су қоймаларындағы сүліктер тойып алған, жалқау болады. Біздің дәуірімізге дейін XIV ғасырда медициналық сүліктерді аурулардың хал-жағдайларын жақсарту және сырқаттың алдын алу үшін қолданған. Гирудотерапияның тарихында шарықтау мен құлдырау кезеңдері болды. Бұл емдеу әдісінің гүлдену кезеңі XVIII — XIX ғасырлар. Мемлекеттік қазынаның маңызды табыс көзі бидаймен қоса, Ресейде сүлік экспорты негізгі рөл атқарды. Балға баратын сәнқой қыздар сүліктерді құлақтарының артына, беттерінде қызыл рең пайда болу үшін және көздерінің жанары жарқырап тұру үшін қойған. Соның нәтижесінде би таңға дейін жалғасып, шаршаусыз өткен.
Өткен ғасырдың басында сүліктер «дәріхананың қызыл бұрышын» иемденген. Бұл әдіс Францияда көбірек әйгілі болды: Наполеонның жазбасында белгілі болғандай, Венгриядан бір жыл ішінде 6 млн сүліктер оның армиясының жауынгерлерін емдеу үшін әкелініп отырған. Сүлік қою әдісін өте жақсы меңгерген орыс цирюльниктері (сақал алушылар), өз клиенттерінің құлақтарының артына екі сүлікті қоюмен емдеген.
Қырым соғысы кезінде және Кавказ экспедициясы кезінде Н.И. Пироговтың тәжірибе қарауларын жалпыландырғанда: «Мен 200-ге дейін сүлік қойдым. Маңызды емес ісіктері бар қарапайым сынықтарға да сүліктер қойылды». Әсер ету әдісі жайлы ғылыми мәліметтердің жоқтығына қарамай дәрігерлердің шамадан тыс сүліктерге қызығушылықпен қарауы, оларды қолданудағы көріністер мен санитарлы нормалар кейде гирудотерапияны дискредитациялады. XIX ғасырдың аяғында ғана сүліктердің терапиялық әсерлерінің механизміне алғаш рет шаралар жасала бастады.
Бұл білімдер үшін әлемдік ғылым біздің отандық оқымыстыларға міндетті. Олар алғашқы болып сүліктердің сілекей безінен бөлінетін секретті жинап, содан соң оның құрамы мен әсер ету бастамасының қасиетін зерттеді. 1884 жылы профессор К.Дьяковтің сүлік денесінен алынған гирудин экстракты организмге сүліктермен қан арқылы түсетін биологиялық белсенді заттарды зерттеуі соңғы мәлімет болып табылады. Осыған дейін сүлік «жаман қанды» copy арқылы емдеу жүреді деп есептеген. Шынында да, сүлік 3-тен 5-ке дейін 3 см қан сорады екен. Қан қысымы жоғарылағанда қан ағызу эффекті өте танымал және қажетті нәрсе болып есептеледі. Бірақ, ең маңыздысы, тәжірибеде көрсететіндей организм ұлпасы сіңіретін сүлік сілекейінің құрамы болып табылады. Сүліктің сілекейінің негізгі құрамы жалпы зерттелген болғанымен, бүгінгі таңда ол көп шешуді талап етеді.
Сүлік өндіретін бөлінді заттар өте күшті антимикробты қасиетке ие. Зерттеулер көрсеткендей ауру малдан сау малға сүліктерді ауыстырғанда алғашқы 5-15 минут аралығында жүғу жүреді. Егер сүлікті ауру малдан алғаннан кейін 20 минуттан соң сау малға ауыстырғанда вирусты В гепатиті де жұқпайды (вирусты В гепатиты қоршаған ортаға төзімді келеді).
Медициналық сүлік қанға өзінің физиологиялық белсенді заттары бар сілекейін шашып, ал оның баяу әсері патологиялық процестерді қалпына келтіреді. Оның биобелсенді заттары қабынуға қарсы әсер етеді, жергілікті майда қан тамырлардағы қан айналдыруды белсендендіреді, ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етуін жақсартады және қоректік заттармен қамтамасыз етеді, тромб жинақталуын тоқтатады және жаңа тромбтарды ерітеді. Оның клиникалық көрінуі жүрек ауруларының тез басылуы, ісіктің қайтуы бас миы мен басқа да органдардың қан айналуының бұзылуы қалпына келуімен сипатталады. Сүлікті фармацевтикалық мини-фабрика деп атауға негіз бар. Сүлік секретінің маңызды ферменті — гиалуронидаза, соның көмегімен секреттің құрамына кіретін барлық биологиялық белсенді заттар 10 см-дей тереңдеп, ұлпаларда организммен сіңіріледі. Осылайша, емдеу эффекті сорудың салдарынан емес, керісінше шашудың арқасында жүреді. Тағы қайдан осындай бір рет қолданылатын уникалды шприц табуға болады? (санитарлы нормаға сәйкес сүліктерді қолданған).
Гирудотерапия жиналмалы ақаулардың дамуына қолайлы адамдарға арналған. Гипертония, стенокардия, жүректің ишемиялық ауруында, инфаркт алды жағдай — бұл жүрек-тамыр патологиясының толық тізбегі таныстырмалары емес, сүліктің өздерін толық терапиялық эффективті зат ретінде қолдануда.
Сүліктер нерв ұлпасын трофикасын жақсартатыны анықталды. Оқымыстылар бұрын ойлағандай нерв клеткасы азырақ консервативті екен: оның регенирацияға қабілетсіз деген белгілі тұжырымдарға қарамастан, ол қайта қалпына келеді екен және өсе алады, сүліктің экстракты арқылы жүзеге асады.
Әрине, гирудотерапияны барлық аурулардың емі деп қарау қателік шығар, бірақ бұл емдеу әдісінен бас тарту санасыздық деп айтуға болады. Бүгінгі таңда гирудотерапия кейбіреулерге ескірген болып есептелінсе, ал біреулерге экзотикалық болып көрінеді. Біздің көбіміз медикаментозды дәрілерді қолдануға үйреніп қалғанымыз құпия емес. Емдеу курсын міндетті түрде емдеуші дәрігер-гирудотерапевт тағайындау керектігін айта кету керек. Бірнеше сеанстан соң емделуші жалпы көп жағдайда дәрігердің бақылауымен өзі ары қарай курсты жалғастыруына болады (әдетте, аптасына 2-3 рет).
Бірақ бұл бәрі емес. Сүліктердің қасиетін косметологтар да бағалады. Сүлік сілекейінің ерекше химиялық құрамының компоненттері терінің клеткасымен тез әрекеттесіп, нәтижесінде тері жақсарып, серпімді және әдемі болып көрінеді. Әрбір әйелдің арманындағыдай тері жұмсарып, тегістеліп және терінің түсі қызылданып тұрады.
Кішкентай емдеушілер қаншалықты болғанымен, өкінішке орай қолдануға қарсы көрсеткіш бар:
- гемофилия;
- ауыр анемия;
- жүктілік;
- антикоагулянттармен емдеу.
#Сүлік #салу #Гирудотерапия
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз