Судың қасиеттері балабақшадағы ашық сабақтар
Мотивациялық қозғаушы.
Ұйымдастыру.
Жұмбақтар.
Тақпақ.
Мақал-мәтел.
Тәжірибе жасау.
Сергіту сәті.
Қортынды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Меңгеруі керек:
Жасай білуі:
Шаттық шеңберге тұрғызу.
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күндік бастайық.
Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат қандай болады?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Ал өлі табиғатқа ше?
Қане, балалар, барлығымыз мына жұмбақты шешейік.
Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен.
Бұл не?
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бұл не?
Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетеріміз су туралы.
Су туралы кім не біледі?
Дұрыс.
Ал кім тақпақ біледі?
Ал кім мақал-мәтел біледі?
Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
I. Судың түсін ажырату,
Судын түсі қандай болады?
1. – тәжірибе.
1 — стаканда су – қасық салу. Көріне ме?
2 — стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?
II. Судың түсін өзгерту.
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады.
Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма?
III. Тәжірибе.
2 стакан, пішіндері әр түрлі.
Бұлардың ішінде су бар.
Судың пішіні қандай?
Тәрбиеші: Суды қандай ыдысқа құйсаң ыдыстың пішіні сондай болады.
Су – сұйық зат екен.
IV. Тәжірибе.
Енді стаканға құм салам. Ол да стаканың пішініндей. Сондай құм сұйық зат болғаны ма?
Осыны тексеріп көз жеткізейік.
Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті.
Яғни су – сұйық зат.
Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды.
Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен.
Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен.
Құм – сусымалы зат.
Су – сұйық зат.
V. Тәжірибе.
Мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.
Мұзды алақанға салып ерту.
Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ бу шығады.
Су қайнағанда бу тамшыларына айналады.
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз сая бақ.
Біз бүгін не істедік?
Нелерге?
Судың сұйық зат екенін білу.
Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын менгерту.
Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Бізді қоршаған орта.
Тірі және өлі.
Жануарлар, гүлдер, ағаштар.
Қар, су, тас, жаңбыр, күн.
Су.
Жаңбыр.
Сумен жуынады,
Гүл суарады, малдар су ішеді.
Сылдыр, сылдр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Судың да сұрауы бар.
Су — тіршілік көзі.
Сусыз өмір жоқ.
Су — тазалықтың досы.
Суға түкірме.
Суды ластама.
Көрінеді.
Көрінбейді.
Болады.
Стаканның пішіндей.
Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.