Судың емдік қасиеттері, сұрау есімдігі

0
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Судың емдік қасиеттері. Сұрау есімдігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой — өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. 5 мақал – мәтел, 5 жұмбақ

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Сөздікпен танысу:
Әдіс – тәсіл – метод аш қарын – на голодный желудок
Үстіңгі қабатын – верхний слой
А) сөздерді дұрыс айту;
Ә) сөз тіркестерін құрап айту
3. Мәтінді оқу, түсіну. Орыс тіліне аудару.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс — тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды.
Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат. Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
3. Қандай, кімнің, қалай, қашан, не істейді сұрау есімдіктерін пайдаланып, мәтінге сұрақтар дайындаңдар.
4. Тірек сөздерді (дәрігер, емдік, су, адам ағзасы) пайдалана отырып, сөйлемдер құрап жазу.

IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Жазылым — Қандай, кімнің, қалай, қашан, не істейді сұрау есімдіктерін пайдаланып, мәтінге сұрақтар дайындаңдар.
2. Тірек сөздерді (дәрігер, емдік, су, адам ағзасы) пайдалана отырып, сөйлемдер құрап жазу.
V. Сабақты қорыту: Пысықтау сұрақтарына жауап беру:
Судың қандай емдік қасиеті бар?
Қай кезде ауыр металдар үстіне көтеріледі?
Күніне неше литр су ішу керек?

VI. Үй тапсырмасын беру: судың емдік қасиеттерін ата — аналарынан сұрап жазып келу.
VII. Бағалау.
Рефлексия — Т кестесі
Судың емдік қасиеттері. Сұрау есімдігі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/