Субъективтік идеализм — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында Германия Англия мен Францияға қарағанда мешеу қалған ел болды. Ол 300-дей ергежейлі мемлекетке болысып кеткен, алпауыттық тәртіп мықтап орнаған, шіркеу үстемдігі бет қаратпайтын, қалыптаса бастаған бюргерлік тап әрі жалтақ, әрі ымырашылдыққа даяр тұратын жағдайда өмір сүріп жатқан ел болатын.
Әр ергежейлі мемлекеттің басында шексіз билікке ие шонжар отырды, қол астындағы бұқараны аяусыз қанаған ол, өз нәпақасын әрине, ешкімге бермес еді. 30(кедей мемлекеттің өз шекарасы, әскері, салық жүйелері болды. Капитал үшін басты кедергілер осы шекаралар тұйықтығы, мешеулік пен алауыздық еді. Германия мұхиттан едәуір алыс орналасқандықтан әлемдік сауда ісінен шет қалды, ал Европадағы көптеген соғыстарға амалсыз қатысқандықтан оның шаруасы күйзеліп, құлдырауға айналған еді.
Ф.Энгельс өзінің «Германиядағы жағдай» деген еңбегінде айылымды кезеңдегі ахуалды өте дәл бере алған. Бұл кезде, — дейді ол, жер өңдеу ісі мардымсыз дәрежеге жетті. Шаруасы күйзелген, әрі аяусыз езгіге түскен еңбекші бұқара қатты кедейленді себебі, күйзелген шаруашылықтан түсетін түсім де аз болмақ. Ал шонжарлардың кірісі шығынын өтей алмай жатты. Барлығы да іргесі сөгіліп құлауға айналған қоғамның бейшаралық жағдайында өмір Сүрсе де ұлттың, тіпті, мекемелердің іріп-шіри бастаған мүрдесін алып тастауға да шамасы келмеді, дейді Энгельс.
Француз буржуазиялық революциясы Германияға найзағайдай өсер етті. Алайда, немістер басқа халықтардың іс жүзінде жүзеге асырып жатқан нәрселерін, ой жүзінде іске асыруды армандады. Неміс философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой жүзіндегі жалғасы, дейді Маркс. Бұл туралы ф.Энгельс одан әрі тереңдей түсті: «XVIII ғасырда Францияда болған сияқты, XIX ғасырда Германияда саяси төңкерістің алдынан философиялық революция болды. Бірақ бұл философиялық революциялар бір-біріне қаншалықты ұқсамайды десеңізші! Француздар бүкіл ресми ғылыммен, шіркеумен, екінің бірінде мемлекетпен де ашық күрес жүргізеді; олардың шығармалары шекарадан арғы жақта, Голландияда немесе Англияда басылып шығады, ал олардың өздері көбінесе Бастилияға түсіп қала жаздап жүрді. Оның керісінше, немістер — профессорлар… Міне осы профессорлардың тасасында, олардың педанттық күңгірт сөздерінде, қолайсыз іш пыстырарлық ұзын күрделі сөйлемдерінде бүркемеленген революция болды ма?»‘. Болды әрине, бірақ оның күрделі философиялық астардан сөгіп алу қиын шаруа еді. Сондықтан да, тіпті билеушілердің өздері Канттың, Гегельдің философияларын ресми мемлекеттік дәрежеге көтеріп, мектептерде оқытатын пән ретінде дәріптесе, онда бұл олардың аталмыш философиялық ілімдерінің революциялық рухын ешқандай аңғарлағандығының айғағы емес пе?
Осындай ерекше философиялық төңкерістің бастауы болған Иммануил Кант (1724-1804) Кенигсберг қаласында қолөнершілердің шаңырағында дүниеге кешенді. Ол бүкіл ғұмырын ешқайда шықпай, осы Кенигеберг қаласында өткізген екен. Университетте дәріс алып, оны тәмамдаған соң Кант сонда доцент, профессор, кейін ректор болады. Оның педанттығы соншалықты, Кенигсберг тұрғындары Канттың сейіл құратын уақыттары бойынша сағаттарын жөндейді екен. Кант жан-жақты терең білімді ғұлама болған адам. Ол университетте философия, логикамен қатар жаратылыстану ғылымдарының көптеген салаларынан лекция оқыған екен.
Канттың шығармашылық қызметі негізінен екі кезеңге бөлінеді: 1) Сыни кезеңге дейінгі; 2) Сыни кезең. Сыни кезеңге дейінгі аралықта (шамамен 1770 жылға дейін) Кант негізінен жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданды. Бұл кезде жазылған еңбектері бей реттілік материалистік және диалектикалық сипатта болды. Мысалы, оның ғарыш туралы ілімі өз заманында ірі ғылыми жаңалық болды. Аспан денелерінің шығу тегін Кант табиғи заңдылықтар арқылы түсіндіріп, Күн жүйесінің пайда болуы туралы тамаша болжам айтты. Галактикада басқа да дүниелердің бар екендігін, олардың үздіксіз пайда болып, жойылып жататындығын да сұңғылалықпен көре білген Канттың тұжырымдарын жаратылыстану ғылымдарының кейінгі дәуірлерде қол жеткен табыстары айқын дәлелдеп берді. Оның осы тақылеттес диалектикалық ойлары метафизикалық тәсілге алғаш рет ойсырата соққы берген-ді. Бұл туралы Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» деген еңбегінің кіріспесінде былай дейді: «Табиғат жөніндегі осы қатып — семірген көзқарасты (метафизикалық, авт.) бірінші болып опырған жаратылыс зерттеушісі емес, философ еді. 1755 жылы Канттың «Жалпыға бірдей жаратылыс тарихы және аспан теориясы» шықты. Түңғыш түрткі туралы мәселе жойылды, Жер мен Күн жүйесі уақыт ішінде қалыптасқан нәрсе деп анықталды»
1770—1780 жылдары француз материализміне қарсы бағытталған сыни кезеңінде Кант өзінің алғашқы материалистік сарынынан бойын аулақ салып, идеализмге бой ұрғанды. Бұл орайдағы Канттың бастау алған ілімдері Юмның агностицизм не Лейбництің идеалистік диалектикасы болатын. Канттың философиялық жүйесі, негізінен оның үш еңбегінде көрініс береді. Олар — «Таза ақылды сынау» (1788) атты еңбегінде оның ар ілімі көрініс табады. «Пікірлесу қабілетін сынау» (1790) деген шығармасында эстетикалық мәселелер көтерілген және табиғаттағы мақсаттылық туралы тұжырымдар орын алған. Кант өз философиялық жүйесін үш бөлімнен тұрады деп есептейді. Олар адам психикасының үш қабілетіне сәйкес келмек: 1) танымдық; 2) талғампаздық («қанағат сезімі»); 3) еріктілік («көңіл қалауы»). Нәтижесінде Канттың философиялық жүйесінің схема түріндегі көрінісі төмендегідей қалыпқа түскен:
Жан Танымдық Априорлық Қолдану
қабілеті қабілеті қабілеті салалары
Танымдық
қабілет Парасат Заңдылық Табиғат
Қанағат сезімі
Қанағатсыздық Пікірлесу
сезімі қабілеті Мақсаттылық Көркемөнер
Көңіл қалауы Ақыл Түпкі мақсат Бостандық
Канттың пікірінше, ол ескі қатып-семіп қалған материалистік көзқарасты да, Лейбництің идеализмін де өзінің философиялық жүйесінде теріске шығарып, жаңа бағыт қалыптастырдым деп ойлады. Ал шын мәнісінде Кант ескі метафизикалық ойлау тәсілін, идеализмнің негізгі кемшіліктерін түпкілікті жеңе алған жоқ. Керісінше, «Кант философиясының негізгі белгісі материализмді идеализммен табыстыру, бұл екеуін бір-бірімен келістіру, философиядағы қарама-қарсы әр текті бағыттарды бір жүйеге біріктіріп, ұштастыру» болды.
Кант философиясының жарты кештігі неміс бюргерінің жалтақтығымен де тығыз баланысты. Канттың өзі мойындағандай, ол дінге орын қалдыру үшін ғылымның ауқымын тарылтқан. «Сыни» идеализмнің өзекті мәселесі мынада: танып-білуге кірісудің алдында танымның не екенін, таным құралдарын зерттеуіміз қажет. Шын мәнісінде мәселені осы тұрғыдан қою бәлендей жаңсақтық та емес, қайта философияның негізгі мақсаттарының бірі де осы мәселені шешу. Алайда, Кант танымдық қабілетті танымның өзінен тыс қарастыра бастағанда, танымның тарихымен, оның практикалық мәнімен ешқандай байланыстырмай жасанды жолмен кеткендіктен де Гегельдің уытты сынына ұшыраған. Гегель таным құралын танымның өзінен тыс зерттеуге болмайды, — дейді. Таным құралын зерттеу керек дегеннің өзі — танымдық нәтиже. Гегель сондықтан да Канттың әрекетін суға жүзуді суға түспей-ақ үйренуге талпынған әңгүдіктің әрекетімен салыстырады.
Танымдық қабілеттер Кантқа әуел бастан бар (априори) еш өзгермейтін мәңгілік мәндер сияқтанып көрінді.
Бұл тұжырымды жақсы түсіну үшін оның болмыс туралы ілімін қарастырайық. Кант адамдар санасынан тыс өмір сүретін «Өзіндік затты» (ноумен) мойындайды. Бұл оның философиясындағы материалисті сарын. Алайда, әрі қарай Кант былай дейді: Біздер «өзіндік заттың» не екенін еш уақытта біле алмаймыз. Себебі ол біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп түйсіктер, құбылыстар туғызғанымен, өзі мәренің ар жағына қалып қояды, ал біз болсақ, оның бізге тигізген әсерінен қалыптасатын құбылыстар әлемін ғана танып-біле аламыз. Демек «өзіндік заттар» о дүниелік те, құбылыстар бұл дүниелік адамдар табиғатына төн нәрселердің әлемі. Табиғат, жер, су, тау-тас, олардың даму заңдары — барлығы құбылыстар әлемі, олар «өзіндік заттың» біздің сезім мүшелерімізге тигізген әсерінің негізінде қалыптасқанмен, «өзіндік затқа» мүлдем ұқсамайды. Адамның танымдық қабілеттері, демек, табиғаттың өмір сүруінің алғышарттары екен. Сөйтіп, Кант материалистік бейнелеу теориясын жоққа шығарады. Сана объективті шындықты емес, өзінің туындысы — құбылыстар әлемін ғана бейнелей алады. Таным объектілері — танымдық қабілеттердің туындысы. Сондықтан да танымдық қабілеттерден тыс нәрселер біздерге еш уақытта танымал болмақ емес.
Қорыта айтқанда, Кант түйсіктерді білімнің көзі деп жариялағанымен, оларды адамдардың танымдық қабілеттері мен о дүниелік «өзіндік заттардың» арақатынасынан пайда болған құбылыстар ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз нағыз субъективтік идеализм, Юмның агностицизмінің жалғасы.
Танымдық қабілеттерді зерттеу барысында Кант білімнің екі түрін — ғылыми және жетілмеген, шектелген түрін бір-біріне қарсы қояды. Ақиқатқа негізделген білім айқындылығымен, жалпыға бірдейлігімен, қажеттілігімен ерекшеленеді. Бұл талаптарға математиканың ережелері сай келеді. Мысалы, «үшбұрыштың қосындысы екі тік бұрыштың қосындысына тең» деген ереже еш дәлелдеуді қажет етпейді. Ол — жалпыға бірдей ақиқат. Неліктен бұлай? Өйткені, — дейді Кант, — математикалық қағидалардың априорлық (әуелден, адамдарға дейін бар) сипатта екендігінен. Олар тәжірибеден келіп шықпайды, ақыл-ойға әлмисақтың тән және өз кезегінде тәжірибелік таным үшін алғышарт болып табылады. Демек, Кант априорлылығының шығу төркіні — абсолюттік және салыстырмалы білімдерді бір-бірінен сыңаржақты лықпен ажыратып тастау. Ол математикалық ережелердің де өмір тәжірибесінен найда болғанын білмеді, оған таным тарихынан хабардар болмағандығы кедергі жасады.
Таным Канттың пікірінше үш сатыдан өтеді. Біріншісі — сезімдік түйсіну, екіншісі — сараптаушы парасат, үшіншісі — ең жоғарғы сатысы — ақыл. Сезімдік түйсіну — барлық сезімдік қағидаларды зерттейтін эстетиканың пәні. Танымның біріншісі сатысын зерделей отырып, Кант кеңістік пен уақыттың субъективтік — идеалистік теориясын тұжырымдайды. Қарапайым адамдар заттар мен құбылыстар кеңістік пен уақытта өмір сүреді, әрі олар — адам санасынан тыс және тәуелсіз деп ойлайды, ал материализм кеңістік пен уақыты материяның өмір сүру формалары деп анықтайды. Бұлардың бәрі бекер, түсінбеушіліктен туған пікірлер, дейді Кант. Шын мәнісінде кеңістік пен уақыт априорлық ұғымдар, таным иесінің (субъектің) сезімдік түйсіну қабілеттілігінің формалары. Демек, кеңістік пен уақыт априорлық ұғымдар ретінде сезімдік тәжірибенің алғышарты болып табылады. Бұл дегеніміз кеңістік пен уақыттың объективтік сипатын жоққа шығару, оларды субъективтік — идеалистік тұрғыдан пайымдау.
Кант логика туралы соны пікір айтқан ғұлама. Ол логиканы екі түрге бөлінеді: 1) қарапайым (формальды) логика, ол ғылыми танымның алғышарты, себебі ұғымдардың қарапайым формаларын ғана зерттейді, 2) жоғары (трансцендентальды) формасы. Бұл логика парасат пен ақылға тән жалпыға бірдей және қажетті априорлық формаларды зерттейді. Бұл орайда Кант кейбір диалектикалық ойлар айтқан, оларды кейіннен Фихге мен Шеллинг әрі қарай дамытуға тырысты. Сонымен, Кант логиканың жоғарғы формасын (трансцендентальды логиканы) тағы екіге бөледі. 1) трансцендентальды сараптама, 2) трансцендентальды диалектика. Біріншісі — парасат туралы ілім. Ал парасатты Кант танымның екінші сатысына жатқызғаны белгілі. Танымның бірінші сатысында (сезімдік түйсіну) біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттың» әсер етуінің нәтижесінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсіну қабілеттілігінің априорлық формалары _ кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келтіріледі. Мұның бәрі — танымның алғашқы сатысы. Танымның екінші сатысы парасат арқылы етеді, онда белгілі бір жүйеге келтірілген түйсіктер жиынтығы ойша қорытылып, сарапқа түседі. Логиканың қарапайым түрі Трансцендентальды сараптаманың бұл орайда атқаратын қызметі ерекше.
Адамзат танымының біз мүлдем білмейтін, бірақ ортақ тамырдан өрбуі мүмкін бұтағы болады, — дейді Кант. Олар — сезімдік түйсіну мен парасат. Біріншісі арқылы біздер құбылыстарға ие боламыз, екіншісі арқылы оларды сараптаймыз. Парасаттық сараптама үшін Кант белгілі бір түпнегіздік ұғымдар қажет болады дейді. Танымдық материалды жүйелеп, тұжырымдар жасауға ыңғайлайтын осындай ұғымдар категориялар деп аталады. Оларға себептілік, қажеттілік, сапа, сан, т.б. жатады. Категориялар априорлық сипатта болады, оларсыз жаратылыстану ғылымдарының болуы мүмкін емес. Канттың философия ғылымына қосқан елеулі үлестерінің бірі — категориялар жүйесін жасақтауға талпынуы. Алайда, парасат категориялары априорлық сипатта деп жарияланғандықтан және олар практикада қолданудан, әрі таным тарихынан тыс қарастырылғандықтан, бұл талпыныстың ғылыми маңызы шамалы болды.
Әрі қарай Кант сезімдік таным жалпы білімнің көзі болатын болса, парасаттық пайымдау жалпы білімнің көзі деп жариялайды да, эмпиризм мен рационализмді бір оқпен жайраттым деп ойлайды. Бірақ ол шын мәнісінде оларға тән белгілерді механикалық тұрғыдан өзара келеңсіз түрде байланыстыра салған еді.
Танымның үшінші сатысына Канттың ұйғаруынша таза ақыл-ой жатады Парасатты сараптау мен ақыл-ой ара-жігін ажыратып қарастыратын Кант метафизикалық және диалектикалық ойлау тәсілдерінің айырмашылығын болжай алғанды. Ақыл-ой туралы ілім — трансцендентальды диалектиканың үлесі деп ол бекер айтпаған.
Ақыл-ой құбылыстар әлемімен шектеліп қана қоймай, оның әр жағында не бар екендігін танып-білуге ұмтылады да, еш уақытта шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады. Олар негізінен үш салада — космологияда, психологияда, теологияда кездеседі. Айталық, космологиядан Казіргі төрт негізгі сұрақтарды бөліп алады: 1) әлем шектеулі ме, әлде шексіз бе? 2) күрделі түпнегіз оның құрамына енетін бөлшектердің жиынтығына тең бе, әлде керісінше ме? 3) әлемде тек қана қажеттілік үстемдік ете ме, немесе еріктіліктің де болуы мүмкін бе? 4) әлемнің себебі, немесе бөлігі ретіндегі жаратылыстан тыс күш иесі бар ма, әлде жоқ па?
Бұлардың барлығын логикалық дәйектілікпен дәлелдеуге болады, немесе жоққа шығаруға болады. Бірақ та бір пікір бір уақытта оң немесе теріс мағынаға ие болатын болса, ол ойлау қағидасына қайшы келеді. Сондықтан да Кант антиномияларды шешілмейтін қайшылық түйіндері деп атаған.
Канттың антиномиялар туралы ілімінде елеулі диалектикалық ойлар айтылған. Кейінгі диалектикалық ойлау жүйесінің дамуына осынысымен — ақ зор ықпал жасады десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, Кант ұғымдар жүйесінде шын мәнінде орын алатын қайшылықтарды аңғара білді, олардың шешілуін мәселе етіп қойды, бірақ та одан әрі тереңдеп бара алмады. Мысалы, қарама-қарсы ұғымдардың бір-біріне ауысып кете алатындығын көрмеді. Оның ойынша антиномиялардың шешілмейтін сипаты ақыл-ойдың қауқарсыздығын, әлемді өз күйінде танып — білуге құнарсыздығын дәлелдейді-міс.
Өзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «…құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», — деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендігін «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындыру үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар — ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарына сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) өлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дерексізденген парыз ұғымы -Канттың ар ілімінің ішкі өзегі. Әрекет бостандығы дегеніңіз оған мүлдем қарама-қайшы ұғым. Адамдардың шынайы іс-әрекетінен тыс, жасанды жолмен туындаған мұндай ар ілімі кезінде замандастарының сынағына да ұшыраған еді. Соның ішінде Шиллердің пікірі ерекше көзге түседі. Ол Кант ілімінің қисынсыз, сырдаң екендігін өткір өлеңдермен әжуа еткен болатын. Кант езілген таптың өз бақытын о дүниеден табатынын ғылыми негізде дәлелдемек болған еді. Ол үшін бұл дүниеде парызыңды орындап, ешкімнің бетіне жел боп тимесең болғаны, қандай зорлық-зомбылық көрсең де, іштен танып, орнаған тәртіпті бұзбауың керек.
Эстетика және көркемөнер философиясы Кант дүниетанымының шыңы есепті. Ол бұрыш ара-жіктері ажырап кеткен сананың салаларын байланыстыруға арналды. Көркемдік — Кант эстетикасының негізгі ұғымы. Алайда, Кант айнала қоршаған шындықтың көркемдігін сөз етпекші емес, оның барлық зейіні эстетикалық талғамға ауған. Мұның мәнісі негізінен көркемдік туралы субъективтік пікірлер жүйесіне келіп саяды. Пікірлесудің эстетикалық қабілеттілігін сынау Канттың ойынша екіге бөлінеді. 1) сараптау (аналитика), 2) диалектика. Сараптау өз кезегінде үшке бөлінеді: а) көркемдік сипаттау; ә) көңіл көтеріңкілігін сараптау; б) эстетикалық пікірлер тұжырымдары. Көркемдік Канттың категориялар жүйесіндегі сапа, сан, қатынас және моральность арқылы сарапталады. Сапа тұрғысынан талғамдық пікір енжарлық сипатта болады. Бір нәрсенің көркем немесе көркем еместігін сыртқы заттар туралы біздің ойымызды сол заттардың әзімен салыстырмаймыз, керісінше, адамның өзімен, қанағат (немесе қанағатсыздық) сезімімен салыстырамыз. Бұл орайда парасатпен байланысты қиялдаудың да жәрдемі тиюі керек. Талғамдық пікірді Кант адамдардың қажеттіліктерімен, көңіл-күйлерімен тіпті де байланыстырмайды. Көркемдік, өйткені ешқандай мүддесіз — ақ ұнауы тиіс. Ал сан категориясы тұрғысынан, көркемдік барлық адамдарға бірдей ұнауы тиіс. Ал қатынас категориясы тұрғысынан алғанда эстетикалық пікір дегеніміз мақсаттылық туралы мақсатсыз пікір. Өйткені, мақсаттылық эстетикалық емес, мақсаттылығының пікірге тән. Ақыр аяғында, моральность категориясының тұрғысынан алып қарағанда, барлық адамдарға ешбір ұғынықты лықсыз — ақ ұнайтын нәрселердің бәрі — көркемдік. Қорыта айтқанда, көркемдік дегеніміз өзінің пошымы арқылы ғана ұнайтын, ешбір мақсатсыз, мүддесіз қажеттілік арқылы ұнайтын нәрсе. Міне, осындай қиын да күрделі Кант эстетикасының тұжырымдары XVIII ғасырлық француз материалисттерінің көркемөнер туралы түсініктеріне қарсы бағытталған еді. Олардың шынайылыққа негізделген көркемдік талғам теориясынан Кант идеалистік, мазмұннан мақрұм, тек сыңаржақты түрлерге құрылған эстетикалық ілімін қарсы қойды. Көтеріңкі көңіл-күйін талдауда да Кант жоғарыда көрсетілген қағидаларға сүйенді. Оның екі түрін белгілеген Кант, біріншісін математикалық — асқақтық, екіншісін — диалектикалық асқақтық деп атаған. Ал олардың негіздерін Кант объективтік шындықтан емес, адамзаттың рухынан іздейді. Табиғат құбылыстарының заңғар сипаты адамзат рухының асқақтылық сезінуге тек дәнекер бола алады. Бұл орайда Кант көмескі, идеалистік тұрғыдан эстетикалық пікірлердегі объективтік және субъективтік жақтарын бір тұтастыққа біріктіруге ұмтылды. Кант эстетикасында ұлылық туралы ұғым келеңсіз түрде ғылыми таным мен көркем шығармашылықты қарама — қарсы қоюға негіз болды. Канттың пікірінше ғұлама өте күшті дарын иесі болуы мүмкін және оның шығармалары адамдар қарасатына түсінікті болады, ал ұлылық тек көркемөнер шығармашылығында ғана кездеседі, және көбінесе қарапайым халыққа түсініксіз болады. Көркемөнер дегеніміз ұлылықтың шығармашылық нәтижесі, табиғат пен ар-ождан мәселелерін ымырашылдыққа жетелеуі, қажеттілік пен еркіндіктің арасындағы алшақтықты жоюшы ұлы адамның іс-әрекеті.
Кант эстетикасы оның таным теориясы мен ар ілімі сияқты екіұдай сипатты және қайшылыққа толы. Өйткені, ол бір жағынан, көркемдікті мазмұннан, мақсат — мүддеден бөліп алып, тек формалар шеңберінде ғана қарастырған болса, екінші жағынан, көркемөнерлік шығармашылықта адам белсенділігі мен еріктілігін мәселе етіп қояды. Ұлы суреткердің іс-әрекетінен ол табиғи қажеттілік пен адамдық еріктіліктің ең жоғары сатыдағы одағын көреді.
Кант эстетикасы сыңар жақтығына қарамастан көркемөнер теориясындағы соны жаңалық болды, себебі ол дәстүрлі табиғатқа еліктеу теориясына қарсы шықты, идеалистік тұрғыдан болса да, көркемөнер шығармашылығының тереңіне бойлауға талпынып, біршама диалектикалық ойлар айтты. Бірақ, бұл ізденулерден жасалған жалпы қорытындыларының маңызы тым жадағай әрі келеңсіз сипатта болды. Мысалы, ол ақыр — аяғында «дүниежүзілік сәйкестік (тармония) жаратылыстан тыс күш иесінің ақыл-ой жемісі» дегенге дейін барған-ды.
Канттың әлеуметтік-саяси көзқарастары өзінің екі ұдайылығымен және ымырашылдығымен ерекшеленеді. Мұнда жалтақ неміс бюргерінің алпауыттарға қарсы күрессем деген арманы ғана бар. Өйткені, ол буржуазиялық төңкерісті армандағанымен, іс жүзіндегі күрестен қорқады және алпауыттармен әр уақытта ауыз жаласып кетуге дайын тұрады. Сондықтан да Кант өкімет тарапынан соны өзгерістердің қолға алынуын тіледі.
Қорыта айтқанда, Кантты сол жақтан да оң жақтан да қатты сынға алған кейінгі ізбасарларының кейбіреуі оны идеалистік жарты кештігі үшін сөкті, жөне оның ілімін Юм философиясымен ұштастырғысы келді (жаңа Кантшылар). Ал басқалары, мысалы, Фейербах, Кантты материалистік сарынды аяғына дейін апармай, агностицизм мен субъективтік идеализмге бой ұрғандығы үшін сынады. Бірақ бұл сындар сыңаржақты сипатта болды да, Канттың философия тарихындағы шынайы рөлін айқын әрі жан-жақты көрсете алмады.
Иогани Готлиб Фихте (1762—1814) Канттың сана белсенділігі туралы ілімін ілгері дамыгуға күш салды. Ол Кант ілімін «Гегель үшін адам қынжыларлық келеңсіздіктен» — «өзіндік заттан» тазартты. Фихте таза субъективтік идеализмнің өкілі еді. Ол дүниенің түпнегізі етіп субъекті немесе «Мәнді» таңдады. Фихте Кант қойған қайшылықтар туралы мәселеге жаңаша қарады. Егер Кант үшін қайшылықтар ақиқатқа ұмтылған ақыл-ой үшін аттап өте алмас кедергі болса, онда Фихте үшін олар — дамудың, әрекеттің көзі.
Фихте Фихтенің «Мені» өзінің қарама-қарсылығына, «Мен емеске» айналады, содан кейін олар бір тұтастыққа бірігеді. Бұл жерде Фихтенің диалектикалық топшылауы айқын көрінеді. Өкінішке орай, Фихгенің «Мәнін» өз замандастары түсінбеді. Бұхара «Мәнді» Иоган Готлиб Фихгенің өз басы деп қабылдады және «Мен» басқа «Мәндерді» жоққа шығармақшы. «Қандай ұятсыздық!» — деп қапа болды құрметті замандастары. Біз одан әлде қайда жуан болсақ та, кей біреуіміздің тіпті, бургомистр ек ендігімізге қарамай көзіне ілгісі келмегені ме?» Ал әйелдер жағы «Осы Фихте өз әйелінің де өмірде бар екендігіне күмәндана ма екен? Онда адам Фихте қалай ғана қорлыққа шыдап жүр екен?» — деп сыбырласты. Бұл келтіріп отырғанымыз — атақты Гейненің Фихтеге деген тоғышарлардың қатынасы көрсететін өткір әжуа мысқылы. Ал, шын мәнісінде Фихтенің «Мені» ешқандай да адамның жеке басы емес, керісінше, жалпы әлемдік «Мен». Алайда, бұл жәйт Фихте философиясының субъективтік сипатта болуына ешқандай да кедергі келтірмейді.
Өйткені әлемнің түпнегізі — субъект, «Мен». Әрі Фихте ой мен болмыстың астасуы туралы айтқан кезде де жетекші рөл атқаратын «Мен» немесе «субъект»
Субъект — тезис, оның қарама-қарсы жағы — антитезис, (табиғатты астарлап айтқаны) олардың қарама-қарсылығы син тезисте, яғни әлемдік «Мен» де жойылады. Фихте бұл орайда терістеу қағидасын қолданып отыр. Кейіннен Фихтенің бұл тәсілін Гегель оз философиялық жүйесін құрған кезде пайдаланады. Фихте философиясының қысқаша мәні мынаған келіп саяды: бүкіл әлем — ой тербейтін «Мен» өз санасының жай-күйін, өз санасынан туындайтын түйсіктерді танып-білуге ұмтылады.
Фихтенің ілімін көзқарақты дәрежеде елестету үшін өрмекшінің іс-әрекетін мысалға келтіруге болады. Субъект («Мен») немесе адам өрмегін ішінен шығаратын жіптерден тоқитын өрмекші сияқты өз санасының арқасында сыртқы дүниені пайда қылып, әрі өзі сол әрекетінің жемісін танып-білуге ұмтылады-мыс.
Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!