Су толқындары слайд,презентация
Су толқындары слайд,презентация
Толысу мен қайту құбылыстары. Теңіз жағалауларында су деңгейінің тәулік ішінде көтеріліп және төмен түсіп тұратындығы байқалады. Әдетте теңіз деңгейі тәулік бойына екі рет көтеріліп, екі рет төмен түседі. Теңіз деңгейінің осындай тұрақты қайталанып көтеріліп, төмен түсуін толысу және қайту дейді. Жердің Айға қараған жағында тарту күші басым болғандықтан, осы жағында мұхит беті көтеріледі, судың толысу құбылысы жүреді. Жердің екінші жағында Айдың өзіне тарту күші әлсіздеу, сондықтан кері бағытта екінші толысу туғызады. Ал осы екі толысу арасынан қайту құбылысы орын алады.