Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі
Колледж жағдайында студенттердің зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Нормативтік сілтемелер
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012ж. http:www.akorda.kz
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Орталық Қазақстан, 27 желтоқсан, 2003 ж. — Б. 3-5.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Орталық Қазақстан, 1 ақпан, 2010. — 7 б.
4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Орталық Қазақстан, 27 желтоқсан, 2003. — 4 б.
5. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. — Алматы, 2010. 6 б.
6. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http:www.kau.kz
7. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 5-бабы 25 — тармақшасы http:adilet.zan.kz
8. ҚР Еңбек кодексі 15 мамыр 2007ж http:adilet.zan.kz
9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар http:www.akorda.kz
Қысқартулар
СҒЗЖ — студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары
ЖОО — жоғары оқу орны
ТҚК — техникалық қызмет көрсету
ОЖ — оқу жоспары
ТОЖ — типтік оқу жоспары
Мазмұны
Кіріспе
11
1 Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
12
1.1 Зерттеу туралы ұғым
12
1.2 Құзыреттілік, оның түрлері
19
1.3Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолодары
24
2 Студенттердің зерттеушілік құзыреттілгін қалыптастырудың әдістемесі
30
2.1 Техникалық колледждердің оқу-әдістемесін ұйымдастыру бағыттары
30
2.2 Оқу жоспарына сипаттама
32
0.3 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
33
2.4 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету пәні бойынша сабақ дайындамалары
35
2 Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру бойынш стенд жасау жолдары мен технологиясы
51
3.1 Оқу-тәрбие процесінде қолданылатын көрнекілік құралдар
51
3.2 Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру стенд әзірлеу
57
3 Еңбек қорғау
62
3.1 Қауіпті және зиянды факторларды саралау
62
4.2 Шаң тозаңның шығу жолдары және онымен күресу
66
4.3 Шаң тозаңды есептеу
68
4.4 Өрт қауіпсіздігі
72
Қорытынды
75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
76
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, — деп атап көрсетті. Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні құзыреттілік ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда [1].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары айтылған, онда білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген [2].
Студенттердің құзыреттілік деңгейін көтеру мәселелері Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Т.А. Гудкова, Л.Н. Паламарчук, М. Жадрина, Т.А. Степанов, К.Г. Митрофанов, В. Шепель, И.А. Зимняя, Б. Кенжебеков, Г. Ниязова, К.М. Арапова, Б.Т. Барсай және т.б. еңбектерінде жан-жақты талқыланған.
Құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік туралы Б.Т. Кенжебеков, Г.Ж. Меңлибекова, А. Дорофеев, А.Б. Ежова, А.В. Райцев, Б.Б. Кенджаева, М.Ж. Жадрина, Г. Қасымова, Р. Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырады.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігі олардың болашақ маман ретінде кәсіби даярлығының құрамдас бөлігі болатындығын Б.А. Оспанова, Б.Д. Сыдыков, И.Б. Сихимбаев, Б.Т. Кенжебеков, С.Т. Жарбулова, Б.А. Тойлыбаев, Ш. Таубаева және т.б. кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша еңбектерінде қарастырған.
Жоғары оқу орнында студенттің болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуын зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз арта түсуде, бұл мәселе студенттердің зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Студенттің өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және зерттеушілік құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтар дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Колледж жағдайында студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды
Дипломдық жұмыстың мақсаты: студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың нысаны: колледждің оқу процесі.
Дипломдық жұмыс пәні: студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны мен мәні.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: егер, колледж жағдайында студенттердің зертеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын саралап, педагогикалық үдерісте студенттердің белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, онда студенттердің зерттеушілік құзыреттіліктері қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1) студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін ашу;
2) зерттеу ұғымын талдау;
3) құзыреттілік және оның түрлерін талдау;
4) студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын айқындау;
5) студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін талдау;
6) техникалық колледждердің оқу процесіндегі әдістемесін ұйымдастыру бағыттарына талдау жасау;
7) автокөлікті жөндеу пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары негізінде сабақ дайындамаларын жасау.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:
oo зерттеу мен құзыреттілік ұғымдарына контент — талдау жасалды;
oo талдау негізінде құзыреттілік ұғымына анықтама берілді;
oo студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары анықталды;
oo сабақ дайындамалары жасалды;
oo Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру тақырыбы бойынша стенд әзірленді.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, осы мәселе бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады; ұсынылып отырған сабақ дайындамалары мен стендті жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімінен, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Зерттеу туралы ұғым
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, — деп атап көрсетті [1].
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.
Зерттеу әдістері — обьективті шындықты көріп, танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г. Песталоцци, А. Дистервег, К.Д. Ушинский, А.Н. Толстой, П.П. Бионский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В. Лай және Э. Мейман, С. Холл, Э. Торндайх болды [3].
Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады. Кіріспе зерттеудің маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.
Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:
зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;
сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;
зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;
зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.
Зерттеудің құрылымына тоқтала кететін болсақ:
Зерттеу нысаны — мәселелік жағдаят туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.
Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.
Зерттеудің мақсаты — зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.
Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:
кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз анық зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;
құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;
құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;
құбылыстардың жүйесін құру;
әдістемені белгілеу;
әдістемені бейімдеу.
Гипотеза (болжам айту) — құбылыстың байланысты немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.
Зерттеудің міндеті — болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс — әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудің мақсатына жету үшін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.
Төменде зерттеу бойынша сұрақтарды қарастырайық. Педагог К.Д. Ушинскийдің берген анықтамасы: Зерттеу дегеніміз — жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу мақсатындағы ізденіс, танымдық іс-әрекет.
Баланың ізденушілік қасиеті кішкентайынан бастап көріне бастайды, себебі бала бойындағы ізденушілік баланың дамуының қалыпты жағдайы. Зерттеу — ізденіс іс-әрекеттері кезінде өзіне көптеген жаңалықтар ашып, білімді дайын күйінде емес, өзі іздене отырып білімін толықтырады. Зерттеуге бірнеше талаптар қойылады (сурет 1.1).
Жазылуы ғылыми
стиль
Тақырып зерттелген
Болжам дәлелденген
Қорытынды нақты
Зерттеуге қойылатын талаптар
Сурет 1.1 — Зерттеуге қойылатын талаптар
Зерттеу — іздену жұмыстарында дәлелдеулердің орны ерекше болып келеді. Студенттерді зерттеу — ізденушілік жұмыстарға үйрету үшін, оларды әртүрлі психологиялық сауалнамалар арқылы зерттеп алу қажет. Студенттердің танымдық және тұлғалық даму қабілеттерін анықтау, болашақтағы жұмыстарды ұйымдастыруға бағыт — бағдар береді [4].
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін-өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады — деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н. Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным әдіснамасы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие жекелеген фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
бақылау — объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
суреттеу — объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
өлшеу — объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
тәжірибе жасау — құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
қалыптастыру — зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактілі-математикалық модельдер құру;
аксиомаландыру — дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
гипотетикалық — дедуктивтік әдіс — нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау [5].
Зерттеу әдістерінің жіктемесі аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын лог икалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге — экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
талдау — жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
синтез — заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
абстракциялау — зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
жалпылау — объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
индукция — жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
дедукция — жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
аналогия — объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия — ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
жіктеме — зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллография, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
экстрополяция — ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
интерполяция — құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
модельдеу — шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу — түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме — дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
ретроспекция — объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
эксперттік бағалау — эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, әдістемелер, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс — зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура — белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл — күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Әдістеме — бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология — зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе — күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы [6].
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен (СҒЗЖ) айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндік ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал — жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау және нәтижесін шығару. Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішінде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда жұмыс айқындала түседі. Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Сондықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, колледж қызметкерлерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына қатысуы керек.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.
Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа да тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін.
Оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы студенттерді ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік принципті қолдану студенттердің танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу әлеуеті бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі — оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқу орны кешендерінде жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы алға қойылған мақсаттардың бірі — білім беру интеллектуалдық белсенділігін арттыру, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру.
Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек.
Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:
мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру; мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;
өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми-зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;
студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;
оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу.
Көптеген дереккөздерде ғылымның, ғылыми қызметтің белгілі бір құбылысты оған тән түрлерде сондай-ақ осы негізде оның қолданылуының болашақта тиімділігін алдын-ала көруге болады. Л. Клемент атап көрсеткендей, нәрселерді әдеттегідей түсініп, құбылыстардың ғылыми талдауына көшу зерттеушіге қиын болды. Сондықтан ғылым мақсаттарын қабылдау және меңгеру жеке зерттеуді тиімді ұйымдастырудың негізі болуы тиіс.
Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін.
Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне:
оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу;
ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми-зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар;
оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге қосу;
берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстары;
студенттердің ғылыми үйірмелері;
белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер;
студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагы, ЖОО-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық).
Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар:
ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер;
барлық оқу жоспарларына Ғылыми зерттеулердің негізі атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу;
түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету;
студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін нақты ережелер де қарастырылады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекеті үдерісі және нәтижелері туралы теориялық білімін жүйелеу және дамыту кезеңі қандай да бір білім саласында зерттеу жүргізу әдіснамасы және әдістемесі мәселелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталды [7].
Жоғарыда талданып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамту мүмкін емес. Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін оқу орындарында қалыптастыру сияқты мәселенің айқындалған жақтары келешекте білім беретін оқу орны мен мамандықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып студенттердің, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын жүйелі жүзеге асыру, колледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау бағытындағы мәселелерді зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.
1.2 Құзыреттілік, оның түрлері
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында білім беру жүйесінде жеткілікті нысана — білім, білік, дағды жиынтығын меңгеру ғана емес, оқушылардың ақпаратты өздігімен табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру, ақпараттық процесті түрлендіру арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға назар аударылған [8].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары айтылған, онда білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген [9].
Құзыреттілік ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде құзыреттілік ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.
Құзыреттілік терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
Ақпараттық құзыреттілік
сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға;
логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
Коммуникативтік құзыреттілік
нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас құруға мүмкіндік береді.
Құзыреттіліктің түрлерімен қатар, оны құрайтын негізгі элементтер де кездеседі (сурет 1.2).
Аутопсихологиялық құзыреттілік өз іс-әрекетін, қабілетін білу; өзін-өзі кәсіби жетілдірудің жолдарын білу, жеке басындағы кемшіліктердің себебін көре білу, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылу.
Дифференциалдық-психологиялық құзыреттілік тұлғалық ерекшеліктерді, тұлғалық бағыттылықты анықтай білу, тұлғаның эмоциялық жағдайларын ажырата білу, әріптестермен, басшыларменмәдени қарым-қатынас орната білу.
Әдістемелік құзыреттілік оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру, интербелсенді әдістерді, оқыту үдерісінді ұтымды пайдалана білу, білім және білікті меңгертудің психологиялық амалдарын білу.
ф
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік педагогикалық диагностиканы меңгеру, тұлғамен мақсатты қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық диагностика нәтижесі арқылы тұлғамен жеке жұмыстарды жүзеге асыра білу, тұлғааралық және педагогикалық қарым-қатынас психологиясын білу.
Құзыреттілікті құрайтын негізгі элементтер
Сурет 1.2 — Құзыреттілікті құрайтын негізгі элементтер
Құзырлықұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде competens) тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан — жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Құзырет — нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қалыптастырады.
Құзыреттілік тәсіл — қазіргі таңда оқу орындарында жаңа тәсіл болып табылады және студенттердің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын студенттердің сапалық кешенін дамытуды көздейді.
Құзыреттілік — студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау — негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі — білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын құзыретті білім беру деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген [10].
Айталық, ғалым С.М. Вешниякованың Кәсіптік білім беру сөздігінде: Құзыреттілік (латын сөзі) competenens — қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері деген анықтама берілген болса, А.В. Баранниковтің айтуынша: Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол студенттің алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді. Ал, ғалым Дж. Равен құзыреттілік терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз құзыреттілік ұғымына — студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз [11].
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз құзыреттілік ұғымына — студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:
бағдарлы құзыреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзыреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
оқу-танымдық құзыреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік — еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Сонымен, кәсіби құзыреттілік дегеніміз ең алдымен студенттің функционалдық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыра тын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.
Құзыреттілік — бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек құзырет және құзыреттілік ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Аталған құзыреттілік, құзыр ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы бар.
Айталық, білімнен айырмасы — қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады; дағдыдан айырмасы — оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет; біліктіліктен айырмасы — бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қоғам талабына қарай оқытушының білім берудегі міндеті нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру. Қазіргі уақытта оқытушымен бірге, студенттердің алдына қойылатын талаптар да өсуде. Талап студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға:
нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде;
қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде;
практикалық өмірде мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда;
еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын анықтауға;
өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Құзыреттілік ең алдымен студенттердің ақпараттық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу студент мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда студенттердің өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты — студентке білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
студенттерді өз бетінше талдауға;
өз қызметіне мақсат қоюға;
жоспарлауға, жинақтауға;
қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;
өзін-өзі бағалауға;
өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;
нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға [10].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытушылар білім беру жүйесінде жаңа оқу технологияларын және интерактивті әдістерін қолдану арқылы студенттің қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді. Ол оқытушының ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілік арқылы айқындалады. Даналы қытайлықтар осыған орай бұны келесі мақалда ажыратқан: мың ұстаздар — әр қайсысы мың әдістерімен қолданылады, яғни мұғалім өзінің әдістемелік шеберлік қасиеттері негізінде өзіне лайықты педагогикалық технологиялық әдісін тандауға құқылы [12].
Құзыретті студент даярлау мақсатында ғылыми міндеттерді шешудің тиімді жолы — ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің ой-өрісін, өз бетімен іздену, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекеті мен икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттерді шешу жолдарын жүзеге асыруға болады. Олай болса, құзыретті білім беру арқылы оқытудағы басты міндет — студенттердің ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы игерген білім қорын одан әрі тереңдету және түрлі проблемаларды шеше білетін білімді студент тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Студентке нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:
өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
өзінің қызметін бағалай білуі;
негізгі мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;
түрлі өмірлік жағдайларында тиімді шешім қабылдай білуі.
Жаңа тұрпаттағы кәсіби мамандарды оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру — негізгі міндет болса, құзырлылық — студент іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі болып табылады.
Студент құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол Ж. Қараевтың Деңгейлеп оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы, не М. Махмутовтың Проблемалық оқыту технологиясы болуы мүмкін, бірақ ең бастысы студент қойылған проблеманың шешімін өзі тауып, әрекет жасай білуі керек. Студенттің жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне жеткізу арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға бағыттайтын әрбір оқытушы өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі, Мұғалім ең жауапты міндет орындайды — ол адамды қалыптастырады деп М.И. Калинин айтқандай, заман талабына лайықты қызмет етейік [10].
1.3 Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі.
Бағдарлама бірнеше мақсаттар мен міндеттерден туындап отыр, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [13].
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор — адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар — ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.
Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт — бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда.
Құзыреттілік түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, кәсіптілік, біліктілік, кәсіби мүмкіндіктер және т.б. түсініктерді біріктіреді [14].
Ғалым С.М. Вешниякованың Кәсіптік білім беру сөздігінде: Кәсіби құзыреттілік competenens — қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері, — деген анықтама берілген [15].
Ғалым Дж. Равеннің Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік атты еңбегінде кәсіби құзыреттілік терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі [15].
Л.М Митина құзыреттілік ұғымына білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері, — деген анықтама береді [15].
Г.Ж Ниязова зерттеу жұмысында құзыреттілік ұғымына Білім беру құзырлары — бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы ,- деп анықтама береді [15].
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету … жалғасы