Студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бүгінгі күні ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті — қоғамның əрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кəсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға программалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сəйкес кəсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан программалаудан негізі түсінігі мен программист еңбегінің мəнін түсіне білу талап етіледі. Ал мұндай талаптарды жүзеге асыруда студенттердің ақпараттық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудығ педагогикалық шарттарын анықтау қажеттілігі туындайды.
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде шарттар студенттердің іс- əрекеттінің аса жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ететін,оқу-əдістемелік үдерістің іс-шараларының (объективті мүмкіндіктерінің) жиынтығы ретінде анықталады (М.Е.Дуранов, А.Я.Найн, Н.М.Яковлева жəне т.б.). Осыдан келіп, біздің зерттеуіміздің контексінде, педагогикалық шарттар деп, біз кəсіби іс- əрекетте болашақ мұғалімнің ақпараттық технологияларды қолдануының аса жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ететін, педагогикалық үдерістің өзара байланысқан жəне өзара əрекет ететін іс- шаралар кешенін түсінеміз.
Қазіргі кезде, мектептегі жəне жоғары оқу орнындағы даярлық мəселесін зерттеушілер, педагогикалық шарттардың бірнеше топтарын айқындап белгілейді. Бір ғалымдар оларға оқулықтарды, бағдарламаларды, шығармашылық жəне проблемалық тапсырмаларды жатқызады (И.М.Богданова, В.М.Горбунова жəне т.б.). Екінші бір ғалымдар тобы, компьютерлік жүйелерді қолдану арқылы орындалатын педагогикалық іс-əрекетті модельдеуді, зерттелетін материалдың мазмұны мен ерекшелігіне байланысты, əдістер мен формалар кешенін қолдануды маңызды деп санайды (И.В.Алехина, В.И.Андреев, А.А.Вербицкий,
Н.Н.Виноградов, Е.А.Перевалова, С.М.Кеңесбаев, К.М.Беркімбаев жəне т.б.). Болашақ мұғалімдердің даярлығының нəтижелі болуына ықпал ететін шарттарды сипаттай отырып, З.С.Левчук,В.П.Пустовойтов, З.В.Семенова, Ж.А.Қараев студенттің танымдық үдерістерінің ерекшеліктерін – есте сақтауды, қиялды, ойлауды жəне т.б., мотивациялық-ерікті сфераны,педагогикалық эмпатияны қалыптастыруды, қарым-қатынастағы коммуникативтілік пен мəдениетті, іс- əрекетін өзіндік тексеру жəне өзіндік тану қабілетін есепке алудың қажеттілігін атап көрсетеді. Э.И.Кузнецов,М.А.Лейбовский, И.М.Марусева, М.Ташбалтаев жəне т.б. зерттеушілер, маңызды шарттар ретінде, студенттердің ақпараттық мəдениетін тəрбиелеуге психологиялық-педагогикалық жəне арнайы даярлықтың бағдарлануын атап көрсетеді. Г.Н.Чусавитина болашақ кəсбіи іс-əрекетте электрондық-коммуникативті құралдарды қолдану мəселесін зерттей отырып, келесі педагогикалық шарттарды анықтайды: модульды тəсіл, оқытудың инновациялық бағыттылығы, білімді жəне біліктерді меңгерудің шығармашылық сипаты.
Педагогикалық шарттардың алуан түрлілігі көп жағдайда, жоғары оқу орнына қоғамның қоятын өзгермелі талаптарына сəйкес, нақты зерттеулердің мақсаттары мен міндеттеріндегі айырмашылықтармен түсіндіріледі. Бұдан басқа, психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді теориялық талдау көрсеткендей, жоғары оқу орнында білім берудің тиімділігінің маңызды бағыты ретінде, студенттің аса белсенді позицияда болуға жəне толыққанды оқу əрекетінің субъектісі ретінде қалыптасуға мүмкіндік беретін, яғни оқудың саналылық шарттарын құруға, оған студентті интеллектуалды, тұлғалық жəне əлеуметтік белсенділік деңгейінде енгізуге мүмкіндік беретін, педагогикалық шарттарды құру алынады. Болашақ мұғалімнің танымдық белсенділігі принципін жүзеге асыру, детерминизм принципін қамтамасыз етуді білдіреді: сыртқы себептер ішкі шарттар арқылы əрекет етеді.
Ішкі шарттар ретінде, алуан түрлі субъективті факторлар алынады: болашақ кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолданудағы мотивацияның түрі жəне деңгейі, болашақ мұғалімнің тұлғасының өзінің іс- əрекетінде ақпараттық технологияларды қолдануға қатынасы, кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолданудың тəсілдері жəне т.б. Осы факторлардың интеграциялық көрінісі ретінде кəсіби іс- əрекетте ақпараттық технологияларды қолдануда субъектінің белсенділік деңгейі, кəсіби іс-əрекетте студенттің тарапынан ақпараттық технологияларды қолдануға жəне оқытушының басқару даярлығын қалыптастыру үдерісін өзіндік басқару деңгейі алынады.
Жоғарыда баяндалғандардан, студенттің болашақ кəсіби іс-əрекетінде ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ретінде келесілер алынатынын атап көрсетеміз:
- кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыру үдерісінде, болашақ мұғалімнің тұлғасының субъективті позициясын өзекті ету;
- кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдануға студенттердің даярлығын қалыптастыру үдерісін басқару жəне өзіндік басқарудың жылдамдығы;
- кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолданудың теориясы мен практикасы бойынша, оқу материалын құрылымдаудың модульды технологиясы.
Қазіргі заманғы жоғары оқу орнында білім берудің болашақ педагогтың тұлғалық-кəсіби дамуына бағдарлануы, студенттердің өзіндік тануын, өзіндік дамуын белсендіруге бағытталған, олардың кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану жəне зерттеу саласында өзіндік жетістіктерге қатынасын өзгертуге бағытталған шарттарды құру мəселесін қояды.
Біздің пікірімізше, студенттің тұлғалық позициясын дамыту, оның кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдануы бойынша тəжірибесінің мəнін арттыру, даярлықты қалыптастыру үдерісінде оның субъектілі позициясы төмендегілер арқылы өзектіленетінін көрсетті:
- кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану бойынша студенттің тұлғалық жетістіктерін ынталандыру;
- кəсіби іс-əрекетте (проблемалық оқытуда) ақпараттық технологияларды қолдануға студенттердің даярлығын қалыптастыру үдерісінде проблемалық ситуацияларды құру;
- студенттерді тұлғалық-мəнді іс- əрекетке енгізу.
«Тұлғаның жетістіктері» ұғымының өзі «тұлғалық жетістіктер», «іс-əрекеттегі тұлғаның жетістіктері», «тұлғаның іс- əрекетінің нəтижесі», «тұлғаның жетістігі» ұғымдарымен тығыз байланысты. Тұлғаның жетістіктері іс- əрекеттегі жетістіктер мен өзіндік тұлғалық жетістіктерге дифференциацияланады. Іс-əрекетте тұлғаның жетістігі, іс-əрекеттің мақсатына қарай қозғалыс ретінде, алынған нəтижелердегі оң динамика ретінде қарастырылады, яғни тұлғаның іс- əрекетінің кез келген нəтижесі оның жетістігі емес, белгілі қайта құруларды сипаттайтын оң нəтиже болып табылады. Тұлғаның іс-əрекеттегі жетістіктері оның тұлғалық жетістіктерімен байланысты болады. Іс-əрекетте тұлғаның жетістіктері, оның бойындағы жағымды өзгерістер үшін маңызды алғышарт ретінде алынады (оның құндылық бағдарлары, ұмтылыстары, қатынастары жəне т.б.), алайда, бұл осы жетістіктерге деген тұлғаның белгілі қатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Студенттің тұлғасының кəсіби іс- əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану жəне меңгеру бойынша, іс- əрекеттегі өзінің жетістіктеріне қатынасы алуан түрлі болуы мүмкін. Студент өзінің жетістігін немесе сəтсіздігін жағымды жəне жағымсыз бағалай алады; жетістіктерге ұмтылады немесе ол туралы ойланбайды; жетістікке жету үшін күш- жігерін жұмсайды немесе ешбір күш жұмсамайды. Басқаша айтқанда, адамның жетістіктерінің тұлғалық мəнінің дəрежесі алуан түрлі болуы мүмкін. Іс-əрекеттің алуан түрлеріндегі өзіндік жетістіктердің төменгі тұлғалық мəні, адамның дамуын тежеуі мүмкін, ал жоғары тұлғалық мəні — өзін-өзі жүзеге асыруға бағдарланған, адамның дамуын ынталандыруы мүмкін.
Кəсіби іс-əрекетте болашақ мұғалімнің ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етудің келесі шарты ретінде, аталған үдерісті басқару жəне өзіндік басқарудың жылдамдығы (маневренность) алынады. Кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыруды басқарылатын үдеріс ретінде түсіндіруге сүйене отырып, біз аталған үдерістің оқытушының тарапынан басқару жəне студенттің өзіндік басқаруы жағдайында жетістікпен жүргізіледі деп санаймыз. Н.Ф.Талызина аталған іс-əрекет түрлеріне даярлықты қалыптастыру, оны тікелей басқару жағдайында ғана мүмкін екендігін атап көрсетеді. А.А.Кирсанов студенттердің оқу əрекетін оқытушының тарапынан басқару, олардың немесе іс- əрекетін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады деп санайды.
В.А.Сластенин мұғалімнің іс-əрекетіндегі басқарушылық тəсілді негіздей отырып, педагогикалық іс-əрекеттің əлеуметтік басқарудың педагогикалық міндеттерін шешу үдерісі деп санайды.
Студентті ақпараттық технологияларды қолдану бойынша білімді меңгеру үдерісін басқарудың субъектісі ретінде қарастырамыз, ал басқаруды оқытушының студентке əсер ету ретінде емес, оқытушы мен студенттің өзара іс-əрекеті ретінде қарастырамыз. Біздің түсіндіруіміз бойынша, кəсіби іс- əрекетте болашақ мұғалімнің ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыру үдерісін басқару, студентті объектіден басқару субъектісіне айналдыруды жүзеге асырудан тұрады. Өзінің іс-əрекетінде студенттің ақпараттық технологияларды қолданудың қалыптасқан даярлығы – бұл өзіндік басқарылатын іс-əрекет, сондықтан біздің қарастыратын педагогикалық шарттарды оқытушы мен студенттің өзіндік басқару деңгейінде, басқарудың болуы ретінде анықтаймыз. Бұдан басқа, біз келесі заңдылықтарға сүйенеміз: сыртқы əсерлердің тұлғаның ішкі қажеттіліктеріне қаншалықты сəйкес келсе, онда олардың өзіндік белсенділігін жүзеге асыру үшін, жағдайлармен қамтамасыз етіледі, бұнда іс-əрекеті өзіндік басқарудың деңгейі жоғары болады. Осыдан келіп, оқытушының алдында келесі міндет пайда болады – студенттердің қажеттіліктеріне сүйене отырып, олардың белсенділігі мен өзбетінділігі дəрежесін арттыра отырып, кəсіби іс-əрекетте студенттердің ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыру үдерісін басқарудың қолайлы шамасын таңдау; бұнда келесі арақатынас сақталу қажет: басқару шамасы көп болса – студенттердің іс-əрекеттегі белсенділігі мен өзбетінділігі деңгейі төмен болады, ал басқару шамасы аз болса – белсенділік пен өзбетінділік деңгейі жоғары болады. Осыған байланысты, бізге Н.Д.Никандровтың көзқарасы жақын келеді: «оқытуды толық басқару жағдайында меңгеру ретінде мүмкін, оқытудың мақсаты — тұлғаның ойлауын жəне басқа қасиеттерін дамыту болып табылады, ол басқару шамасын азайтуды, студенттерге көп шамада өзбетінділік ұсыну қажеттілігін талап етеді».
Болашақ мұғалімнің кəсіби іс- əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастырудың келесі шарты – бұл кəсіби іс-əрекетте ақпараттық технологияларды қолдану бойынша оқу материалын берудің модульды технологиясын қолдану. Зерттеу барысында, біз кəсіби іс-əрекетте болашақ мұғалімнің ақпараттық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастырудың формаларын іздеу мəселесін қарастырдық, олар бір жағынан, білім алушылардың жұмысын индивидуализациялауды, екінші жағынан, студенттердің ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін зерттеу бойынша, оларды іс-əрекетке енгізу үдерісінің технологиялығын қамтамасыз етеді. Сонымен, аталған мəселені оқытудағы модульды тəсілдің мүмкіндіктерін қолдану арқылы шешуге болады.
Қазіргі кезде, педагогикалық тəжірибеде модульды тəсіл кең қолданылады, оның кəсіби оқытудың тиімділігіне жағымды əсері мəнді болып саналады. Модульды тəсілдің негізіне келесі принциптер алынады: жүйелілік, құрылымдау, модульдық, динамикалық, мақсаттарды саналау жəне кері байланыс, белсенділік жəне көрнекілік. Оқытудың модульды жүйесі талап етілген нəтижелерге толық жетуге мүмкіндіктермен қамтамасыз етет отырып, осы үдерістің орталық фигурасы ретінде білім берушіні алады.
Сонымен, студенттердің болашақ кəсіби іс-əрекетінде ақпараттық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастыру шарттары, студенттің өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бəсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Әдебиеттер
- Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего образования: Учебное пособие для студентов пед. слушателей института повышения квалификаци преподавателей пед. дисциплин ун-тов и пед. Инст. – М.: Просвещение.– 208 с.
- Алейноков В.В. Подготовка будущего учителя гуманитарных дисциплин к использованию компьютерных технологий в учебном процессе // В сб. материалов VII Международной конференции-выставки «Информационные технологии в образовании» — М. ЗАО «Издательство БИНОМ». — С 9.
- Б.А. Əлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова. Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы. «Бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сəуір 2008 жыл).
- К.М.Беркімбаев. Г.Ж.Ниязова. Студенттердің кəсіптік құзыреттілігін ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастырудың тиімділігін зерттеу нəтижелері. “Шоқан тағылымы-13” Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Том 6. Көкшетау, 2008. –Б. 272-275.
Автордың аты-жөні, тегі: Исабаева С.Н.