Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі.
Столыпин аграрлық реформасының зардаптары.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Шіркін қазақтың жері кең ғой, бірақ оған қызықпаған мемлекеттер аз. Жоңғарлармен талай арпалысып жеңіп шыққанымен әлсіреп қалған елімізге Ресей самұрығы келіп қонды. Арпалысып жүріп 150 жылда әрең жаулап бітті, бірақ Кене сынды хандарымыз қасық қаны қалғанша оларға қарсы тұрды.
Осындай оңтайлы сәтті тауып орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің арграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды.
Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық. Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-санамыз тіптен ахуал – тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезгедейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді. Бір жажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру арқылы, — делінген түсініктемеде, — қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды».
Мемлекет үшін стратегиялық маңызды аудандарға қатысты бұрынғы қаулылардағы сияқты, Түркістан өлкесіне артықшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін етекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едәуір – суармалы жердің үш десятинасына дейіг шектелді, оның есесіне мал өрісі мен жайылымдық жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар 8 жыл бойы салық жеңілдіктерімен камтамасыз етілді және әскери кызметтен босатылды.
Көші-кон еркіндігін күшейту үшин 1904жылы 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен коныс аударту туралы уакытша ережелердін» зор маңызы болды,оның заң күші бар еді.Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз еркін кетуіне рұқсат етілді,ол 1889 жылы Ережеде бекітілген болатын.
1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында – 61,5%-ы, Торғай облысында – 88,6%-ы болды. Сондықтан ХХ ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зерттеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан заңдар мен өкімдерге қарамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыларға жеткілікті дәрежеде ықпал ете алмады, сөйтіп өз бетімен қоныс аударушылар саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келеді. «Үкімет қоныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жоқ, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр»,- деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға заңдық құқық беру жөніндегі үкімет органдарының әрекеттері туралы ашық айтылды.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болтын. « Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспидиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспидициясы анықтауы керек еді. Экспидицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Ф.А.Щербина экспидициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін аймаққа және басқа жағдайларға қарай жер пайдалынудың ең төмен нормасы 110-209 десятина, ал ең көбі 187-510 десятина болса, 190-1908 жылдардағы қайта ұйымдастырылған экспидициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина және 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40%-дан 36-57%дйін төмендетілді. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы бес қоныс аудару округіне Ақмола, Семей, Торғай-Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді. Ауданды меңгеруші басқарды, ол ішінара генерал-губернатор арқылы жергілікті әкімшілікке, ал көп дәрежеде егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігінің жерге орналастыру және егіншілік басқармасына бағынды. Аудан меңгерушісінің өз қарамағында әр түрлі саладағы қызметкерлер штаты, сондай-ақ кіші аудандардағы жергілікті жерлерде шенеуліктері болды.
Жан-жақты қарастырылған шешім сияқты болып көрінгеніне қарамастан қазақтардан жерді алып қою көпшілік жағдайларда ең дөрекі және заңсыз түрде жүргізілді. Жетісудың байырғы тұрғындарынан бұрын алып қоюға тыйым салынған қыстаулар мен егістіктерін иеліктен айыру қажеттігін негіздеуге тырысып, Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велецкий бұлар қазақтарға уақытша және шартты түрде пайдалануға ғана берілген мемлекеттік жерлер, егер «қоныстандыру учаскесін» жасау қажет болған жағдайда, «олардың (ауылдардың.-ред.) бір бөлігін көшіріп, учаскеүшін орынд босату және қазақтардың басқа жерлердегі қыстауларын тығызырақ орналастыру қажет» деп дәлелдеп бақты. Нақ осы принциптерді негізге алып, генерал-губернатор Кондратович 1907 жылы жерге орналастыру партияларына Жетісуда «учаскелерді жобалаудың заңды тәртібінен уақытша кейбір мүмкін шегіністер жасауға» тікелей нұсқау берді. Нақ сол қазақ ауылдары көшірілген жерлер, сенатор К.К.Паленнің Түркістан өлкесі бойынша тексерісінің куәландыруына қарағанда, тау-тасты, суландыруға жарамайтын қу дала болған. «Қазақтардың қолайлы жеріннің белгілі бір мөлшерін,-деп жазды «Киргизская степная газета»,-көптен бері-ақ селолар алып қойған және осыған қарамастан қалған жердің ең жақсы учаскелері Ресейден келген қоныстанушылардың пайдасына көше бастады. Бейшара қазақтар жер алаптарының шектеулі болуы салдарынан таяу болашақта азды-көпті көшуін еріксіз тоқтатады». Осы газеттің басқа бір нөмірінде «көшпелілер әл-ауқатының жыл сайын және үнемі құлдырап бара жатқаны байқалады» және «бұл құбылыстың себебі, сірә, жер алаптарының жеткіліксіздігінде жатса керек: жаз бен күзде жайылған жайылымдарда малды қыста да жаюға тура келеді»,-деп жазды.
Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлық реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қозғалысын күшейту болатын.
1906-1911 жылдарда Министерлер Кеңесінің төрағасы және Ішкі істер министрі болған П.А.Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П.А.Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл – Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуінежәне жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық, ол ІІІ Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң етіп толықтырылды және қайта өңделді. 1911 жылғы 29 мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформа бойыеша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін 1906 жылыбасталды. 190 жылғы 1 қаңтардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінің күші жойылды,оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерден жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сонымен бірге 1910 жылғы заңның 42-тармағында Азиялық Ресейдің жеріне қоныс аударғандар оларды жаңа қонысқа түпкілікті тіркеген күннен бастап екі жылдан соң шыққан жерлеріндегі қауымдық жерге үміттену құқығын жоғалтады деп арнайы көрсетілді. Сөйтіп, столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Қазақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде әр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының құзыретті шенеулігі В.А.Тресвятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға қарай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күштеп тартып алуға арналған. Алайда «Оралдың арғы жағына қоныс аудару және жерге орналастыру бойынша шолулар» деректеріне сүйеніп Ә.Б. Тұрсынбаев жасаған есептеулерде 1906-1915 жылдар кезеңі ішінде Ақмола, Семей және Торғай-Орал қоныс аудару аудандарында нақты алынған қазақ жерлері 15,8 миллион десятина болған. Оның үстіне Жетісу қоныстандыру округінде – 3,3 миллион десятина, Сырдария округінде – 2,5 миллион десятина жер тартып алынған. Қорытынды цифр 21 206 118 десятина болды. Б.С.Сүлейменов нақ осы деректерді келтірген. Жергілікті халықтан тартып алынған жер 9 111 учаскеден тұрды. Бірақ іс жүзінде қоныс аударушылар бөлінген барлық учаскелерге орналастырылған жоқ. Көптеген қоныс аудару учаскелеріне болашақтағы 10-15-20 жылда орналастыру жоспарланды. Мәселен, Зайсан уезінде шаруалар өздеріне бөлінген учаскелерге соқпай өтіп, «Қытайдағы суармалы егістікке қарай ұмтылды». Ал мұндай жағдайлар көп еді. Қоныс аударушылар орналасқан жердің нақты көлемін, әсіресе өз бетімен қоныс аударушылар санының көп болу себепті анықтау мүмкін емес. Бірақ, қоныс аудару қорына бөліп берілген жермен қоса қазақтардың жер пайдалануынан қазақ әскерлеріне арналған орман, саяжайларына және басқа да қазыналық қажеттерге, қалалар мен темір жолдардың орналасуына арнап тартып алынған жерлерді қоса есептегенде қонастандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинадан астам болып шығады. Дала өлкесінің уездері мен облыстары бойынша тартып алынған жердің көлемі тең бөлінбеді. Мәселен, Омбы уезінде бұл барлық жердің 52%-ы, Ақмола уезінде — 73%-ы, Қостанай уезінде — 54%-ы болды және т.б. Жердің неғұрлым көп ауқымы тартып алуға жатса, егіншілік жөнінен бұл жерлердің соғұрлым қолайлы болғанын аңғару қиын емес. «Басы артық жердің ең көп мөлшері солтүстік, топырағы қара топырақты және қою-сұрғылт топырақты, мейлінше құнарлы өңірде орналасқан уездерде болып табылады» деп жазып, кезінде Қоныс аудару басқармасы шенеуніктерінің өздері де атап өткен.
Алайда осындай жер алқабының өзі де барлық қоныс аударуға тілек білдірушілерді орналастыра алмады. Бұған бүкіл қоныс аудару қозғалысындағы жер учаскелерін бөлуге байланысты ілесе жүретін түсініспестік себепші болды. 1906 жылдан 1915 жылға дейін дала өлкесінің қоныс аудару аудандарына 580 587 адам келді ( еркек адамдар ғана есепке алынған). Олардың 47 пайызы – Ақмола қоныс аудару ауданына, 38-%-ы Торғай-Орал, 15%-ы Семей қоныс аудару ауданына жіберілді. Егер қоныс аударушылар санының серпінділігін жылдар бойынша қарастыратын болсақ, 1906 жылғы жарлық шыққаннан кейінгі алғашқы жылы қоныс аударушылар толқыны көбейе түсті. 1906 жылы Дала өлкесіне ерлерден 25 100 жан, ал 1907 жылы 80 360 жан қоныстанды. Қоныс аудару деңгейі аздаған ауытқуларымен 1908 жылмен 1909 жылы осы деңгейде тұрды, содан соң толқын тәрізді төмендейді және көтеріледі, ал 1914 жылға қарай 53 360 жанға дейін төмендеген. Реформаны жүргізудің алғашқы жылдарында Ресейдің еуропалық бөлігі шаруаларының бірқатары өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуға деген үміттерін Қазақстанға көшумен байланыстырғаны көрінеді. Қоныс аударушылар санының қысқаруы реформаның сәтсіз қорытындысын көрсетеді. Қоныс аударушылардың едәуір кері қайтуы да нақ осыны білдіреді. Мәселен, 1906-1915 жылдарда жыл сайын қоныс аударушылардың 20%-ынан 34%-ына дейін кері қайтып кеткен.
П.А. Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеялардың бірі де сәтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.
Қазақ халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның салдары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті қорытындысы болды. Қарсылықтың стихиялық көріністері қожайындарды, өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар төлеуден бас тартудан, малды айдап әкетуден, егістіктерді таптаудан және басқаларынан көрінді. Ежелгі жерінен айырылған байырғы тұрғындар өз құқықтарын заңды әдістермен-өтініштер беру арқылы қорғауға тырысты, оларды көп мөлшерде мұрағат қорларында кездестіруге болады. 1913 жылдың қаңтарында Есімболат Досбаев пен Ғали Оспанов өз аулының атынан Торғай-Орал ауданы қоныс аудару ісінің меңгерушісіне «Шыңғырлау болысының №4 ауылы қырғыздарының ең жақсы шұрайлы жерлері қоныс аудару қорына тартып, алынды, ал бізге жарамсыз жерлер ғана қалдырылды» деп шағым жасап, учаскелер кесіп беруді сұрады. Іс жүзінде қалған өтініштер сияқты, бұл өтінішке де бас тартылған жауап қайтарылды.
Сонымен бірге қоныс аударушылардың едәуір көпшілігі де өздерінің жерге орналастырылуына риза болмады. Торғай облысы Ақтөбе уезінің Полтава болысы Қарашай поселкісінің шаруалары қоныс аудару бөлімінің меңгерушісіне белгіленген жерге орналасқаннан кейін өздеріне бөлінген учаскелер «бізге бөлінген жерде астық өсіру үшін қолайлы жер мөлшері мүлдем аз болып шықты» және әр адамға жазылған 12 десятинаның егістікке 4 десятинаға жетер-жетпесі ғана жарамды деп жазды. Қорыта келгенде, жер пайдалану үшін қоныс аударушылар мен қазақтар арасында да, жергілікті халық арасында да даулар мен қақтығыстар пайда болды. Мәселен, Белоярск және Каменск поселкелерінің шаруалары Қостанай уезінің Кеңара болысы қазақтарының жерлеріне өз бетімен қоныстанып алып, бастапқыда олардан жерді жалға алды, ал сонан соң 1905-1907 жылдар кезеңінде Ресейде шаруалардың жерді басып алуы жөнінде естіп, жергілікті тұрғындардан өздері ұнатқан учакелерді күштеп басып алуға тырысты. Олар Лучанск поселкесі казактарының жерлеріне де осындай ниетте болды. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру үшін олар Ресейден әлі де бір «өте батыл адамдардың» келуін күтті.
Жерін тартып алып қысым көрсету және дәстүрлі көшу жолдарына айыру көшпелі халық арасында да толып жатқан жанжалдар туғызды. Олар көбінесе қайғылы аяталып отырды, мысалы 1907 жылы Торғай облысының Ырғыз уезінде солай болды, онда күзеу ретінде пайдаланылатын Қаракөл алқабы үшін даудың салдарынан екі адам қаза тапты.
Ал қоныс аудару аудандары шенеуніктерінің қиянат жасауында шек болмады. Жетісу облысының Жаркент уезі Аралтөбе селосының шаруалары шаруашылық жүргізуге арналған ақшалай қарыздың төленуін екі жыл күтті, әбден қайыршыланған олар Жаркент ауданының қоныс аударушыларды жерге орналастыру бөлімінің меңгерушісі Тепловқа барады. Олар оны күтіпқабылдауына кіріп «екі әйел мен бір шаруа оның алдында құдай ананың алдындағы сияқты тізерлеп тұрып, жәрдемақы беруді сұрағанда, оған жас балалары аш-жалаңаш деревняда қалғанын айтып жалынғанда бастық мырза шаруаларды балағаттап қуып шыққан».
Қоныстандыру саясатының проблемаларын жұртшылықтың кең талқылағанын айтып өткен жөн, бұл әр түрлітүсініктегі толып жатқан жарияланымдардан көрінді.Үкіметтің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі ретіндк бұл мәселе Мемлекеттік Думада өте қызу айтыс туғызды. Аграрлық мәселені шешу Ресей империясының шет аймақтарын мекендеген халықтардың саяси құқықтарын қарастырумен ұштасты. Бұған Үкіметтің Ресейдегі шаруалардың жерге деген мұқтаждығын кедейлерді шығысқа жаппай қоныс аудару жолымен қанағаттандыруға тырысуы себеп болды. Жергілікті тұрғындардың мүдделері мүлде ескерілмеді. І мемлекеттік Думаның отырыстарында (1906) Орынбор губерниясына сайланған депутат Т.И.Седельников қазақ халқының да, орыс қоныс аударушыларының да мүдделерін қорғау туралы мәлімдеді, ол «жүз мыңдаған қазақтар сөздің тура мағынасында жерсіз болып табылады. Ал егер жері аз қазақтарды алсақ, олар миллионнан кем болмайды» деп мәлімдеп жұртшылықтың назарын жер пайдалану мәселелеріне аударды. Оңшыл депуттаттардың бір бөлігі, мысалы, кінәсіз Голицын сияқтылар бұрынғысынша «қоныс аудару ісін мүмкін болған барлық әдістермен күшейтуді» талап етті. Т.И.Седельников бұл жағдайға ашық қарсы шығып, қоныс аудару көшіп бармақшы болып шешкен шаруалардың ең кедей бөлігін де, жері сол қоныс аударушылар үшін зорлықпен тартып алынған жергілікті тұрғындарды да күйзелтеді деп ашығын айтты. Сондықтан ІІ Мемлкеттік Думада да (1907) аграрлық мәселе талқылаудың өзегі болды. Оңшыл депутаттардың бір бөлігі 1906 жылғы 9 қарашадағы столыпиндік заңды қорғап шықты. Алайда Қазақстаннан сайланған депутаттар бұл көзқарастарға өз қарсылықтарын білдірді. Орал облысының сайланған депутат И.И.Космодаминский Столыпинді «бүкіл заң шығарушы жиналыстың, бүкіл елдің және бүкіл орыс халқының жауы» деп жариялады, өйткені «үкімет өз саясатының зардаптарымен титтей де санаспай… қырғыз жерлеріне қоныстануды және оған шаруаларды кеңіненқоныс аударуды ұсынып отыр». Аграрлық комиссияның мүшесі Б.Қаратаев қоныс аудару әдістерін сынап сөз сөйледі, ол бұл үрдісті «күштінің әлсізге зорлығы» деп атайды. ІІІ мемлекеттік Думада (1908) қазақ халқы тіпті Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан да айырылды. Дегенмен, қазақтардың жерге құқықтарының бұзылуы туралы өткен думалық айтыстардың қызу өткені соншалық, Думаның бюджет және қоныс аудару комиссиясы үкіметке қазақтардың жерге орналастырылуы туралы заң жобасын өте тез арда әзірлеп, қабылдау жөнінде ұсыныс енгізді. Мұндай заңды қолданысқа енгізгенге дейін (ол жарыққа шықпаған күйінде қалды) ІІІ Думаның мұсылман фракциясы Закавказьеден сайланған депутат Хас-Мамедов арқылы Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аудару «Қазақ халқының өз пайдалануындағы жерге ғасырлар бойындағы құқықтары әділетті және ізгілікті шешілуі үшін» барлық байырғы тұрғындар жайғастырылғанша тоқтатылуға тиіс деп мәлімдеді. Басқа депутаттар қоныс аударушылардың ауыр жағдайын еске салып, үкіметтен қоныстандыру саясатын өзгертуді тікелей талап етті.
Сөйтсе де, депутаттардың бір бөлігі билеуші топтардың мүдделерін қорғап, жағдайды түрде бейнелеуге тырысты. 1909 жылы депутат А. Трегубов Жетісуға арнайы келді, ол бүкіл облыста атап айтқанда, «Верный кіші ауданында бүкіл қоныс аудару ісінің дұрыс жолға қойылғаны туралы ризашылық пікір білдірді», және бұл Жетісу облысындағы қоныс аудару ісінің меңгерушісі Велецкий қоныс аудару ісінің мүлде тәртіпке келтірілмеген жайкүйі туғызған қоныс аударушылар арасындағы аштықтың нақты оқиғалары туралы хабарлаған кезге шамалас болатын.
Қазақтың белгілі ғалымы, көсемсөзші және саяси қайраткер Ә. Бөкейханов Қазақстандағы қоныс аудару ісінің жағдайымен терең таныс болды. Ол Ф.А.Щербина экспедициясының жұмысына белсене қатысты, I Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланды. Өзінің барлық дерлік еңбектерінде, ғылыми монографияларында немесе газет беттерінде жарияланған мақалаларында даланы шаруалар арқылы отарлаудың зардаптарын анықтап, бұл үрдісті үкіметтің аграрлық саясатынанбөліп қарастырды. Ол Петербургте отырып алып, «бірнеше десятина жарамсыз жерді қолайлы жер деп есепке алуды практикаға енгізу арқылы» қазақ өлкесінің жерін ойыншық еткен, «ешнәрсеге күмәндамайтын адамдар» туралы терең мысқылмен жазады. Шаруаларды шөлейт және сортаңды далаларға қоныстандырудың көптеген фактілерін салғастыра келіп, Ә.Н.Бөкейханов «жерсіз аш халыққа сусыз қазақ даласын ұсынатын үкіметтің қоныс аудару саясатының санаулы күндері қалды» деген пікір айтты. Өз халқының мүдделерін қорғай келіп, ол былай деп жазды: «қазақтар қазіргі уақытта қоныс аудару учаскелерін кесіп беру кезінде болып жатқанды ессіздік деп санайды… жұмыс жүргізушілер учаскелерде мал шаруашылығы үшін ең бағалы алаптарды: шабындықтарды, қысқы жайылымдарды, егістіктерді, жақсы суаттарды учаскелерге мәжелеп алып… қазақтарға тау-тасты, сортаңтарды, батпақтарды, сусыз даланы қалдырады».
Ақырыоргандар қоныс аудару саясатының оған артқан үмітті ақтай алмағаның мойындайды. Қоныс аудару және отарлау мәселелері жөніндегі комиссия 1917 жылдың тамыз-қыркүйегінде елдегі қоныс аудару ісінің жағдайын талқылап, мынандай қорытындыға келді: «Егіншілік-отыршылық отарлауы… тұйыққа тіркелген сияқты. Бұрынғы мейірбан қоныс аударудың аяқталар кезі келді». «Қоныс аудару» деген терминнің өзін «отарлау» деген сөзбен біржола ауыстыру ұсынылды. Отарлау саясаты енді ел экономикасын дамытудың жалпы жоспарын негізге алды, мұнда шет аймақтар зор рөл атқаруға тиіс еді. Өнеркәсіптік отарлауға шешуші мән берілді. Ол ауыл шаруашылығын да көтеруге тиіс болатын. Комиссияның анықтауы бойынша қоныс аударушылар таптан тыс болуға, оның материалдық қаражатының қажетті қоры, күш-жігері және алғырлығы болуға тиіс. 1917 жылдың қазан айындағы белгілі оқиғалар бұл жоспарды жүзеге асыруға бөгет жасады. Алайда империяның басқа шет аймақтары сияқты, Қазақстанды да жергілікті халықтың мүдделері туралы тіпті сөз де етілмеген қатаң және прагматикалық отарлау жүйесі күтіп тұрғаны анық еді.
Аграрлық қоныс аударудың Қазақстан өмірінің әлеуметтік-экономикалық саласында ұшқын беруші рөл атқарғаны жақсы мәлім. Қазақ жерлерін қоныс аударушылардың пайдасына жаппай алып қою туралы және бұл үрдістің келеңсіз зардаптары туралы жоғарыда айтылып та өтті. Сонымен бірге, Ресейдің егіншілік дамыған аудандарынан шаруаларды қоныс аудару Қазақстанға едәуір еңбек және материалдық ресурстар әкелді. Жаңа жерлерді шаруашылыққа игеруге себепші болды.
Қорытынды.
Қазіргі Қазақстанның негізгі проблемелары мемлекеттік тіл мәселесі, сонымен қазақтардың әлі де өз елімізде 50 пайыздан сәл ғана асып отырғаны осындай жерімізді тартып алып отарлаудан туындап отырғаны біздің бәрімізге мәлім. Құдайға тәубә, әйтеуір тәуелсіздігімізді келіп арқаны кеңге сала бастадық. Бірақ әлі де болса жер мәселесі, оның сатылу-сатылмауы біздің еліміздің тағдырын шешіп кетуі де мүмкін. Өйткені жер сатыла қалғанда сан жағынан тепе-тең түсіп отырған келімсектердің қолында кете ме деген қауіп бар.
«Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» қазақ сарбаздары қорғап қалған жерімізді біздер әлі келесі өкше басар ұрпаққа аманаттап тапсырып кетуге тиістіміз. Сондықтан әрқайсымыз өз оқу-білімімізді шыңдап, жаһандану процесі кезеңінде сонау Корея, Жапония, Ақш, Европа елдеріндегі бізбен үзеңгілес студенттерден кем түспеуіміз қажет. Сонда ғана елдігімізді де, кең байтақ жерімізді де сақтап алып қалатынымызға сенімін мол.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ ССР тарихы, 3-том. Алматы, 1985 ж.
2. Маданов. Ұлы дала тарихы, 1998 ж.
3. «Атамұра». Қазақстан тарихы, 1998 ж.
4. Чапай Мусин. Қазақстан тарихы, 2003ж.
5. «Дәуір». Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк), 1994 ж.
6. Ұлы дала тарихы, 2005 ж.
.
Тағы рефераттар