Стандарттау және метрология | туралы қазақша

0

Метрология — бұл өлшемдер, қазіргі жағдайда метрологиялық қамтамасыз ету — бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемдердің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажет ғылыми және техникалық құралдардың, ережелер мен нормалардың кешені. Метрологиялық қамтамасыз ету өзінің міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста мына себептерге орай неғұрлым тиімді шешеді:

  1. Тиімді стандарттау стандартталатын объект туралы дәл және дұрыс дерексіз жүргізіле алмайды.
  2. Өлшем нормаларын, ережелері мен әдістемелерін стандарттамай, метрологияның жеке өзінің мәні болмайды.

Осы мәселені Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (МӨЖ) шешеді. Метрологиялық қамтамасыз ету стандарттаудың өнімді бақылау мен сынау әдістері сияқты объектілермен неғұрлым тығыз байланысты. Бұл негізінен — өлшенетін параметрлер мен өлшемдердің дәлдігінің оңтайлы нормаларының номенклатурасын белгілеу, талап етілетін дәлдікті орындау әдістемелерін енгізу.

Өнім жасау мен оны бақылаудың үлгілік технологиялық процестерін стандарттау үшін қолданылатын өлшеу құралдарына (ӨҚ) қажетті метрологиялық қызмет көрсету керек. Метрологиялық қамтамасыз етудің стандарттаудың ғылыми-техникалық деңгейін, өнімнің сапасын, оның тиімді пайдалануды арттыруда атқаратын рөлін ескере отырып, ҚР Мемстандарты негізгі стандарттар кешеніне -метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі ережелерін реттейтін Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін (МӨЖ) бекітіп енгізді.

Жалпы ереже — ҚР СТ 2.0-2011 сәйкес метрологиялық қамтамасыз ету деп өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды белгілеу мен қолдану аталады. Өлшем ақпаратына мынадай талаптар қойылады: өлшем нәтижелері заңдастырылған бірліктерде көрсетілуге тиіс; өлшемнің дәлсіздігі белгілі болуы және осы дәлсіздік белгіленген жол берілетін дәлсіздіктен аспауға тиіс. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

  1. Метрологияның дамуының негізгі бағыттары мен онда ғылыми және техникалық жетістіктерді тиімді пайдалану жолдарын аныктау, метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін әзірлеу.
  2. Физикалық мөлшерлер бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау.
  3. Өлшеу құралдарын мемлекеттік сынауды жоспарлау және өткізу, ҚР-да қолдануға рұқсат етілген өлшеу құралдарының тұрпаттарын бекіту.
  4. Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру, өлшеу кұралдарын шығаруды, олардың жай-күйі мен қолдану мен жөндеуді және метрологиялық ережелердің сақталуын қадағалау.
  5. Метрология саласында стандарттауды дамыту жэне жетілдіру.
  6. Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

#Стандарттау #және #метрология

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз