Сс дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Сс дыбысы және әрпі

 

Ералиева Қарлығаш Сайынқызы
М.Әуезов атындағы №2 ОЖББ мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Чапаев ауылы
Ақжайық ауданы
Батыс Қазақстан облысы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:     Сауат ашуға және жазуға үйретуге дайындық
Тақырыбы:      «Сс дыбысы және әрпі»    
Мақсаты: 
Білімділігі: С дыбысы мен әрпімен  таныстыру,  сөзден сөйлем құруға үйрету.
Дамытушылығы:  Оқушылардың ой-өрісі мен шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін, сөдік қорын,тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелігі :   Балалардың  оқуға,білімге  деген қызығушылығын қалыптастыру,ұқыптылыққа сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап , көрнекілік.
Көрнекілігі: кеспе әріп , суреттер, с дыбысының баспа және жазба түрі.
Билингвизм:   сәбіз-марковь-carrat , сиыр-корова-cow

Іс-әрекет 
кезеңдері    Тәрбиешінің әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылы
ғын ояту кезеңі:    Психологиялық дайындық жасау.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-(…)
— Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.

Қонақ күту салтымыз,
Оқып –біліп жатырмыз,
Келген қонақ сіздерге,
Салем бердік жалпымыз

 -Біз сүйіп қарайтын каналымыз қай канал
— «Балапан».
Айжұлдыз  бағдарламасынан «Зере мен Төре» бізге қонаққа келіп жатыр
.
1.Тапсырма
Сен білесіңбе? Өткен сабақты пысықтау

*Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
*Дыбыстар нешеге бөлінеді?
*Кітап сөзінде неше буын бар?
*Дыбыстар қандай түспен белгіленеді?
*Білім сөзінде неше буын бар?
*Дауысты дыбыстың ережесін айт?
*Дауыссыз дыбыстар қандай 
түспен  белгіленеді?
*Қаламсап сөзінде неше буын
 бар?
*Дауыссыз дыбыстың ережесін айт?
    
Қонақ күту салтымыз,
Оқып –біліп жатырмыз,
Келген қонақ сіздерге,
Салем бердік жалпымыз

Ұйымдастыру
шылық ізденіс кезеңі     ІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
— Аптаның қай күні? 

-Зере мен Төренің бүгінгі өтетін әріпімізді  мына хатқа салып әкелген  екен бұл қай әріп екен.
-Кім біледі.
(С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.)
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.

-Балалар енді мына тақтадығы бейне жазбаға қарайықшы

С дыбысы дауыссыз.
— С әріпі сөздің басында
Ортасында,аяғында кездеседі 

3.Ойлан, тап.
а  с  а н   2  1  4 3 
с  б  а    3   1  2 
т с а     1 3 2

4.Сергіту сәті 
Бала-бала,балақан
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарын  айбат, 
Былай-былай ойнат.
5.Тіл ұстарту
         Са-са-са
         Ызыңдайды маса
6.Дәптермен жұмыс 
 Бір,екі,үш
Жинап алып күш
Қолға қалам аламыз
С дыбысын жазамыз
 
— Ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
 
 Сөзжұмбақ шешкізу. 
«Сөйлем құра»
Сақинаны салғызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз ораз тәрізді? (С)    
(Қыс)

(Сейсенбі).


Бұл Сс әрпі мен дыбысы 

Асық , сандық , күнбағыс 

сана
Тас,бас,

Тіл ұстарту
         Са-са-са
         Ызыңдайды маса 
Бір,екі,үш
Жинап алып күш
Қолға қалам аламыз
С дыбысын жазамыз

Тапсырманы орындайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі     ІІІ. Қорытындылау. 
Із арқылы буындарды оқу.
СА, ЛА,МА,СО,СЕ
— Дұрыс айтасыңдар. (сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.
 
Балаларды мадақтау, бағалау

    СА, ЛА,МА,СО,СЕ

 
СА, ЛА,   МА,СО,СЕ

Күтілетін нәтиже:
Білім:      С дыбысымен танысты,сөз,сөйлем құрауға дағдыланды
Білік:      Дұрыс сөйлеу,грамматикалық құзіреттіліктерін дамытты
Дағды:      С әрпін таза,әдемі,сауатты жазуды үйренд

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!