спорттық сайыс

0









спорттық сайыс

Автор: Бердақ Дәмелі Ибадатқызы

Бағыты: Шағын орталық Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

спорттық сайыс балалардың дене шынықтыру жөнінде түсінігін қалыптастыру мақсатында




Спорт – жан серігі спорттық сайыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.Түрі: Эстафеталық ойын.Өтілетін орны: Спорт алаңы.Көрнекілігі: түрлі — түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі Спорт – жан серігі сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топ яғни, Қыран және Сұңқар тобының балалары қатысады. Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Ұстанған салауатты өмір салтын,Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,Болашақ спортшылар келді ортағаҚол соғып қарсы алайық, қане, халқым!- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ — қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ — қазылар өз бағасын береді. Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.Салауатты өмір салтын сақтаңыз,Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.Бала бақша балаларыПарасатты, айбынды,Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.Топпен танысу. (қатысушы топ өзлерін таныстырып өтеді)- Қыран тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.- Сұңқар тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас
бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын. (көңілді әуен қосылып, түрлі жаттығу қимылдары жасалады)Жүргізуші:Құрметті сайыскерлер сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:
І. Кезең. Қос аяқпен секіруІІ. Кезең. Ирелеңдеп жүру
ІІІ. Кезең. Паравоз сайысы
ІҮ. Кезең. Арқан тартыс
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.І. Кезең. Қос аяқпен секіруШарты: Қос аяқпен берілген конусты айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.ІІ. Кезең. Ирелеңдеп жүруШарты: Сызылған сызық бойымен ирелеңдеп жүріп барып, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.ІІІ. Кезең. Паравоз сайысыШарты: балалар паравоз болып жүріп, конусты сапты бұзбай айналып жүріп келеді.Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.ІҮ. Кезең. Арқан тартысШарты: балалар екі жақтан арқан тартысады.Бағалау.Көрсетті міне өз өнерін балалар,Сайыстың да соңы келіп таянар.Жеңімпазды анықтайық қанекей,Әділ — қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ — қазы алқаларына беріледі.Спорт – көркі өмірдің,Спорт — досың, серігің.Жаттықсаң шымыр боларсың,Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!

Бекітемін
Мектеп директоры: О.Маханбетов

Тәрбиеші: Бердақ Д

Еркетай шағын орталығы
2018-2019 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.