Спирттер слайд,презентация — Химия
Спирттер слайд,презентация
Сабақ жоспары:
1.Спирттердің классификациясы
2. Гомологтық қатар .
3. Изомериясының түрлері.
4.Физикалық қасиеттері
5.Алынуы.
6.Химиялық қасиеттері.
7. Қолданылуы.
Сабақтың тақырыбы: Қаныққан біратомды спирттер.
Спирттер дегеніміз, малекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан
(ОН) гидроксил тобы бар заттар.
Жалпы формуласы СnH2n+1OH немесе R-OH
Қаныққан біратомды спирттердің қатары:
1.Метанол, метил спирті
2.Этанол, этил спирті
3.Пропанол, пропил спирті
4.Бутанол, бутил спирті
5.Пентанол, пентил /амил/ спирті
Оқушыларға осы спирттердің молекулалық формуласын ауызша құрастыру тапсырмасы беріледі.
Гомолог қатарының алғашқы 2 өкілі изомер түзбейтін заттар
Ал қалғандары осы берілген класс ішінде тізбек және — ОН тобының орналасуын байланысты құрылым изомерлерін түзеді.
1.Функциналдық тобының орналасу изомериясы
2.Көміртек атомының орналасу изомериясы
3.Классаралың изомерлер /жәй эфирлермен/
Гидроксил тобының орналасуына байланысты спирттерді біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп ажыратады.
Спирттердің жеке өкілдерінің адам организміне зияны туралы:
Метанол СН3ОН – өте улы зат.Адам организміне түскен аз мөлшері оны соқырлыққа алып келсе, 50мл мөлшеріндегі шамасы өлімге әкеліп соқтырады!
С2Н5ОН этанолдың аздаған мөлшері адам организмінің ми қыртысында тежеу туғызып, организмді сусыздандырып, оны уландырса, үнемі қолданған адам миының жұмысы нашарлап, бауырын цирроз ауруына әкеліп соқтырады.