Спаржаны өсіру технологиясы | Скачать Реферат

0


Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Спаржаның сорттары
2.2 Спаржаны өсіру технологиясы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Спаржа-айқас тозаңданатын екі үйлі өсімдік.Спаржа тұқымдасына жатады.Спаржаның көптеген түрлері тек қана шөптектес болып келеді,қалғандары-жартылай бұталы .Ең көп тараған спаржа түрлеріне — қарапайым спаржа және емдік спаржа болып табылады.Ғылыми атауы-Аспарагус.(Asparagus officinalis).Отаны-Жерорта теңізі.Бұл ерте пісетін және қымбат дақыл.Алғашқы өнімді сәуір ,мамыр айларында жинап бастайды,себебі ол кезде өсімдікке дәрумен жетіспейді.Тағамға спаржаның жас сабағын пайдаланады.Бұл дақыл Еуропа мемлекеттерінде ерекше танымалдылыққа ие.Спаржаны оның дәмдік және пайдалы қасиеттері үшін жақсы көреді.Оларды жасаң күйінде немесе оларды буға өңдеу арқылы және ыстық пеште пісіру арқылы қолданады. Спаржа көптеген пайдалы қасиеттер үшін бағаланады. Оның құрамына мырыш, калий, фосфор, кальций, магний, темір сияқты макро және микроэлементтер кіреді. Сонымен қатар В1, В2, В9, С, Е, А, РР топтарының витаминдері. Сондай-ақ, спаржа қоректік өсімдік ақуызымен танымал. Оның құрамына кіретін аспарагин қан тамырларының кеңеюін тудырады және қысымды төмендетеді, сондықтан гипертониямен ауыратын науқастар үшін және инфарктпен ауырған адамдар үшін пайдалы, себебі жүрек жұмысын ынталандырады. Сондай-ақ, аспарагин ағзадан аммиак шығаруға көмектеседі. Спаржа құрамына кіретін магний жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді, ал калий артық сұйықтықты ағзадан шығарады. Спаржа бауыр ауруларында және атеросклероз бен авитаминозды емдеу үшін пайдалы. Ірі тағамдық талшықтардың үлкен құрамда болуының арқасында ас қорытуға және қандағы холестериннің азаюына ықпал етеді. Спаржадан жасалған қайнатпаларды циститтер, пиелонефриттер және несеп-тас ауруы кезінде қолданады. Спаржа сондай-ақ косметологиялық мақсаттарда қолданылады. Оның шырыны жұмсартатын және қабыршақтайтын қасиеттерге ие, бұл оны көптеген косметикалық маскаларға қосуға мүмкіндік береді.

2.1 Спаржаның сорттары
Жасыл Спаржа-Бұл өсімдіктің ең көп таралған түрі, ол басқа сорттарға қарағанда, айқын дәмдік қасиеттерге және пайдалы заттарға ие (1-сурет).

1-сурет
Ақ спаржа-Аспарагустың ең танымал сорттарының бірі. Ақ сорттың нәзік дәмі мен жұмсақ консистенциясы бар, сондықтан оны әрқашан ақсүйектік өнім деп санап, тек ең қымбат мейрамханаларда тағам дайындау үшін пайдаланды.Ақ спаржаны өсіру қиын болғандықтан ,оның бағасы жасыл және күлгін спаржананың бағысына қарағанда қымбат.Ақ спаржаның өркендерінде қанттың мөлшері көп,яғни калория көп(2-сурет).

2-сурет
Күлгін спаржа-жасыл және ақ спаржаға қарағанда сирек кездесетін сорт.Спаржаның дәмі бай,бірақ ащы дәмі сезіледі.Күлгін спаржаны тамаққа көп қоспайды (3-сурет).

3-сурет
Ерте пісетін сорттар
Сәуір айында ерте аспарагустың келесі сорттарының өскіндері пайда болады:
# Аржентельская.Өсімдік алғашында ақ түсті болып шығады,кейін көгеріп,күлгін түске ие болады.Сабақтарының ұзындығы 15-20 см.Салмағы 50 г дейін,диаметрі-шамамен 1,5 см.Бір шаршы метр жерде сорт 2 кг өркенге дейін береді.
# Баклим-Ашық жасыл түстес өсімдік,жұмсағы ақ түсті.Ені-28 мм,ұзындығы 20-25 см .Салмағы 100-140 грамм. Бір шаршы метр жерден 3,5 кг өркен алуға болады.
# Ранняя желтая-сары спаржа сортының ерекшелігі-сарғыш жасыл түстес,ерекше дәмді және жұмсақ өркенімен ерекшеленеді.Бұны жасаң,піскен,консервіленген күйінде пайдаланады.Бір өсімдіктен 250 гр өнім береді.
# Магнус F1-спаржаның ақ түріне жатады.Өнімді үшінші жылдан бастап береді.Басында бір өсімдіктен 110 гр,кейін бесінші жылдан бастап 350 гр дейін бере бастайды.
Орташа пісетін сорттар
Сәуір айының соңында орташа пісетін сорттардың өркендерін жинай беруге болады:
# Мери Вашингтон. өркендері қуатты жасыл күлгін-қызыл түстес ұштарымен және жұмсағы нәзік ,тәтті дәммен.Шыбығының ұзындығы-10-15 мм.Бір өсімдіктен 250 гр өнім алынады.
# Снежная голова. Өсімдіктің ұшатры өткір,ақ түстес.Оларды консервілеуге,пісіруге немесе жасаң күйінде жеуге болады.Бір ашршы метр жерден 2,5-3 кг өркен алуға болады.
# Корольдік. Жұмсағы ақ түстес және қара ұштары бар диаметрі 15 мм-ден аспайтын ашық жасыл өркендері бар. Шыбығының ұзындығы-шамамен 20 см.

2.2 Спаржаны өсіру технологиясы
Спаржа-көпжылдық көкөніс дақылы,ол өзінің суыққа төзімділігімен ерекшеленеді.Оның ұзындығы 1,5 м дейін жетеді.Бір орында 25 жылға дейін өсе береді,осы уақыт аралағында 60 — қа дейін өркен беруі мүмкін. Спаржаның сабақтары- тарамдалған, тамыры-жақсы дамыған, қуатты. Гүлдер-ұсақ, қылқалам тәрізді гүлдерге жиналған. Жемісі — жидек тұқымдармен,қалың қабықпен қапталған.
Спаржаны өсіру агротехникасы
Әсіресе,спаржа өсімдігін жақсы өсіру қоректік заттармен қаныққан борпылдақ құмайт топырақ жағдайында өтеді. Егер топырақ құнарлы болмаса, пісу фактісі бойынша өркендері тым талшықты болады. Тәжірибе көрсеткендей, спаржа қышқыл топырақ пен жақын жатқан жер асты суларын мүлде қабылдамайды. Бұл ретте жақсы өнімді … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!