Сөздің негізі — Қазақ тілі
Сөздің негізі орыс. основа слова — түбірге жұрнақ жалғану арқылы жаңа лексикалық номинативтік мағына білдіретін сөздің кіші бөлшегі. Әдетте негіз деп туынды түбірді айтады: қойшы, сырмақ, саумал, қуаньіш, шегеле, ертінді. Сонымен бірге құрамы әрі қарай бөлшектеуге келмейтін жалан түбірлер де сөздің негізі болады: ат, от, тac, тay, көк, ақ, кел, жүр, жат. Сөз негізінің бұл екі түрі (жалан және туынды түбірлер) бір-бірімен байланысты: жалан түбір туынды түбірдің тудырушы негізі болып табылады: мал — мал-шы, мал-сақ, мал-ды, мал-сыз. Туынды түбір де сөз тудырушы негіз қызметін атқарады: малшы-лық, малсыз-дық.