Сөздердің орын тәртібі — Қазақ тілі — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерін жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.