Сөз және оның мағынасы, синоним, антоним, омоним
Тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2. 2. 2. 1* — синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
2. 3. 6. 1 — бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
2. 4. 2. 2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану
Сабақ мақсаты Оқушыларға сөздердің мағынасы туралы түсіндіру. Сөз мағынасымен жұмыс істеуді үйрету
Сабақ нәтижесі:
Мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазады.
Сөздердің мағынасын түсіндіреді
Ресурстар: Оқулық, кесте
Құндылықтарды дарыту: Көркем жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, музыка
Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрер
Достарым көп, білемін!
Ортасы
Білу мен түсіну.
(Ұ) 1) Мәтінді түсініп оқы. Түсінбеген сөздерді сөздіктен біліп ал.
Кестедегі сөздер қай топқа тиісті. Оларды кестеге орналастыр
Ережемен танысу
*Сөз – заттың, сапаның, қимылдың санның атауы
2. Суретке қара.. Суретте қандай ойын түрі бейнеленген?
Футбол сөзі нені білдіреді?
*Сөздің лексикалық мағынасы болады
3. Сурет бойынша әңгіме құра. Суреттегі баланың көңіл — күйінің өзгергенін неден байқауға болады?
4. Жатқа жаз.
Далбаңдап кеп доп тепті,
Терезеге дөп тепті.
Д: қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді
Бастауыш сынып мұғалімі: Сембаева Бейбитгул
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/