Сөз және оның мағынасы сабақ жоспары

0
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Боксшы
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
— тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
— синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
– жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету
– көптік жалғауларын дұрыс қолдану
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
*Қарама — қарсы сөздерді анықтайды.
*Айтылуы бір, мағынасы әр басқа сөздерді табады.
*Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздерді ажыратады және қолданады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, слайд.
Әдіс — тәсілдер: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу.

Басталуы
Топқа бөлу /топ қағидаларын айтып, топ лидерін сайлау./
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ:
ҚОЛ ҰСТАСЫП БӘРІМІЗ,
ЖЫЛЫЛЫҚТЫ СЕЗЕМІЗ.
ШУАҚ ШАШҚАН КҮНДЕЙ БОП
КҮЛІМСІРЕП ЖҮРЕЙІК.

Ортасы
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.. Қызығушылықты ояту.
А) «ОЙ ТОЛҒАУ» СТРАТЕГИЯСЫ
— Балалар, енді біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Интерактивті тақтада сағаттың суреті берілген. Өздерің көріп отырған сағаттағы 19әріптен 4сөз шығару керек. Ол үшін сағат тілі бойынша белгілі бір жүйемен ешқандай әріпті аттамастан, рет — ретімен оқысаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Оқушылар сағат тілімен оқи отыра, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды)
— Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы».
— Енді мақсат қойып алайық (Оқушылардың жауаптары)
— Әр түрлі тапсырмалар, жаттығулар орындаймыз;
— Сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеміз;
— Сөздердің өзіне тән мағынасы болатынын түсінеміз
*Жекпе — жек
/Әр топ тапсырмасын алады, сол тапсырма бойынша негізгі тақырыптарын ашып, ережесіне тоқталады.

Мектеп: М. Ломоносов атындағы №5 омл
Мұғалімнің есімі: Жамаубекова Алия Советқалиқызы
Сөз және оның мағынасы. Боксшы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/