Сөз тіркесі — Қазақ тілі
Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.[1]
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
Қайрат баяндады;
балаларға баяндады;
Досанмен болған;
болған әңгіменің;
әңгіменің мән-жайын;
мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Мазмұны [жасыру]
1 Сөздердің байланысу тәсілдері
2 Сөздердің байланысу түрлері
2.1 Қиысу
2.2 Меңгеру
2.3 Матасу
2.4 Қабысу
2.5 Жанасу
3 Тағы қараныз:
4 Дереккөздер
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:
Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.
Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.
Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.
Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.
Сөздердің байланысу түрлері
Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар — қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Қиысу
Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.
Мысалы:
Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқушымын Біз оқушылармыз
2-жақ Сен оқушысың Сендер оқушыларсыңдар
Сіз оқушысыз Сіздер оқушыларсыздар
3-жақ Ол — оқушы Олар — оқушылар
Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқимын Біз оқимыз
2-жақ Сен оқисың Сендер оқисыңдар
Сіз оқисыз Сіздер оқисыздар
3-жақ Ол оқиды Олар оқиды
Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.
Меңгеру
Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.
Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару
Матасу
Матасу — сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі
Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.
Қабысу
Қабысу — сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
Жанасу
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.
Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.
Тағы қараныз:
Сөз айшықтары
Сөз варианттары
Сөзге морфемдік талдау
Қаратпа сөз
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу формалары
Сөздердің орын тәртібі
Сөздік
Сөздік ұя
Сөздің қызметі
Сөздің лексикалық мағынасы
Сөздің негізі
Сөздің ішкі формасы
Сөзжасам
Сөз қолданыс
Сөз құрамы
Сөз мәдениеті
Сөз таптары
Сөзтұлға
Сөз
Сөз енгізу
Сөз синтезі
Сөйлем
Модаль сөз
Сөз табы
Ділмәр Сөз
Дәйек сөз
Қыстырма сөз
Төл сөз
Төлеу сөз
Етістікті сөз тіркестері
Қосалқы Сөз
Есімді сөз тіркестері
Байырғы сөз
Қос сөз
Басқарушы сөз
Индекстік сөз
Қарапайым сөз
Сөз Бостандығы
Қысқарған сөз
Машиналық сөз
Алғы сөз
Бөгде сөз
Басқаратын сөз
Туынды сөз
Резервтелген сөз
Сөз қолданылуы
Сөз тіркесінің сыртқы формасы
Сөзбе-сөз аударма
Сөз түбірі
Сөз қолдану ерекшеліктері
Еліктеу сөз
Ақындармен сөз жарыстыру
Даналардан шыққан сөз
Сөз (дауыс) поштасы
Сөз енгізу құрылғысы