Сөз айшықтары — Қазақ тілі

0

Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
«Сөз айшықтары» термині эр түрлі мағынада қолданылады, бірақ оны лингвистикалық мағынада қалыптастыру үрдісі бар. Фигура риториканың поэтикалық семантикамен байланысты негізгі бөлімі ретінде қарастырылып, мағынаны өзгертудің, нормадан ауытқудың құралы деп түсіндіріледі. Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыс барлығына күмән келтірген элеаттық Философиялық мектептін өкілдері (б. з. д. 6—5 ғасырлар) мұндай байланыстың шарттылығын ескерігі, бұрынғыдан өзгеше, стилистикалық жағынан бейтарап жаңа формалар жасауға болады деп жорамалдаған. Белгілі бір мазмұнды эр түрлі тілдік формалармен (айшықты оралымдармен) беруге болатындығын мойындау стилистикалық қажетті формаларды тандау идеясына және оларды тындаушының жан дүниесіне эсер ету мақсатында қолдануға алып келді. Сөйтіп, тіл әзінің айшықты оралымдары арқылы тыңдаушыға психикалық әсер етудін құралына айналады. Сөз айшықтары туралы ілімнің бастауында «фигура» терминің сөйлеу құрылымына жатқызған Аристотель тұр. Аристотель мен оның жолын куушылар Сөз айшықтарын алғаш рет зерттеу объектісі етті. Эллинизм дәуірінде Сөз айшықтары термині қолданыска толық енген. Оның толық топтастырылуы Цецилий (1 ғасыр) шығармаларында берілген.
Сөз айшықтарының антикалық топтастырылуында екі принципке мән берілген:
Бірі — семантика-стилистикалық принцип, оған Сөз айшықтарының дәлдігі (жіктеу, санамалау, қайталау, сөйлеудің қатандығы, майдалығы, шапшандығы, қызулығы, маңыздылығы) жатады,
Екіншісі — құрылымдық принцип, оған Сөз айшықтарын өзгерту, қосымшалармен үстемелеу, қысқарту, орын ауыстыру, қарама-қарсы қою т.б. жатады. Сөз айшықтарымен мақсаты бір троптардың топтастырылуы да осыған құсас.
Мәтін лингвистикасының қалыптасуы, танбалар жүйесі туралы біртұтас ғылымның пайда болуы, мәтін мен риторикаға тілдік дәстүрдің енгізілуі Сөз айшықтарын жаңаша қарауға, ен алдымен Сөз айшықтары мен стилистикалық (риторикалық) айшықтардың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.
Мәтіннің лингвистикалық теориясында Сөз айшықтары деп парадигма жасайтын кез келген қарапайым синтаксистік типтердің сөйлеу практикасы кезінде көрінуін айтады. Бұл мағынада бейтарап мәтінге бейтарап Сөз айшықтары, яғни қарапайым синтаксистік типтер сәйкес келеді.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!