Сот құрылысы | Скачать Реферат

0


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі

Мәнжазба
Тақырыбы: XIX ғ. 60-70 жылдардағы реформалар негізінде Қазақстан құқығы және әкімшілік құрылысы

Дайындаған: Маратқызы Н. 102 топ
Тексерген: Акмагамбетова М.Н.

Ақтөбе қаласы — 2017 ж

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар
а) Әкімшілік басқару құрылымы
ә) Сот ісін басқару құрылымы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі. Экономикалық Реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді.

1867-1868 жж. реформалар.
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды.
Патша — өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең — кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери — әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі — отарлаушы елдің ішкі қуат көзі — этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.
1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.

Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
— Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
— Әлеуметтіқ — экономикалық жаңалықтар енгізу.
— Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
1867 жылғы 11 шілдеде — Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже бекітілді.
1868 жылы 21 қазан — Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже бекітілді.
1. Әкімшілік басқару құрылымы:
2. Генерал-губернаторлық
(басқарушысы — генерал-губернатор)
Орынбор Батыс Сібір Түркістан (орт-Орынбор) (орт-Омбы) (орт-Ташкент)
Облыстар
(басқарушысы — әскери-губернатор, атаман)
1. Орынбор 3. Ақмола 5. Жетісу .
3. Төрғай 4. Семей 6. Сырдария
4.Уездер
(басқарушысы — уезд бастықтары)
Орал Елек, Қостанай, Ырғыз
Атырау Төрғай, Баянауыл, Зайсан,
Калмыков Көкпекті, Қарқалы, Павлодар,
Жем (Темір) Өскемен, Сергиеполь, Қапал
Көкшетау Верный, Ыстықкөл, Төкмақ,
Петропавл Туркістан,Шымкент, Сарысу (1869)Әулиеата, Ташкент, Қазалы,
Перовск, Ходжент , Жизақ.
Болыстар
(1-2 мың, кейде 3 мың шаңырақ)
(басқарушысы — болыс султаны)
Ауылдар
(100-200 шаңырақ)
(басқарушысы — ауыл старшыны).
Сөйтіп 5 сатылы басқару жүйесі құрылды.
Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер бекіністер уезд бастығына бағынды.Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың усынысы бойынша генерал — губернаторлар тағайындады.
Генерал — губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.
Әскери — губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастрылып, оны вице — губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен турды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру.
Әкімшілік басқару әскери сипатта болды.
— Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді.
— Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді.
— Реформаның басты қағидасы. Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы.

Сот ісін басқару құрылымы:
Әскери — сот комиссиялары
Уездік соттар
Билер мен қазылар соты
Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатың жургізу құралы болды. Әскери — губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты — отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Сот ісіндегі басты өзгеріс — ескі шариғаттық салттардың шектелуі.

Реформа нәтижесі.
1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
2) Феодалдық — патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1886 — 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
1867-1868 жылдардағы … жалғасы