Сабақтың тақырыбы:Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерініңқұрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары. |
Мұғалімнің аты-жөні:Күні: |
СЫНЫП: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру |
Сабақ нәтижесі: |
Барлық оқушылар: Орталық жүйке-жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін біледі.Оқушылардың басым бөлігі: Жұлынның құрылысын біледіКейбір оқушылар: Жүйке жүйесінің жалпы құрылысын біледі |
Бағалаукритерийі |
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің ерекшеліктеріЖұлынның құрылысы мен қызметі |
Тілдік құзіреттілік |
Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерініңқұрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу |
7.1.7.2 – жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компонеттерін атау.7.1.7.3 – жүйке жасушасының компонеттерін анықтау. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
Басталуы5 минут |
Сабақтың барысыI Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесу Ә) ТүгелдеуЫнтымақтастық атмосферасын құру. (сәттілік тілеу)Поровоз әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау Әр оқушы жауап берген сұрақтарға бас бармақ әдісі арқылы бағаланады. |
Ми бөліктері |
|
Жаңа білім10 минут |
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жүйке жүйесі тәуелсіз екі критерий- ге байланысты бөлінуі мүмкін. Оны мүшелердің орналасуы немесе атқаратын қызметі бойынша бөліктерге бөлуге болады. Орналасуы бойынша жүйке жүйесінің барлық мүшелері екі: орталық және шеткі жүйке жүйесіне бөлінеді.Орталық бөлім немесе орталық жүйке жүйесіне басты мүшелер: жұлын мен ми кіреді. Орталық жүйке жүйесін қысқартып, ОЖЖ деп атайды. Ағзаның жұмысын жүйке жүйесінің орталығы – жұлын мен ми басқаратыны атауынан-ақ көрініп тұр. Желілі жануар неғұрлым жоғары құрылымды болса, оның жүйкелік реттелуінде ми соғұрлым үлкен рөл атқарады. Керісінше жануар неғұрлым қарапайым болса, оларда жұлын соғұрлым көп қызмет атқарады. Жұлын. Жұлын омыртқаның жұлын-ми өзегінде орналасқан және бүкіл дене бойымен созылып жатыр. Омыртқаның сүйек ұлпасы сауыт тәрізді жұлынды механикалық зақымданудан қорғайды.Жұлынның құрылысы. Жұлында барлығы 31 сегмент бар. Жұлын сыртынан үш қабықшамен қоршалған. Олар қорғаныш әрі тірек қызметін атқарады. Ең ішкі қабықшасы жұмсақ қабықша болып та- былады, ол ми жасушаларына тығыз жанасып жатады. Ең сыртқысы – қатты, ол тығыз болады. Ішінен омыртқа жотасының сүйек ұлпасымен тікелей тұтасып кетеді. Олардың арасында торлы қабықша деп аталатын қабықша болады. Ол жұлын-ми сұйықтығы толы кеңістікте болады. Осы үш қабықша мен сұйықтық мида да болады.Ішінде, ортасында, бүкіл жұлын бойында жұлын өзегі өтеді. Ол да жұлын сұйықтығына толы. Ол қан жасушаларынан ми жасушала- рына оттекті, қоректік және басқа да пайдалы заттарды береді. Ал ми жасушаларында түзілген зиянды заттар – шлактар алдымен жұлын сұйықтығына, кейін қанға түседі. Жұлынды көбелектәрізді сұр зат қоршайды. Бұл – жұлын нейронның, дендриттер мен денелердің шоғыры. Сұр затта пішіні көбелек қанатына ұқсайтын өсінділер болады, ол «мүйіз» деп аталады. Әрбір сегмент алдыңғы (құрсақ) екі және артқы (жұлын) екі «мүйізден» тұрады. Кеуде, бел бөлімінде алдыңғы және артқы «мүйізден» басқа екі бүйір «мүйіз» қалыптасады.Сұр зат сыртынан ақ зат қоршап жатыр. Бұл – аксондар шоғыры. Сұр зат мүйізінен ақ заттың алдыңғы және артқы «тамыршалары» та- райды. Құрсақ (алдыңғы) тамыршалар мен «мүйіздер» – қозғалғыш. Олар мидан бұлшық етке жүйке импульсін жіберіп, оларға жиырылуға және белгілі бір қимыл жасауға команда береді. Ал жұлын (артқы) тамыршалар мен «мүйіздер» – сезімтал. Олар арқылы миға сезімтал жасушалардан – рецепторлардан ақпарат өтеді. |
Сопақша ми КөпірОрталық миАралық ми |
|
Ортасы10 минут
Аяқталуы Сабақты бекіту10 минут
|
Жаңа білімді қалыптастыру.Оқушылар арнайы бүгінгі тақырыпқа қатысты терминдерді таңдайды.Нейрондар, Аксондар, дендриттер, синапс,орталық жүйке, шеткі жүйке жүйесі, нейрон, аксон, дендрит, тоғысу, орталық жүйке, шеткі жүйке Жазылым дағдысын қалыптастыру (дәптермен жұмыс)Оқушылар ой тұжырымдарын, сызбаларын қорғап бағалау парақшаларын толтырады.Венн диаграммасы (құрылысымен қызметін салыстыру)
Дескриптор -Жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметін сипаттайды;-Нейрондардың түрлері мен қызметі арасындағы сәйкестігі анықтайды
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
|
РефлексияСабақ / оқумақсаттарышынайыма?Бүгін оқушыларне білді?СыныптағыахуалҚандай болды?Мен жоспарлағанСаралау шараларытиімді болды ма?Мен берілгенУақыт ішіндеүлгердімбе? Менөз жоспарымақандай түзетулеренгіздім жəненеліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкесКелетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыЖетілдіруге көмектесетін не білдім? |