Home Білім Сойыс малының жалпы сипаттамасы | туралы қазақша

Сойыс малының жалпы сипаттамасы | туралы қазақша

0
116

Сойыс малының жалпы сипаттамасы. Малды бордақылау, тасымалдау, қоңдылығын анықтау және союға дайындау. Ет өндірісінде етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет өндірісіне қолданады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс малы деп атайды. Бізде сойыс малына ipi қара, жылқы, түйе, шошқа, eшкi, бұғы, коян және үй құстарының бәрін жатқызады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдерді сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өcipy, бордақылау) ұжым, кеңшарлардың арнайы фермаларында, бордақылаукешендерінде,  кооператив мекемелерінде, құс фабрикаларында, т.б. орындарда жүргізіледі.

Қазіргі  кездегі фермерлік, жеке шаруашылықтардың өркендеуіне байланысты келешекте ет өндірісін қамтамасыз етуде олардың улес салмағы да жоғары болманџпы. Соңғы жылдары мал басының біршама кeмуiнe қарамастан, Қазақстанда ет және де басқа мал өнімдерін өндірудің мүмкіншілігі зор.

Мал өнімдерін  арттыруға мал азығының және әр түрлі аурулар үлкен зиян келтіруде.  Мал өлімін  азайту мал көбейтуде үлкен табыс көзі болатындығын төмендегі мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың ipi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой-ешкі өлім-жітімге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 207,41, 31266 мың бас болды.

Малдың қоңдылығын анықтау. Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы — сойыс малының сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі.  Малдың күйін оның етінің жетілуіне және тері астына жиылған май мөлшеріне қарап анықтайды. Ол үшін        малдың сыртқы пішініне, арқасының тегістілігіне, ішіне, сан, жауырын еттерінің толықтығына назар аударады және тepi астындағы май жиналған жерлерін  ұстап көреді. Астына май жиналған жердегі тepici оңай қозғалады. Tepi астына май алдымен құйымшақ, соңғы қабырғаларына жиналады, сонан соң алдыңғы жағына тарайды. Аса ceміз малда май жауырын және алдыңғы қабырғалар шамасында қалыптасады. Жас малда май тері астына қарағанда еттің арасына, ал кәpi малда ішкі ағзаларда және тері астына көбірек жиналады.

Жылқының коңдылығын етінің жетілуімен қатар арқасындағы, кеудесіндегі, беліндегі және жалындағы майды ұстап көру арқылы анықтайды. Түйенің семіздігін оның өркешіне жиналған майға қарап ажыратады. Қой және ешкіде олардың жүнінің тығыздығына және ұзындығына байланысты семіздігін сыртқы пішініне  қарап ажырату қиын, тepi астындағы майды арқасын сипап анықтайды. Сонымен қатар құйрықты қойлардың құйрығына жиналған майдың шамасы байқалады.

Шошқаның қоңдылығын оның 6,7-кеуде омыртқаларының үстіне  жиналған майдың калыңдығына қарап ажыратады.

Тауықтың  семіздігін анықтатанда оны қанатынан басын өзіне қарата ұстап, төс еттерінің жетілуін байқайды және сан eтінe жиналған майды ұстап көреді. Қаз, үйректе май қанат астына жиналады. Майдың қоңдылығын анықтауда оның тірілей  салмағын білудің  маңызы зор.

Малдың  салмағын таразыға тарту немесе кейбір  өлшемдер арқылы анықтауға болады. Мал салмағы оны азықтандырудан немесе суарғаннан 2-3 сағаттан соң өлшенеді. Ішек-қарындағы заттар үшін  табылған салмақтың 3% -ы  кемітіледі. Егер өлшеу 3 сағаттан кейін жүргізілген болса, әр сағатқа салмақты кeміту 0,5% азайтылады, ал таразыға тарту малды азықтандырудан 6 сағат кейін жүргізілсе, ішек- қарындағы заттарға салмағын кемітпейді. Сонымен қатар малдың тірілей  салмағы бойынша қабылдағанда терісінің тазалығын, буаздылығын ескереді және малдың салмағын арттыру мақсатында артық жем,

су берілмеуін кадағалайды. Малдың тірілей салмағын кейбір өлшеулер арқылы да анықтауға болады. Әрине, бұлай анықтау дәл бола бермейді, бірaқ кейде мал салмағын шамалап анықтауға пайдаланылады. (Ол мал тұқымына, жасына, жынысына байланысты).

Жылқының тірілей салмағын анықтау үшін жауырын артынан өлшенген жуандығын жеңіл жылқы  үшін — 2, 7, орта жылқы үшін — 3,1, ауыр жылқылар үшін -3,5 коэффициентіне көбейтеді. Малдың қоңдылық дәрежесі мемлекеттік стандартта көрсетілген бойынша анықталады. Ipi қара (МЕМСТ 5110-87) жасына, жынысына байланысты 4 топқа бөлінеді:

1) сақа мал — жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және салмағы 350 кг-нан кем бір рет бұзаулаған сиыр;

2) бірінші тума сиыр — жасы үшке жетпеген, салмағы 350 кг-нан артық (барлық шегерулерден  кейін) бір рет бұзаулаған сиыр;

3) жас мал — жасы үш айдан үш жылға дейінгі  тана — торпақ, өгізше, бұқа;

4) бұзау — жасы он төрт күннен үш айға дейінгі төл.

Қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың eкi категориясын ажыратады. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі көрсеткіштер  бойынша жатқызады: еттің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап      сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйегінің басы, құйымшақ басы аздап шығыңқы. Tepi астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің басында байқалады.  Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.

Екінші дәреже — етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні цүшықтау, жауырыны шығыңқы, сан eтi ысылған, арқа және бел омыртқалардың жоталық өсінділері жамбас сүйектің, құйымшақтың басы шыгыңқы, тepi астына май арқада және құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған май байқалмайды қатпарланған.

Бұқаның бірінші дәрежелі қоңдылығы — төмендегі көрсеткіштерден  кем болмауы қажет: кеудесі жұмыр, eтi жақсы жетілген, арқасы, белі, және сауыры жалпақ емес, саны, жауырыны тартыңқы.

Бірінші тума сиырдың бірінші дәрежелі қоңдылығы – кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры және саны толық,басы байқалады, құйрық түбін май басқан. Екінші дәрежелі қоңдылықта малдың кеудесі толық толық жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқарардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы шығынқы, тepi астында май байқалмайды.

Сойысқа арналған жас мал салмағына, жасына байланысты таңдаулы, бірінші, екінші және үшінші  болып төрт класқа  бөлінеді. Таңдаулы класқа тірідей салмағы 450 кг-нан артық, бірiншi класқа 400-500 кг-ға дейін, екінші класқа 350-350 кг, үшінші класқа 300-350 кг малды жатқызады.

Бірінша класқа жататын малдың  кеудесі жұмыр, бұлшық еттері жақсы жетілген,  омыртқалардың жоталық өсінділері құйымшақ, жамбас сүйектің басы аздап шығыңы, құйрық түбінде май байқалады.

Екінші класқа жататын мал аса жұмыр емес, омыртқалардың жоталық өсінділері  құйымшақ, жамбас сүйектің басы шығыңқы, тepi астында жиналған май байқалмайды.

Бұзаудың қоңдылығы төмендегі көрсеткіштер бойынша ажыратылады: бірінші дәрежелі қоңдылық – тірідей салмағы 30 кг-нан кем емес, сүтпен қоректенeтін, eтi қанағаттанарлық жетіоген, омыртқаның жоталық өсінділері байқалмайды,  жүні жылтыр,көзінің кілегейлі қабығы ақ, жілігі ақ немесе қызғылт реңкілі, epiнi, таңдайы ақ немесе сарғыш.

Екінші дәрежелі қоңдылық (қосымша азықтанған) етінің  дамуы аса қанағаттанарлық емес, омыртқаның жоталық өсінділері байқалады, көз қабығының, еріннің, жіліктің, таңдайдың  кілегей қабығы қызғылт реңді.

Қой, ешкі қоңдылығы (МЕМСТ 5111-55, 1975 жылы тексерілген)

жоғары, орта және ортадан төмен болып үш дәрежеге бөлінеді.

Жоғары дәрежелі қоңдылықта — арқа және бел бұлшық eттepi жақсы жетілген,  арқа, бел омыртқаларының (шоқтықтан басқа) жоталық өсінділері білінбейді.

Tepi астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде жақсы білінеді. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы .

Орта дәрежелі қоңдылықта арқа, бел eттepi қанағаттанарлық жетілген, бел омыртқалардың жоталық өсінділері, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал арқа омыртқаларының жоталық өсінділері шығыңқы; беліндегі, тepi астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.

Ортадан төмен қоңдылықта eтi төмен, омыртқарардың жоталық өсінділері, қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектің басы жақсы байқалады, тepi астында май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында аздаған май жиналған. Жалпы қойдың жүні қалың әpi тығыз болғандықтан, оның қоңдылығын ажырату едәуір қиындық туғызады. Тапсырушы мен ет комбинаттарының қызметкерлерінің арасында мал коңдылығын ажыратуда келіспеушілік болса, мал қоңдылығын ажырату үшін тексеру сойысы жүргізіледі де,  еттің сапасы бойынша қоңдылығы ажыратылады.

Жылқы қоңдылығы МС(20079-74, 1986 Ж.). Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы – жасы үштен асқан, жас мал — жасы үш жылға дейін және құлын, жасы бірге толмаған – салмағы 120 кг-нан артық жабағы, тай. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы – еті жақсы дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқалардың жоталық өсінділері, қабырғалары байқалмайды, жалын, құйрық түбін май басқан.

Екінші дәрежелі қоңдылық – еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы байқалғанмен саусаққа білінбейді. Жалында аздаған май байқалады. Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады – еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен қатар мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық  дәрежесінде шоқтығының шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен, еті өте жақсы дамыған болса, бірінші дәрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.

Түйе. Жасына байланысты түйе де үш топқа бөлінеді. Сақа мал – жасы төрттен асқаны, жас мал – екіден төрт жасқа дейінгі және бота және салмағы 250 кг-нан артық, жасы екі жылға дейінгі тайлақ. Қоңдылығына байланысты сақа және жас түйенің бірінші және екінші дәрежелі қоңдылығын, ал ботаның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады. Сақа және жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы – тұқыр жұмыр, еті жақы дамыған, сан және жауырын еттері толық. Өркеші тік немесе аздап жантайған, өркеш түбінде май жақсы байқалады.

Екінші дәрежелі қоңдылық – етінің дамуы қанағаттанарлық, сан еті аздап тартыңқы, өркеші майға жарымына дейін ғана толған, бір немесе екі жағына жантайған, арқасында өркеш маңайында май байқалмайды. Бота – салмағы 250 кг-нан артық, еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеудн тұрқы қушықтау, қабырғасы, жауырыны шығыңқы.

#Сойыс #малының #жалпы #сипаттамасы