Славянофилдер мен батысшылар ағымы – Философия – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

«Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу  княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс  халқының «ұлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын православиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде  дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген «Мәскеу – үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.

Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басға Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті Ақырында,   большевиктер   бұл   шиеленісті   «батысшылардың пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді.

Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және қалай қарай дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылануына әкеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзқарастарының «славянофилдерге»! жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.

Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз.  Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев  Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде кұруы керек.

П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін  тигізіп,  «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинс­кий т.с.с. жатқызуға болады.

В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами- руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарып, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке қарай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы… – бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» – деп қорытады В.Г.Белинский.

Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқарасқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?

«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.

Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек.

Олар «патшанікі – патшаға, Құдайдікі – Құдайға» деген қағиданы  ұстады. Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал

ішкіі жаңару – православиелік халықтық мәдениеттің ісі. Тек ішкі

рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады.

И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық ізінің ішкі мүмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды.

Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі – Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? – деген сұраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады.

Қауымдасып өмір сүру – Ресей халқының табиғатына тән нәрсе.           Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз