Сиқырлы жолдар балабақшадағы тәрбие сағаты

0
56

Мотивациялық – танымдық

 Шаттық шеңбер

«Күн шуағы»

Күлімде күн күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын.

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, біз- көңілді баламыз!

Қайырлы күн, біз – сүйкімді баламыз!

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем!, Сәлем!, Сәлем!

 Балалар шаттық шеңберге тұрып бір – біріне қарап жаттығуды қайталайды

Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Жұмбақ.

Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады  

Тәрбиеші:- Балалар бізге қояндар қонаққа келіпті, қояндар жолдың бойымен секіріп келеді.

Кәне қояндардың түсін айтыңдаршы қандай?

Тәрбиеші:-Ал балалар алдарыңда екі жол жатыр, кәне салыстырайық

Тәрбиеші:- Ал біздің ақ қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?

Тәрбиеші:- Ал біздің көк қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?

Салыстыру әдісі

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы кәне сластырып көрейік қай қоян бірінші келді?

Себебі неде?

Ойын: «Сиқырлы жолдар»

Д/о «Сәбіздерді салыстыр»

Тәрбиеші- Қояндар қонаққа келді кәне қояндарға кім тақпақ айтып береді?

Сергіту сәті:

Қ/ о «Түлкі мен қояндар»

Тәрбиеші: – Балалар біз қандай сандарды білеміз?

«Кім көп біледі?» ойыны.

Санамақ айту.

Тәрбиеші:- Балалар қандай ақылды балаларсыңдар, бәрін біледі екенсіңдер. Енді пішіндер туралы не біледі екенсіңдер?

Тақтамен жұмыс.

Пішіндердің түстері қандай?

д/о «Қоянның үйі»

Жауабы:

Қоян.

Ақ қоян, көк қоян.

 Жолдарды салыстырады

Ұзын жол, қысқа жол.

  Ұзын жол,түсі қызыл.

Қысқа жол, түсі сары.

Балалар жолдарды салыстырып, көк қоян бірінші келгенін айтады

Себебі: жол қысқа.

Жолақшаларға қояндарды орналастырып ойнайды

Сәбіздерді салыстырады.

Ермахан:

Ақ қоян- ау , ақ қоян

Үркек қоян, сақ қоян.

Қарша берсең қалыңға,

Қорқағым деп ат қоям.

Дарина:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.

Балалар көңілденіп ойнайды.

Бір. екі, үш.

Балалар санамақ айтады.

Балалардың жауабы:

Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Қызыл , жасыл, сары.

Геометриялық пішіндерден қояндарға үй құрастырады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!