Сиқырлы күз

0









Сиқырлы күз

Автор: Бәжікенова Салтанат Асқарбекқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-02


Материал туралы қысқаша түсінік

Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.




«Сиқырлы күз»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері! Сиқырлы күз атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме? Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.Жүргізуші: Дұрыс балалар. Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф… үрлейді)Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге не келе жатыр? (тыңдайды) Таң атпай тұрыптыОйқастап жүріптіЖан – жаққа қараптыАйдарын тарапты, — бізге келе жатқан не екен?Залға әтеш кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім.Жүргізуші: Қош келдің! Біз Алтын күзді тойлап жатырмыз. Бізбен бірге тойла. Әтеш: Рахмет! Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме? — Иә, білеміз!Әтеш: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).Қандай жаңбыр ойыны ойналады.(Әтеш басқарады: Жай жаңбыр дегенде қолды жай соғады. Қатты жаңбыр дегенде қолды қаттырақ соғады.)Әтеш: Тамаша, балалар!Ал, балалар, сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар. Қане, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші.Балалар тақпақтар айтадыЖүргізуші:Қызыл, жасыл, сары алтындайЖапырақтар күздің көркіОйланайық, толғанайықӘсем әуен әнге елтіп!Ән « Жанбыр»Әтеш: Ой, балалар,қандай тамаша ән, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме? Залға түлкі келеді:Мен түлкімін күлкілі,Кім білмейді түлкіні.Алдамаймын ешкімді,Алтынданған күз күні.Жүргізуші: Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздіңбалаларымыздың биін тамашалаңызТүлкі: сендер сондай кішкентайсыңдар, биін билі аласыңдар ма?Түлкі: Ой, жарайсыңдар, кішкентайлар!Залға алма ағашы тұрады.Жүгіріп қоян кіреді.Қоян: Ой, мына алмалардың тәттісі ай, қызығып тұрғанымды қараш,рұқсат сұрамай ақ жей берейінші,(жейді)Жүргізуші:Сен қоян неге рұқсатсыз алманы жейсің?Қоян: Ой балалар кешіріңдерші, мен жай қызығып кеттім де, бұл қандай алма өзі, керемет тәтті екен.Жүргізуші: Ол мына балалардың бағында өскен алма емеспе,олар ала жаздай осы ағашты күтіп су құйып баптады.Қоян: Ой балалар ,менің тәртіпсіздігімді кешіріңдерші, енді олай істемеуге уәде берем.Жүргізуші: Балалар,қоянды кешіреиікпе?Балалар: Иә кешіреміз.Қоян: Мен сендерге ойын ойнауға сәбіз алып келдім. Кім көкөністер мен жемістерді ажыратып тез жинайды екен? Ойын: Жемістер мен көкөністерді ажырат?Қоян: Ой, рахмет, балалар!Түлкі: Сұр қоян, осы сені неге желаяқ деп атайды?Қоян: Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сондықтан мен желаяқ атандым.Түлкі: Ой сұр қоян, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба?Қоян: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.( Түлкі қоянды қуады, жете алмайды).Түлкі: Сұр қоян, сен расында жеткізбейді екенсің.Қоян: Балалар, сендер мен сияқты секіре аласыңдар ма? Олай болса менің қимылымды қайталаңдар. ( Балалар қоянмен бірге билейді)Қоян: Рахмет, балалар! Түлкі: Бүгін біздер ойнадық таӘн салдық та, биледікҚоштасатын кез де келдіБіздер енді кетейік.Қоян: Сау болыңыздар, балалар!Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге әтеш те, қоян да, түлкі де келді. Ал сиқырлы күз болса әлі жоқ. Біздер Күз туралы ән шумақтарын орындап, сиқырлы күзді ортаға шақырайық.Ән « Алтын күз»Залға күз кіреді:Сәлем, өрен достарымАлақанды тос бәріңҚымбатты сый алыңдар,Қызығыма қаныңдар.Ән салыңдар, күліңдерЖайнап гүлдей жүріңдер,Кел, күз тойын тойлайықБи билейік, ойнайық!Сәлеметсіздер ме, балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені Жомарт күз , — деп те атайды. Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз сізбен бірге биін билегісі келіп тұр.Күз: жақсы билесек билейік.Қыздардаң биі «Көбелектер»Жүргізуші: Күз арқылы білемізЖомарттықтың салтын бізБіз өзіңді сүйемізБалалар күзбен бірге ойын ойнайықОйын: «Тамшылар мен жапырақтар» (Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)Күз: Жарайсыңдар, балалар! Жүргізуші: Күн менен су бар жерде Бау – бақшада гүлденер. Ортаға шық, балалар, Кім көп теріп үлгерер.. Жүргізуші: «Алтын күз» ертеңгілігін тамашалап келіп отырған ата-аналарымызға, балабақша басшыларына сөз беру. Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен сиқырлы күз атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.