Синтагматика — Қазақ тілі

0

Синтагматика[1] —
Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі — сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау. Бұл тұрғыда Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы құбылыс ретінде танылады;
Тілдік бірліктерінің арасында болатын, тура қалыптағы байланысты білдіретін — «сөйлеуде не мәтінде бір мезгілде іске асатын Синтагматикалық қатынас» ұғымының синонимі;
Синтагма туралы ілім; тілдік бірліктерінің горизонтал (келденең) қалпындағы Синтагматикалық қатынастары туралы ілім. Синтагматикалық қатынастар тіл деңгейлерінің бәрінде байқалатындықтан, олар фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық Синтагматика т.б. түрде қарастырылады

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!