Синонимия — Қазақ тілі

0

Синонимия (гр. synonymia — аттас, мәндес) — тіл бірліктерінің мағыналары толық немесе жартылай сәйкес келетін семантикалық қатынастардың түрі. Синонимия тілдің лексикалық фразеологиялық, грамматикалық, сөзжасамдық жүйесіне тән. Синонимия шындық өмірдегі қасиеттерді бейнелейтін, эр түрлі типтегі тілдердің қай-қайсысында болсын болатын құбылыс. Синонимияның табиғаты тіл бірліктерінің семантикалық жақындық дәрежесімен анықталады, ол жайында зерттеушілердің бір тобы Синонимиялық бірліктерінің арасында толық сәйкестік болатынын, енді бір-қатары олардың бірліктерінің арасында сәлде болса айырмашылықтар (мағыналық, стилистикалық) болатынын айтады. Алғашқылары — ой-пікірді парапар денгейде өзгертіп басқаша айту да, кейінгілері — белгіленетін нысанның әр жақты сипатын, мән-мазмүнын ашуда аса құнды болып табылады. Синонимияның қызметіндегі неғұрлым көрнектісі лексикалық синонимдер болып табылады

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Тегтер:Синонимия