Синоним — Қазақ тілі
Синоним (гр. ‘synonymos’ — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер