Шырша жыры, Дүйсенбиевтің шырша жыры өлеңі

0

Сабақтың тақырыбы: Шырша жыры
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға 1 сыныпта танысқан Ә. Дүйсенбиевтің «Шырша жыры» өлеңін жадында қайта жаңғырта отырып, шырша жөнінде кеңінен мағлұмат беру.
2) Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыта отырып сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын, білім-білік дағдыларын дамыту, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Оқушыларға табиғатты аялауға және қорғауға, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, талдау, іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер сөзжұмбақ, ребус, шырша, шырша ойыншықтары т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Оқушыларға «Түйе мен тышқан» ертегісінің мазмұнын айтқызу
Үй тапсырмасын қорытындылау: Жақсы балалар бүгін сабаққа өте жақсы дайындалып келген екенсіңдер. Ендеше қалған оқушылардың білімдерін тексеру үшін «Аққала жасау» ойынын ойнаймыз.
1. Ертеде адамдар әр жылды қалай атауды ұйғарды?
2. Жыл басына нелер таласады?
3. Тышқан қандай қулық жасайды?
4. Бойына сеніп, жылдан құр қалған жануарды ата?

ІІІ. Жаңа сабақ Шырша жыры
— Балалар аққаланың ортасынан қандай сөз шықты?
— Қоян
Қазір қандай мезгіл?
— Қыс
— Қыс айларын ата?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан
— Қыста қандай өзгерістер болады?
— Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады, су бетіне мұз қатады т. б
— Қысқы қандай қызықты ойындарды білесіңдер?
— Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау, аққала жасау, қар атыспақ т. б
— Қыстың алғашқы айында қандай мерекені атап өтеміз?
— 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
— 16 желтоқсан оқиғасын кім біледі?
— Балалар біз тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
— 1991 жылы 16 желтоқсанда
— Тәуелсіздік жолында қаза тапқан апа — ағаларымызды кім атайды?
— Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, 2014 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігіне 2 3 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін сендер білесіңдер. Тәуелсіздік жолында көптеген апа – ағаларымыз қаза болды. Ата – бабаларымыз армандап, қол жеткізе алмаған тәуелсіздікті біздерге алып берді.
Балалар ендеше сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық

1. Қыс айын ата
2. Аяз атаның серігі кім?
3. Соңғы жыл атауын ата?
4. Жаңа жылдың көркі не?
5. Жыл атауын ата?
6. Жыл басын ата?
7. Аяз атаның дорбасындағы зат?
Балалар, сөзжұмбақтың ортасынан қандай сөз шықты?
— Жаңа жыл
— Бұл ненің атауы?
— Мерекенің атауы
Иә, балалар дұрыс айтасыңдар, алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Біз Жаңа жылды қай күні тойлаймыз?
1 қаңтар
— Ендеше балалар біз Жаңа жылдық шыршаға дайындық жұмыстарын жүргізейік. Балалар Жаңа жылдық шыршаға кімдер қонаққа келетін еді?
— Аяз ата мен Ақшақар
Балалар Аяз ата бізге құрдан — құр келмейді. Ол бізге дорбасына көп сыйлықтар салып әкеледі. Сол сыйлықтарды алу үшін Аяз атаға біздер тақпақтар мен өлеңдер айтып беруіміз қажет. Ол үшін балалар біз бүгін
Сөзін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев
Әнін жазған: Латиф Хамидидің « Шырша жыры» деген өлеңімен танысамыз.
Балалар естеріңде болса, біз бұл өлеңмен 1 сыныпта музыка сабағында өткен болатынбыз. Ал қазір біз осы өлеңді қайта естерімізге түсіріп, жаттап Жаңа жылдық шыршада Аяз атаға айтып беріп, сыйлықтар алатын боламыз. Келістік пе балалар? Ендеше балалар мен сендерді Ә. Дүисенбиевтің және Л. Хамидидің өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтейін.
Шырша жыры жүктеу