Шым кесте тігу, технологиядан сабақ жоспары, тігістің түрлері

0

Кіріспе
Қоғамның қазіргі кезеңде мектеп алдына қойып отырған негізгі міндеті – жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін, инабаттылық қасиетін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру. Осы міндетті жүзеге асыруда көптеген іс — шаралардың атқарылып отырғанын көпшілік қауым, әсіресе педагогтар мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім — тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан — жақты тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын — соңды жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу” жақтары қарастырылған. Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуіне ата — баба мұрасының мол байлықтарын сақтай білу, дәстүріміздің, салтымыздың, қолөнеріміздің жақсы жақтарын бойларына сіңіре отырып өсіру қажеттігінен туындайды. Қоғам байлықтарының барлығы да адам еңбегімен жасалады. Міне осы халқымыздың тәрбие негіздерін жалпы білім беретін мектептерде болашақ ұрпағымызды ұлттық қолөнерге баулуда оқу – тәрбие процесіне терең енгізе оқыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.

Технология сабағында оқушыларда заман талабына сай еңбекке баулу, білім беру, алған білімдерін, қабілеттерімен ұштастырып, өз қолдарымен кез — келген нәрсені жасай білуді үйретеді. Өздеріне керекті заттарды өз қалаулары бойынша, тіпті қажетсіз деген заттың өзін пайдалы нәрсеге, әдемі сыйлыққа айналдыра біледі. Адам баласы еңбек ету үстінде бір сәт өзімен — өзі болып, көңіл — күйі орнына түсіп, шаршағаны басылады.
Бұл жинақта берілген материалдар арқылы тігістің түрлері, жіппен бейнелеу өнері(изонить), қағазбен жұмыс, тоқу өнері, бисермен тоқу өнері, аспаздық жұмыс барысында салат түрлерін жасауды үйренеді. Сонымен қатар қолөнерге байланысты кейбір атаулардың түсіндірме сөздігі, пайдалы кеңестер табылады. Бұл жинақ көмекші құрал ретінде технология пәні мұғалімдеріне арналған.
Оқушының алған білімдері алдағы өмірлеріне жол ашып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге көмектеседі.

Сабақ тақырыбы: Шым кесте тігу
Мақсаты: Шым кесте тігумен таныстыру
Білімділігі: Кесте түрлерімен, кесте өнерінің тарихымен таныстыру
Дамытушылығы шым кестені орындату техникасын меңгеріп, қол икемділігін дамыту
Тәрбиелілігі: Қол өнерді үйрену арқылы ата — баба кәсібін жалғастыруға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сурет, тірек сызбалар, үлгілер, дайын бұйымдар
Құрал — жабдықтар: ине жіп, қайшы, мулине, кесте тігуге арналған кергіш, сурет, көшіргіш қағаз, карандаш, мата.
Пәнаралық байланыс: еңбек, сызу, қазақ тілі, математика

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
а) қарсы алу, сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) сабаққа дайындықты тексеру
ІІ. Жаңа сабақ: Оқушылар назарын сөзжұмбаққа аудару
1. Киім тігетін орын
2. Қиюға арналған құрал
3. Саусаққа киетін зат
4. Кесте тігуге арналған құрал
5. Кесте тігетін жіп
6. Қол өнердің бір түрі
7. Иненің үлкен түрі
8. Кесте тігетін құрал
Сөз жұмбақты шешкенде «Шым кесте» деген сөз оқылады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жолы.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Шым кесте». Кесте мата бетіне шым сияқты төселіп тігілетіндіктен солай аталады. Шым кестенің беті астары бірдей, бір жақ шым кестенің астары бетінен өзгешелеу болады.

Кестенің түрлері

Атлас кесте
Ришелье кесте
Санамалы кесте → айқас, өткірме, қиял

Кесте дегеніміз – мата бетіне түскен сурет нұсқасын жіппен толтыру.

ІҮ. Жұмыстың орындалу реті:
1. Мата бетіне көшірме қағаз көмегімен суретті түсіру.
2. Матаны кергішке тегістеп керу.
3. Жіпті инеге сабақтап салынған өрнек ізімен кестені бастау керек.
4. Кестенің бетінде, астарында да түйін болмауы керек.
5. Мата жіптен көрінбеуі керек.
6. Жіп тартылмайды, бос жатады.
7. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

V. Сабақты бекіту сұрақтары.
1. Кесте дегеніміз не?
2. Кестелеудің қандай түрлері болады?
3. Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?
VІ. Оқушылар жұмысын бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма: басталған жұмысты үйден аяқтап, орындап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!