Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар

0

Тақырыбы: Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ТЕРИТОРИЯЛАРҒА СИПАТТАМА
3-8
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ТЕРРИТОРИЯЛАР
9-28
2.1 Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 9-22
2.1.1 Ұлттық парктің құрылу тарихы 9-13
2.1.2 Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
физикалық географиялық жағдайына сипаттама 13-16
2.1.3 Ұлттық саябақтың топырақ жамылғысының экологиялық
жағдайы 16-
22
2.2 Марқакөл қорығы 23-28
2.2.1 Марқакөл қорығының құрылу тарихы және физикалық
географиялық жағдайына сипаттама 23-25
2.2.2 Қорықтың қазіргі экологиялық жағдайы 26-28
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ
Табиғат – адамның сұранысын қанағаттандыратын бірден-бір шикізат
көзі болып табылады. Сондықтанда адамдар өз тіршілігінде табиғат
жүйелерінің қалай қызмет атқаратынын, табиғат ресурстарын қарқынды
пайдалану жағдайында табиғат қауымдастығының берік қорын қалай қамтамасыз
етуге болатынын білуі тиіс. Бұл мәселеде адамдарға бүлінбеген, әлі де қол
тимеген табиғат эталондары – қорықтар көмектеседі. Оларды адамдардың
табиғаттағы ғылыми лабораториясы деп бекер атамайды. Өйткені адамның
салған жарасын табиғат емдеп жазып, аңдар мен құстар әлеміне жан бітіреді.
Қандай да болмасын табиғат байлықтары, мейлі ол өсімдіктер дүниесі, я
болмаса түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделіп тіршілік
ететін табиғи ортасынан ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі,
бүгінде күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі.
Биосфера – қоғам байлығы, ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар
бұлағы. Биосферадағы экологиялық, биологиялық теңдік бұзылмауы тиіс.
Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оны ұзақ мерзімде адам игілігіне
пайдалану үшін адамның қамқорлығы мен жауапкершілігін арттыру кқажет .
Айнала қоршаған ортаның тазалығы, орман – тоғай, қазба байлықтар, су
байлығы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі ғалымдардың қазіргі кезде
назарында тұрған басты проблема. Сондықтанда ең алдымен адам мен биосфера
арасындағы өзара қарым- қатынасты шешу, биосфера байлығын ысырапсыз
пайдалануға жол бермеу, оның байлығын арттыра түсу, күтіп – баптау
шараларының дұрыс жолға қойылуы керек.
Курстық жұмыста Шығыс қазақстандағы ерекше қорғауға алынған
территорияларға физико-географиялық сипаттама беріліп, олардың маңыздылығы
мен қоғамдағы рөлі анықталды, сонымен қатар, осы территориялардағы қазіргі
таңда белең алған экологиялық мәселелерге назар аударылып, сипатталды.
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ТЕРИТОРИЯЛАРҒА СИПАТТАМА
Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл
дүниежүзлік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекелеген елдерінде қорық
ұйымдастыру ХІХ ғасырдың бас кездерінен басталғаны белгілі.
Негізінен табиғатты қорғаудың он категориясы бар: қорықтар,
қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтар,
табиғат ресурстарының қорық қорлары, биосфералық қорықтар, микроқорықтар,
табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер.
Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорттың қарқынды
дамуы оларға өзінің ықпалын тигізуде. Қолайсыз экологиялық жағдай табиғи
жүйелердің бұзылуына әкеп соқтыруда. Осыған байланысты адамның
антропогендік іс — әрекетінің нәтижесінде бұзылған табиғи территориялардың
маңызы артып келеді. Атмосфераның экологиялық тепе-теңдігін, адам
денсаулығын, табиғаттың ұсталмаған бөліктерін саналы түрде сақтап,оларға
кері әсер етпеу үшін, ғылыми — техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін
ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет.
Қазақстан жерінде Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің
бәрі дерлік кездеседі. Біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай
өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150түрі, құстың 480
түрі, бауырмен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік
етеді Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар
бекерден – бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу – маржандар қанша мол
болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен — өзі
белгілі болды.. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап,
байлығын молайта беруге барлық мүмкіндіктерді жасау керек. Осы бағыттағы
шаралардың бірі – жер жанаты деп орынды аталып кеткен небір тамаша
аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екенін өмір
көрсетіп отыр.
Қазақстан аймағы мен орта Азия Республикаларында қорық құру жұмыстары
Октябрь революциясынан кейін ғана дами бастады. 1919 жылы шілдеде Орынборда
Қырғыз басқару аймағы бойынша эволюциялық комитет құрылған, ал 1920 жылы
26 тамызда В.И.Ленин мен М.И.Калининнің қолдарымен Қазақ Автоном Социалды
Республикасын ,1936 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасын қайта
құру туралы КСРО қаулысы қабылданды.Ол жас Республика орта Азия табиғатын
қорғауда алғашқы қадамдар жасады. Ташкентте көне, табиғат және өнер
ескерткіштерін қорғауға мақсатында аймақты тексеру жұмысы бойынша Түркістан
комитеті құрылған.
Бұл салада Қазақстан Республикасы соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми –
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, келді. 1962 жылы Қазақ ССР Жоғары Советінің
биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны қорғаудың бірнеше нақты
шаралары көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер заказниктер мен табиғат
ескерткіштерін сақтау. Сонымен бірге 1972 жылы Қазақ ССР мемлекеттік
қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар
мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері және
биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы
қорықтардың жұмысын жақсартуға үлкен көңіл бөлінген. Оған бұрынғы Қазақ ССР
Министерлер Советінің соңғы жылдары қабылданған бірнеше арнаулы қаулылары
дәлел бола алады. 1969 жылы 9 шінде де Наурызым мемлекеттік қорығының
орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы, 1972 жылы 2 тамызда
Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы,
1976 жылғы 12 шілде де Қазақ ССР – інде қорықтар жұмыстарын жақсарту
туралы қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың
ғылыми ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай
кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен
табыстары мен орын алып отырған кемшіліктерде оларды жоюдың нақты жолдары
да айқын көрсетілген.
Осы кезде Қазақстан Республикасының жерінде (1980 жылғы мәлімет
бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу – Жабағылы,
Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжың және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға
жететін 50- дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектердай 6 зологиялық
және батаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат
ескерткіштері бар. Олардың Павлодардағы Гусиный перелет, шырын бойындағы
көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп – өніп келе жатқан ағаштар,
Іле Алатауындағы шаралар. Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда
бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы
хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай
түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің
1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетін эндемик
өсімдіктер, Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың
басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай –ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің
1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58
–і, Қаратауда 500 түрі өссе. Оның 100 –і сол аймақтарға ғана тән сирек
кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса,
мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігі естен
шығармаған жөн. Сондай –ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда
өсетін ағаш түрлерінің ескерткіштерімен құнды. Қорықтардың кейбіреулері
ЮНЕСКО –ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына
Ақсу – Жабағалы қорығы. Олардың тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету
қаупі төнген хайуанатар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана
қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден
бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындардың бұрынғы атақ – даңқын
арттыра беру мақсатында зор көлемдегі ғылыми – зерттеу жұмыстары
жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақыттағы табиғи
ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми
негізін жасау жөніндегі үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен
міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шарауашылығына
рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің
Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7
милион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке (жоғарыда көрсетілген)
өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы оны мекендеген сан түрлі
хайуанаттары, өзендермен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы
териториясында 34-35 милион гектар орман (оның ішінде 4 – 5 милион гектар
аса бағалы сексеуіл орман бар). Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінің
барлық элементтерін жинақтаған түрі қазба байлықтардың ірі кен орындары
11мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай –ақ, туған
өлкеміз Қазақстан алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осымен биосфера
қазыналарын көздің қарашығындай қорғайтын қорықтар көбейе берсе деген
ойдамын.
Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық
туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауларындағы бар
байлығымен сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып
келеді. Дегенмен де, Қазақстанның қорық ұйымдастыру ісінде көп кейіндеп
қалғандығы байқалды. Осынау ұлан – ғайыр өлкеде тоғыз – ақ қорықтың болуы
кімге болса да ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика
аумағының 0,3 пайызын алып жатыр. Бұл өте аз. Ал, мәселен, туысқан
Әзербайжан, Армян Республикасында бұл көрсеткіш 1-2 пайзға тең көрінеді.
Республика жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен
– көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесінің қымбат
қазынасындай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық
ұйымдастыру – бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан территориясында ұйымдастырылған қорықтарға қысқаша
сипаттама бере кетсек:
Ақсу – Жабағалы – 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық.
Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың
гектар. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физологиялық – географиялық
ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне
бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың -130- дан астам түрлері,
сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.
Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса – келмес
аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км.
Аралдың флорасында 130 – дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар
түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және
құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан
әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары
аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым — 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында
орналасқан. Ауданы 100 мың гектар. Қорықта 151 құстардың, 25
сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың
8 түрлері кездеседі.
Алматы — 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында
орналасқан. Іле Алатуының тау жотасының топырақ жабыны альпі өсімдіктер
жабыны бар таулы – шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен
астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілдердің
62 түрі, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 түрі және балықтардың 8
түрі кездеседі.
Қорғалжын – 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мы гектар. Ақмола облысы
Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық
аңшылық шарауашылығымен байланысты. Қорықтағы ғылыми – зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго
популяцияларының тізбегі ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су
құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Үстірт – 1984 жылы құрылған. Ауданы 223,3 мың гектар. Маңғыстау
облсында орналасқан. Қызыл кітапқа енген шөл зонасының 12 түрлі аң мен
құстарды қорғау үшін құрылды.
Республикалық ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қаржыландыру
2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 4 есе көбейді. Қызметкерлер штаты
ұлғайтылды: МҰТР Семей орманы қызметкерлері 365 адамнан 595-ке дейін
(1,5есе), Катон-Қарағай МҰТС — 186 адамнан 356 адамға дейін (2есе),. ЕҚТТ-
дың материалдық –техникалық базасы да нығайтылды.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың тағы бір түрі –мемлекеттік
табиғи қорықшалар. Өндірістік айналым жерлерін алып тастамай тек
шаруашылық қызметті регламенттеу арқылы ландшафпен пен популяцияны сақтау
үшін құрылған территория болып табылады.
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ТЕРРИТОРИЯЛАР
2.1 Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
2.1.1 Ұлттық парктің құрылу тарихы
Сирек және жоғалып кету қаупі бар түрлер мен ерекше және эталонды
табиғи кешендерді сақтаудың эффективті шаралардың бірі ерекше қорғалатын
табиғи териториялар жүйесін ұйымдастыру (ЕҚТТ) .
Шығыс Қазақстан облысының табиғи- қорықтық фонды 2 мемлекеттік табиғи
қорық-Марқакөл, Батыс-Алтай; Катон-Қарағай МҰТС, Семей орманы атты
мемлекеттік табиғи орман резерваты, Алтай батаникалық бағы, 4 мемлекеттік
қорықша (заказник), Синегор қара самырсын тоғайы (пихтовая роща) табиғат
ескерткіші, ғылыми және мемлекеттік маңызы бар 6 суқоймадан тұрады. Барлық
аталып өткен ЕҚТТ республикалық маңызы бар. Республикалық ЕҚТТ барлық
категорияларының жалпы ауданы 1,7 млн. га бұл облыстың Мемлекеттік орман
қорының 40% немесе облыстың барлық ауданының 6,0%-і.
2003 жылы 10 орманшылықтың базасы негізінде Мемлекеттік табиғи орман
резерваты Семей орманы құрылды. Оның жалпы ауданы 662 мың га, бұл
резерват ертіс маңайындағы жолақты орман сақтауға арналған. Резерваттың
негізгі міндеттернің бірі орман өртерінен және жаппай орман кесуден жойылып
кеткен мемлекеттік орман қорын қалпына келтіру.
2001 жылдың 27 маусымында шыққан Үкімет қаулысының негізінде ШҚО
территориясында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықшалардың
тізіміне енген 2 зоологиялық, 5 ботаникалық және 1 ботаника-геологиялық
қорықша қызметін атқарып тұр. Олардың ішіндегі 3 ботаникалық қорықша Семей
орманы МТОР-нің территориясында және Катон-Қарағай МҰТС-ның
территориясында Рахман қайнары ботаника –геологиялық қорықшасы, 4
ботаникалық және 2 зоологиялық қорықшалар орналасқан.
Қазіргі таңда Алтайдың Қазақстан жағындағы бөлігіндегі 670 мың га ең
жас және ең үлкен Катон-Қарағай ұлттық саяжайына ерекше үміт артылып отыр.
Бұл бүкіләлемдік жабайы табиғатты қорғау қорының (ВФОДП) халықаралық
деңгейде баға беріп бекіткен аса маңызды трансшекаралық табиғат қорғау
объектісі.
Катон-Қарағай ауданының территориясында ерекше қорғалатын табиғи
территория құру идеясы 80 жылдардың соңында туған. Ол жоспар бойынша
облысқа бағынатын, туризмнің әртүрлі түрлері арқылы ақша табудың көзі
негізінде құрылмақшы болған. Түскен қаржы парктің дамуы мен облыс пен
аудан бюджетіне түсетін еді. Бұдан басқа да паркпен келісімге отырған
мекемелердің ресурстарына түсіру жоспарланған.
Бұл аймақтың ерекшеліктерін ескере отыра Қазақстан Республикасының
интелегенциясы 90 жылдардың соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
парламентіне газет беттері арқылы Катон-Қарағай ауданының территориясында
ерекше қорғалатын табиғи территория ұйымдастыру туралы өз ойларын талай рет
білдірген болатын. Бұл идея Қазақстан Республикасының табиғи рессурстар мен
қоршаған ортаны қорғау министірлігінің Ұлттық стратегия және биологиялық
алуан түрлілікті тұрақты пайдалану мен қорғау жоспарын ұйымдастырған
кезде өз орнын тапты. Бұл құжатта Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи
саяжайы Қазақстан республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялар
тізіміне енді.
Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайын құру идеясының іске
асуының бірінші қадамы болып Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 1998 жылдың
18 маусымындығы Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайын құру
туралы №1-379 қаулысы қабылданды. Белгіленген территорияда ұлттық саяжайды
құру міндетін бұл аймақта ботаника-геологиялық қаумалы Рахман қайнарының
орналасуы жеңілдік туғызды. Рахман қайнары қаумалының жалпы жер ауданы
100610га болған. Ұлттық саяжай құру процесінде оның құрамына қаумалдың
барлық территориясы енді.
Ерекше қорғалатын табиғи территория құрылуының құжаттық негізі
Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи территория туралы
заңының 16 бабына сәйкес, жаратылыстану ғылымдары мен техника-экономикалық
негізде мемлекеттік экологиялық экспертизаны және уәкілетті органның
бекітілуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдады.
Ұлттық саяжайдың алғашқы жоспарланған ауданы 436,7 мың га құрады.
Оның территориясына Берел және Шыңғыстай орманшылықтары кірді. Қазақстан
Республикасының интелегенциясы ерекше қорғалатын табиғи территорияның
алғашқы шекаралары мен ұсынылған статусына қолдау көрсетпеді. Ғалымдардың
ойы бойынша, көрсетілген шекарада жергілікті маңызы бар саяжайды
ұйымдастыру Қазақстан Алтайының ұлттық және халықаралық маңыздылығына
сәйкес келмеді. Ландшафтың жоғары дәрежеде сақталғаны мен аймақ
территориясында биологиялық алуантүрлілік ескерілді және оның жерінің
Ресей, Монғолия және Қытаймен шекараластығы, осы 3 мемлекеттің Катун
биосфералық қорығы (Ресей), Ханаси қорығы (Қытай), Алтай Таван Боғдын
ұлттық саяжайының (Монғолия) Мақакөл мемлекеттік табиғи қорықтарының
(Қазақстан) табиғи резерваттарын қорғау функцияларына бірлесе қосымшалар
енгізу қажеттілігі көрсетілді.
2001 жылы Катон-Қарағай МҰТС-ның технико-экономикалық негізі толық
құрастырылып, Қазақстан республикасының қолданыстағы заңына байланысты
22.06.2001жылы №09-1087 және №09-1687 бойынша экологиялық экспертизаның оң
қорытындысын алды. Сонымен, 2001 жылдың 17 шілдесі Катон-Қарағай
мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының туған күні болып саналады.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің жалпы көлемі 643 477
гектарды құрайды, соның ішінде Берел орман қорғау және жануарлар
әлемін қорғау мемелекетік мекемесі алып жатқан 228063 га жер,
Катонқарағай орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесі
алып жатқан 287475 га, және қордағы 127939 га.
Ұлттық парк аумағы шығысында Ресеймен шектеседі, оңтүстік шекарасы
Темір қаба өзені арқылы өтеді, ары қарай Марқакөл және Күршім ММ,
батысында Форпусная өзені арқылы Үлкеннарым ММ-мен шектеседі, ал
солтүстігінде шекара Зырян ауданының Листвяга және Катунь жоталары арқылы
өтіп, ары қарай Ресеймен шектеседі.

Катон – Қарағай ұлттық мемлекеттік табиғи саябағының схемасы
Ұлттық парк қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік мекеме
болып табылады, ол республикалық деңгейдегі ерекше қорғалатын жерлер
жүйесіне кіреді, ҚР қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар
министрлігінің орман, балық және аң аулау шаруашылығы комитетінің
бақылауында.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі заңды тұлға болып саналады,
өзінің жеке қаржысы, бюджеттегі және банктерде жеке есептері бар. Сонымен
қатар мемлекеттік тілде өзінің атаулары жазылған мөрі мен штампы,
белгіленген үлгідегі бланктер, белгіленген тәртіпте өзінің рәміздері бар.
Ұлттық парк өзінің іс-әрекетін ҚР Конституциясы мен заңдарына,
Президентіміздің және ҚР Үкіметінің актілеріне, басқа да норматикті
құқықтық актілермен сәйкес жүргізеді. Ұлттық паркте белгіленген үлгідегі
төлқұжаты бар, ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы
органда тіркелген.

Ұлттық парктің шаруашылық құрылымы
№ Инспекторлық учаскелер атауы Аумағы, Кеңсесінің
га орналасуы
Ақсу аймақтық бөлімшесі Печи
І.
1. Қайыңды 45534 Коробиха
2. Ақсу 78765 Ақсу
3. Белқарағай 21172 Белқарағай
Черновая аймақтық бөлімшесі Черновое
ІІ.
4. Черновая 75952 Черновое
5. Алтай 55422 Катонқарағай
6. Шыңғыстай 123629 Шыңғыстай
Берел аймақтық бөлімшесі Өрел
ІІІ.
7. Берел 139298 Берел
8. Өрел 17644 Өрел
9. Аршаты 86062 Аршаты
Аймақтық бөлімшелер бойынша 243003 Катонқарағай
Катонқарағай МҰТП бойынша 643477

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің шекарасында орналасқан өзге
тұтынушылар өзінің шаруашылық және рекреациялық іс-әрекетін парктің
табиғат пайдалану шегінде жасалған парк территориясын зоналарға бөлу
функционалды режиміне сәйкес жасайды. Басқа да парктің табиғи ресурстарын
пайдалану парк басшыларымен ақылы келісім негізінде жүргізіледі, табиғат
комплекстеріне теріс әсер етуіне тиым салынады, парк бақылауында болады.

2.1.2 Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің физикалық
географиялық жағдайына сипаттама
Катон-Қарагай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы мөлшері Орталық Алтай
және Оңтүстік Алтай физико-географиялық ауданында орналасқан. Бұған
Оңтүстік Қатын (Катунь) (оңтүстік және шығыс Мұзтау)-Ресей шекарасы,
Оңтүстік Алтай және Тарбағатай жоталары кіреді. Ұлттық саяжай Бұқтырма, Ақ
және Қара Берел өзенінің, сонымен қатар Листвяга және Қатын (Катунь)
жоталарының оңтүстік баурайында, Бұқтырма өзенінің солтүстік жағалауындағы
Сарымсақты, Тарбағатай және Оңтүстік Алтай арасында орналасқан. Солтүстік
бөлігі, яғни Қатын (Катунь) жотасын қоса есептегенде биіктігі 2000м-4506
метрге дейін жетеді (Мұзтау). Оңтүстік бөлігі 850м (Бұқтырма өзені)-3487м
(Оңтүстік Алтай жотасы). Альпілік рельеф түрі: ашық аңғарлармен, үлкен-
үлкен құз шыңдармен және мұздың қозғалысынан пайда болған тау жыныстарының
үйінділерімен ерекшеленеді. Мұндай рельефтер оңтүстік Алтай жотасының шығыс
бөлігінде кездеседі. Ал саяжайдың қалған территориялары Сарымсақты,
Тарбағатай, Листвяганы қоса есептегенде таудың рельефі майда болып келеді,
сонымен қатар саяжай табиғи, тарихи-мәдени құндылықтарды өз қоршауына
алған. Катонқарағай ұлттық табиғи саяжайының жалпы аумағы 643477га. Рельеф
және геоморфологиялық құрылым. Алтай-Зайсан көлінен бастап Байкал көліне
дейінгі шекараны алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын тау
жүйелерінің ең ірісі. Қазақстанда оның тек оңтүстік-батыс шеттері кіреді.
Қазақстандық Алтай рельеф ерекшелігіне байланысты 3 ауданға бөлінеді: Шығыс
Алтай, Рудный Алтай және Қалбы жотасы. Оңтүстік Алтай-солтүстігінде
Бұқтырма өзенінің арасында, оңтүстігінде -Зайсан көлі мен Қара Ертісте
орналасқан. Ертіс өңірі оны батыс жағынан Қалбы жотасынан бөліп тұрады.
Шығысында- ол Укок жоталарымен шекараласады. Бұл жердің батысы мен оңтүстік-
батысында тау жоталары жалғасып, оларды Күршім және Қарақаба өзендері бөліп
жатыр. Тарбағатай (2739м), Сарымсақты (3373м), Нарын (2400м) тау жоталары
солтүстік тау бөліктеріне кіреді, ал оңтүстік Алтай (3483м), Сарытау
(3300м), Күршім (2644м) жоталары оңтүстік бөліктерін құрайды. Оңтүстік
Алтайдың батыс шекарасы Холзун атты тау жалғамалары арқылы жалғасып жатыр.
Саяжай құрамына Қатын (Катунь) жотасының (Мұзтаудың оңтүстік және шығыс
беткейлері), оңтүстік макробеткейлері, оңтүстік Алтай, Тарбағатай,
Сарымсақты, Листвяга жоталары, Бұқтырма өзені бассейнінің жоғарғы бөлігі,
тауаралық және тауішілік ойпаттары кіреді. Саяжай ішінде мұздықтардың екі
орталығы бар: Қатын (Катунь) жоталарының мұздықтары және оңтүстік Алтай
жоталарының шығыс бөліктерінің мұздықтары.Рельефі эрозионно-тектоникалық
типке жатады: биік таулы, орта таулы және аласа таулы деп бөлінеді.Басқа да
таулы елдердегі сияқты Таулы Алтайдың өсімдік әлемі “көлденең белдеулік”
заңына сүйенеді. 800-1500м биіктікте таулы далалық белдеу орналасқан,
жоғары (1200-2400м) таулы-тайга белдеуі. Одан жоғары 2500-3000м альпілік
шалғын белдеуі, ары қарай субнивальды және нивальды зона. Бұл белдеулердің
шекаралары айқын сызықтармен бөлінбегені белгілі. Ол жергілікті жердің
жағдайына байланысты түрленіп отырады. Рельефте территорияның ярустылығы
айқын көрінеді.
Климаты. Азия кіндігінде орналасқан Алтай тауында жылдың ұзақ
уақытында суық ауа тұрады. Елді мекеннің солтүстік-батыс Ертіс аймағының
200 метрден бастап шығысқа қарай 4,5 мың метр биіктікті құрайды. Мысалы
Мұзтаудың биіктігі 4506 метр. Ішкі континентальды Алтай тауларының климаты
күрделі рельефті, орналасқан ортаға байланысты уақыт аралығы да әр түрлі
болып келеді. Сипат берген ауданда жазы жылы, қысы шектеулі қатты және
қарлы. Рельефке байланысты бұл жердің метеорологиялық элементтері
(температура, ылғал, бұлтты күндер) тез өзгергіш болып келеді. Бұл құбылыс
мұздықтарға байланысты. Әр түрлі рельефке байланысты бұл құбылыс шағын
микроклиматтың 100 кейде 1000км жеріне әсер етеді. Бұл әсер метеорологиялық
станция болғанымен үш ауданға әсер етеді: Ақкем, Катон-Қарағай және Рахман
қайнары. Ақкем және Катон-Қарағай бақылау станциясы 34-100 жыл шамасында
жұмыс істеп келеді. Ақкем метеостанциясы Мұзтауда солтүстікке қарай 10км
солтүстік-батысқа Ақкем көлінің жағасында орналасқан. Осы станцияларда
метеорологиялық элементтері көрсетілген. Күн көзінің ұзақтығы горизонттың
ашықтығына және бұлттылыққа байланысты. Сай-салада, шұңқырлы жерлерде күн
көзінің түсуі азаяды.
Таулы аймақтарда және жазықтарда күн көзінің түсуі жылына 45-48
күнді құрайды. Жаз айларында күн көзі күні бойы … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!