шЫҒАРМАШЫЛЫҚ.АППЛИКАЦИЯ.Тақырыбы:Кел жаңа жыл!

0
395







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




шЫҒАРМАШЫЛЫҚ.АППЛИКАЦИЯ.Тақырыбы:Кел жаңа жыл!

Автор: Нурканова Нургуль Қойшыбайқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

ұйымдастырылған оқу қызметі




МДС ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Күні:11.01.2019 ж Тәрбиеші: Нурканова Н.К.Білім беру саласы: ШығармашылықПән: АппликацияӨтпелі тақырыбы: Менің ҚазақстанымТақырыбы:Кел, Жаңа жыл!Мақсаты: Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.Педагогикалық әдіс –тәсілдер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысыҰйымдастырушылық кезеңі:Ойыншықты мұншамаКім ілді екен шыршаға. Маңдайында жұлдызы – Жарқырайды соншама.Балаларды жұмыстың ерекше түрі – топпен жұмыс жасау қызықтырады.2.Негізгі бөлімбалаларға суретке қарап, балалардың не істеп жатқанын, оқиғаның қайда болып жатқанын айтқызады.Педагог ең ғажайып мереке – Жаңа жыл келе жатқанын хабарлайды! Балаларға жаңажылдық жапсырма жасауды ұсынады. Шыршаны, Аязата мен аққаланыңбейнесін жасауға алақанымыз көмекке келеді! Еркін қиялдай беріңдер!саусақтарға арналған жаттығу. «Аулаға серуендеуге шығамыз».Бір, екі, үш, төрт, бес (бір­бірлеп саусақтарын бүгеді),Біз серуенге шығамыз (сұқ және ортаңғы саусақтарымен үстел үстімен «жүреді),Аққала соғамыз (екі алақанымен қар «домалақтайды»), Құстарға нан үгіп береміз (барлық саусақтарымен нан «үгеді»), Сырғанақ тебеміз (сұқ саусағын алақанмен сырғанатады),Қарға аунаймыз (алақандарын үстел үстіне кезек­кезек аударып­ төңкереді),Қар-қар болып үйге қайтамыз. (алақандарын қаққылайды). Аппликацияны әзірлеу технологиясы.Алақанды керек түстегі параққа жай қарындашпен бастырып сызып алу қажет. Бірнеше парақ қағазды бірінің үстіне бірін қойып, бір жасағанда бірнеше «алақан» қиып алуға болады.тәрбиеленушілерге топқа бөлінуді ұсынады. Топқа бөлінуді басқаша өткізуге болады: педагог балаларға шыршаның, Аязата мен аққаланың сұлбасы бар фишка алғызады. Балалар фишкаларды таратып алып, өздерінің жұмыс орындарына отырады.тәрбиеленушілерге екі топқа бөлінуді ұсынады. Шыршаның конусын саламыз. Сосын төменгі қатардан бастап сызылған үшбұрыштың сызығы бойымен қағаздан жасалған алақандарды жапсырамыз, бұл ретте желімді бөлшектің үстіңгі жағына ғана жағамыз, саусақтарымыз қозғалмауы керек, бұл біздің жапсырмамызға қосымша көлем береді. Бірінші қатардағы алақандарды бір-біріне жақын жапсырамыз, барлығы бес-алтау болуы тиіс. Әрбір келесі қатарда алақандар санын азайтып отырамыз.Балаларға алақандарды түсіне қарай (ашық жасыл, қою жасыл) кезекпе-кезек жапсыртыңыз.Шыршаны безендіру үшін түрлі түсті жылтыр желімді, пайеткалар мен бисерді пайдалануға болады.Аязата жасау үшін технологияның бірінші бөлігін қайталаймыз. Сосын Аязатаның бетін саламыз. Қызыл алақандардан оның тонын жасаймыз. Тонның өңірін жасау үшін майлықтарды пайдаланамыз. Сақал-мұртын ақ түсті алақандардан жасаймыз.Үшінші топ осылайша аққаланы жасайды.бір баланы алақан әзірлеу тәсілін көрсету үшін тақтаға шақырады, тәрбиеленушілер білгендерін бекітуі және жұмыс ретін қайталауы үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, түсіндіріп отырады. қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері. Желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері.Желіммен жұмыс істеу кезінде қажет болса, жаққышты пайдалан. Жұмысты орындаудың осы кезеңіне ғана қажетті желім мөлшерін ал.Желімнің артық мөлшерін жұмсақ шүберекпен немесе майлықпен абайлап алып таста.Жұмысты бітіргеннен кейін жаққышты және қолыңды сабынды сумен жақсылап жу.3.Қорытынды1.Талдау.Қандай мереке келе жатыр?Жаңа жыл дегенміз не?Қиюдың қандай тәсілдерін қолдануға болады? Алақаныңды бастырып сызудың дұрыс тәсілі қандай?2.Мадақтау.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.