Шығарма: Сәрсенкұл Жұмақова » ZHARAR

0

Шығарма: Сәрсенкұл Жұмақова казакша Шығарма: Сәрсенкұл Жұмақова на казахском языке

« Сәрсенкүл апай ». Бүл Құрсай ауылының үлкені де , кішісіне де жақсы таныс алтын есім. Өйткені, Сәрсенкүл Жұмақова осындағы « Құрсай» сегізжылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Өзінің тынбай ізденуімен, жұмысты бар ынта-жігермен атқаруымен оқушылардың да , әріптес мұғалімдердің де ілтипатына бөленген құрметті ұстаз.
Сәрсенкүл ажеміздің ұстаздық еткеніне 33 жыл болды. Ол жылдарда оның қолынан қаншалықты жас түлеп ұшып , еселі еңбегімен , ғылымдағы табыстарымен елге танылған азамат шықты. Олардың арасында Сәрсенкүл апайларының жолын қуып ,ұстаз болғандары қаншама. Тіпті апайларына еліктеп физика ғылымының соңына түскендері , бұл жолда едәуір табыстарды еншілеп отырғандары да бар .
— Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында , дейді байырғы ұстаз ,-физика ғылымының алдында қойылып отырған талаптар ауқымды да күрделі. Сондықтан ол күн санап қарышты қадаммен өсуде. Оның табыстарынан, ғылымда болып жатқан жаңалықтардан қол үзіп қалдың-ақ жұмысыңнан мән бермей мән кетті дей бер . Өйткені, кешегі білгенің бүгінге өлшем емес .Оқушыларды тек мектеп бағдарламасымен ғана шек қоймай , оларға бұл өскелең де өресі биік ғылымның қазіргісі, келешегі жайлы кең мағлұмат беріп отыру керек . Сонда ғана оқушылар сенің сабағыңа зейін қойып , қызыға ізденетін болады .
Иә, бұл Сәрсенкұл Жұмақова әжеміздің сонау ұстаздықты мұрат тұтқан алғашқы жылдрадан-ақ берік ұстанған дәстүрі . Осы дәстүрге берік ол отыз үш жылдың ішінде өзі оқытқан балалардың санасына блім нәрін құюдан еш жалыққан емес. Оған тән қасиеттердіңең бастысы – еңбексүйгіштік . Сәрсенкүл әжеміз сонау студент кезінің өзінде ізденіштігімен, еңбексүйгіштігімен көзге түскен болатын.Ол Шымкен педагогика институтында оқып жүрген кезінде талай ғылыми баяндамалар жасап , құрбыларының көзіне түсті. Ауыл шаруашылығы жұмыстарында белсенді жұмыс істегені үшін Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградталды , ССР Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесінің медальін алды.
Ол ұстаз болып еңбек еткен жылдарда да талай наградаларға ие болды . Оның жасаған баяндамалары сан рет ауданадық , облыстық педагогикалық оқуларда жоғары баға алды . Бұл үшін ол аудандық , облыстық оқу бөлімдерінің грамоталарымен бірнеше рет наградталды .
Өз мамандығына байланысты талмай ізденімен бірге Сәрсенкүл апай қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады . Отыз жылдан бері КПСС мүшесі Сәрсенкүл Жұмақова сол жылдарда бәріне нағыз коммунистке тән қасиетпен партия саясатын насихаттауға үлесін қосып келді . Насихатшы ретінде ол атқарған жұмыстар , бұл орайда оның осы күнге дейін қол жеткізген табыстары өз алдыңа әңгіме етуге тұрарлық .

автор: Әсел Рысбекова


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com