Шығарма: Қоян

0

Шығарма: Қоян казакша Шығарма: Қоян на казахском языке

Жыл мезгілінің тамаша кезеңі қыс айы. Айнала кіршіксіз аппақ түске енген. Мүлгіген тыныштық . Ауыл үйлерінің мұржасынан түтін шығып , аспанға қарай тік көтеріліп жатыр.
Бұл бүгін күн аяз екенін білдіреді . Үйден қолына шанасын сүйретіп Рауан шықты. Жан-жағына көз тастап , өзімен бірге серік болып, ойнайтын бала бар ма? деген оймен. Рауан касына қора жақтан Ақтөс келіп,кұлағын қақшитып еркеле қарайды.
Шанасын сүйретіп Рауан ауыл шетіндегі тауға қарай беттеді.Артынан Ақтөс ерді.Рауан келе жатып қар үстінен қоян ізің байқады .
Бір мезетте әбден тоңып қалған қоянды көреді, көп ойланбастан қоянды күртешесін ашып қойнына салады. Ақтөс болса,арсаландап өз бетімен ойнап жүр. Рауан тоңған қоянды тезірек үйге жеткізу үшін жүгіре жөнелді.
Үйге кіріп қоянды пешке жақын қояды. Бойы жылынған қоян моншақтай қара көздерімен.
Рауан ғана мейірлене қарады. Көктем шыққанша қоян мен Ақтөс әбден дос болды.


Сүлейменова Дәметкен Балтабаевна

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!