Шығарма: Патриот болу-әрбір қазақтың парызы

0

Шығарма: Патриот болу-әрбір қазақтың парызы казакша Шығарма: Патриот болу-әрбір қазақтың парызы на казахском языке

Мұхамадиев Дидар Русланович
10сынып,№66 ЖББОМ
Қарағанды қаласы,Қазыбек би ауданы
Жетекшісі: Жапабаева А.С.

Ұлтарақтай емес,ұшан теңіз, ұлан-ғайыр асты-үсті қазба байлыққа толы жері бар, көз алартқанға қаймықпай қарсы тұрып, Алашын қорғайтын намысты, жүректі ері бар, күн санап көркейіп жатқан дәулетті де сәулетті елі бар, тілім-тілім болса да, табанға түсіп тапталмаған тілі бар,талай азап көрсе де, теңселмеген діңгегі берік діні бар, арқа сүйеп мақтанатын текті халқы бар, сананы сілкіндірер салты бар ақ көніл Қазақболып келгенім үшін, ниеті таза, пәк Қазақтың баласы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын.Көргендер қызыға да, қызғана да қарайтын кең байтақ өрісті өлкемді әулие бабаларым білікпен, білекпен бізге мирас етіп қалдырды-ау!Неткен ғанибет! Ұлт екенімізді көрсететін тілімізді, дінімізді, салтымызды бізге үкілеп, аялап, мәпелеп жеткізді–ау! Шіркін, алғысымыз шексіз оларға! Кең далаға біз бас иеміз енді!
Мен 1996 жылы дүние есігін ашсам да, жан-жағыма саналы түрде қарағанымды еске алсам, өзімді көтеріңкі көңіл-күймен XXI ғасырдың өкілімін деп батыл түрде айта аламын.Үлкендердің айтқандарына құлақ түргеннен, кітаптарды парақтағанымнан білгенім, КСРО кезінде көп нәрсеге шынжырлы шектеу қойыпты.Ал, мен заманымда бәрі өзгеше.Бізде еркіндік бар. Техника ғарыштап өркендеп жатыр. Бүгінгі – жаңа, ертең-ескі. Бір сәт қалғып кетсек, игіліктен мақұрым, құралақан халге жеттік. Қатардан қалмау үшін немесе ортадан озық болу үшін сергектік, ынта аса қажет қазір. «Қалауын тапса, қар жанады»,- дегендей адамбойкүйездіктен арыса, арман- мақсатына міндетті түрде жетеді. «Жігітке жеті өнер де аз», «Сегіз қырлы, бір сырлы»,-деген аталы сөз бізге айтылған тәрізді.Бәсекелестік дамыған бұл кезеңде білім қоржынын секунд сайын толықтырған жанның шоқтығы биік болады. Жүрегі жоқтар, жасықтар, жалқаулар жарты жолда қалады. Бүгінде өмірге көзқарас түбегейлі өзгереді.Әрбір ұлт іргесін бекем қатайтып, өз отауын тігуде.
«КСРО» атты «адуын атамыздан» енші алып, бөлек шыққалы 22 жыл болды.Тәуелсіздігіміз 22 жасқа толды. Сонау 1986 жылы марқұм Қайрат Рысқұлов бастаған аға -әпкелеріміз Алматыдағы үлкен алаңға шығып, мұз жастанып, қар кешті.Бұлқынды.Жұлқынды. Олар қазақтың бұдан әрі бодандыққа бас имейтінін көрсетті басқаларға.Содан бері оң- солымызды әлі толық білмей жатырмыз.Буынымыз енді –енді бекіп қатаюда.Осынау алмағайып қиын шақта біздің бағымызға, қазақтың маңдайына біткен данышпан Нұрсұлтан аға елін көргендікпенбасқарып отыр.
«Бірлік — береке бастауы»-деген принципті ұстанған Елбасы Қазақстандағы жүздеген ұлттардың татулығын нығайтты.Айрандай ұйыған жерде жеңіс, табыс болатынын түсініп өсіп келеміз.Шекарамыз шегеленіп, алыс-жақын шетелдермен байланысымыз күшейді . Экономикамыз дамып, халықтың хал-ахуалы жақсарды.Оқушыларға білім берумәселесі тура жолға қойылды.Бұрын тұйықталып келген «Таланттың аяғынан кісен шешілді». «Қой баққаннан басқаны білмейтін –қазақ» — деген бұғау мойнымыздан алынды. Тоқтар Әубәкіров қазақтан тұңғыш рет айды шарлады. Білімді, дарынды қазақ баласы бүгінде қоғамның түрлі салаларында елеулі қызмет жасап,абыройды асқақтатуда. Бұл замандажүрекқалағанкез-келген мамандықты игеруге, бойдағы қабілетті жан-жақты тануға толық мүмкіндік бар. Меніңше, бұл- бабалар аңсаған Тәуелсіздігіміздің, Азаттықтың айқын да жарқын белгісі.Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің тұғырын қатайту жолында болашақтың егесі біздерге –жастарға үлкен сенім артты. Бір сөзбен қиын түйткілді шешкен Төле бидің, Қазыбек бидің, ел үшін еңіреп жауды жеңген Қабанбай батырдың,Бөгенбай батырдың, Махамбеттің, Исатайдың, халқын өрге сүйреген Абылай ханның ,Әбілқайыр ханның, білімді қазына деп санаған Ыбырай Алтынсариннің , Ахмет Байтұрсыновтың, революционерлер Мұстафа Шоқайдың, Әлихан Бөкейхановтың өлендері жанға шипа Абайдың, Жамбылдың, Мұқағалидың, Қасымның және тағы басқа бір туар кемеңгер бабалар ұрпақтары біздер –жаман болып, төмен дәрежеде көрінуге тиісемеспіз.Керісінше, Елбасы үмітін ақтауға міндеттіміз, борыштымыз.Мен орыс тілінде еркін сөйлеймін. Ағылшын тілін де әжептеуір білемін. Бірақ,маған ең ыстық тіл -қазақ тілі. Оның қолжаулық болмауына,аяққа тапталмауына, із-түссіз жойылмауына барымды саламын. Елбасының Астананы орыстанған Сарыарқа төріне салуы тілімізді өрістеуге даңғыл жол ашты. Бұл кемеңгерлік емес пе! Дегенмен, қазақ тілінің қолданыстағы қазіргі жағдайы сын көртермейді. Басқа ұлтты айтпағанда, өз қандастарымыздың кейбіреулері орыс тіліне, ағылшын тіліне жақындау тұрады.Қазақстан бойынша тіліміз үшін шырылдап жүрген жазушы М.Шахановтан, депутаттар Н.Өнербаев және Б.Тілеуханнан басқаны байқамадым.Тіл мәселесіндегі кейбір кемшіліктердің орнын толтыру үшін жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттырғанымыз абзал. «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер»,- дегендей өз қадірімізді өзіміз бағалаған өте орынды. Президентіміз айтқандай: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесу тиіс».Үкімет тарапынан тілге байланысты қарулы-қарарлар шығып жатыр. Маған ұнағаны — «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы». Қағаз бетіндегі алтын ойларды іске асыратын біз бен сіздер.
Адамгершілік, адалдық, отансүйгіштік,ұлтжандылық асыл қасиеттер менің бойыма бесіктен сінді. Жасым 8-ге толғаннан әкемнің бір Аллаһқа сыйынып, Қарағанды футбол стадионының табалдырығын қазаққа тән ұяндықпен имене аттадым. Әкем: «Балам, футбол да өнер. Ол бүгінде бүкілхалықтық ойынға айналды». «Доп ойнаған тозар, бәрінен де қой баққан озар»,- деген мәтел ескірді. «Талмай еңбек етсең, допты ырқыңна киіндіріп , қазақтың жақсы атын шығарып, әлемге танытасын әлі»,- деп үнемі ескертіп отырады.Тілімді, дінімді, сақтай отырып футбол арқылы қазақтың атын төрткүлдүниеніңтүпкір-түпкірінежеткізіп,ұлтымның абыройын асқақтатқым келеді.Елімнің көк байрағын көкке желбіреткім келеді. Біз- осы тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Біз үшін мұнан үлкен мақтаныш жоқ шығар. Нендей жақсылық, ерлік жасасақ, өзіміздің тәуелсіз еліміз үшін, Отанымыз үшін жасайтын, ешкімге жалтақтамайтын еркін елдің ұрпақтарымыз! Міне, оқушылық өмірді артқа тастап, ересек өмірге қадам басқалы отырған өмірлік белесімдегі үлкен арман- мақсатым- туған жерімді көрсету, елімнің баянды бақыты үшін жан аямай еңбек ету деп білемін.
Тәуелсіздік- елдігім, еркіндігім, тарихым, тілім, дінім деп, осы елде туғанымды мақтан тұтамын.Қазағым туралы ой- толғауымды бір шумақ өлеңмен аяқтаймын:
Мен,білемін,Қазақтың діні өшпейді,
Мен, білемін,Қазақтың тілі өшпейді.
Мен, білемін,Қазақтың күні өшпейді,
Мен, білемін,Қазақтың үні өшпейді.


Полную версию материала можете скачать через !!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!