Шығарма: Отан қорғау- басты міндет | шығарма Отан қорғау- басты міндет туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Отан қорғау- басты міндет на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Отан қорғау

0

Шығарма: Отан қорғау- басты міндет казакша Шығарма: Отан қорғау- басты міндет на казахском языке

Түйебаева Айзада
11 сынып, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.

Мемлекетіміздің кең — байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сонау ғұн, сақ заманынан бері ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп, ұлтарақтай бөлігі үшін жан алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бойынша 9-орындамыз. Осы жерімізді қорғап, қызғыштай қорып, байлығын игеріп, халық қажетіне жарату ол осы қазір ғұмыр кешіп жатқан ұрпақтың еншісінде. Қазақ ұлын да, қызын да жастайынан ержүрек те батыл, тура да шыншыл, намысқой етіп тәрбиелеген. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген дана да дара халқымыз жері, елі, ары үшін қандай жауға да қасқайып қарсы тұра білген. Тарихтан оқып, білгеніміздей халқымыз өздігінен өзгеге тиіспеген. Көрші халықтардың жеріне көз алартпаған. Ал, басқалар басынғысы келіп, бодандық қамытын саламыз десе, бытырап , шашылып жатқан халық әп сәтте жұдырықтай жұмылып, бастары бірігіп, тас түйін болып түйіліп, қандай болмасын жауына тойтарыс бере білген . Сондықтан, еліміздің ана шеті мен мына шетіне ат айлап жүрсе, жүйткіген пойызыңның өзі де тәуліктен астам гүрсілдеп әрең жетеді. Кезінде Ресей империясы бізді бұратана сауатсыз, қолынан ешнәрсе келмейтін, жалқау халық деп әскерге алмаған. «Жат жерде жаумен соғысамыз деп не жынымыз бар,»- деп біздің бабаларымыздың дені империя жағында көп соғыспаған. Ал, азын -шоғын сол кездегі романтик аталарымыз Наполеонмен соғыста ерлік үлгісін көрсетіп, арғымақтары ауыздықпен Сенадан су ішкенін де ұмыта қойғанымыз жоқ. Бұл күнде егемен ел болдық. Аспан түсті байрағымыз байтақ жеріміздің өзіміздікі екенін әлемге паш етіп көкке өрлеп желбіреп тұр. Енді өз жерімізде, өз елімізде иелік етуге мүмкіндік алғанда сол жерді қалай қорғаймыз? Ол үшін не істеуіміз керек? – деген сұрақтар туындайды. Өйткені, Отанын, жерін , елін қорғау – аса маңызды да абыройлы міндет. Кезінде «он үште отау иесі », – деп жас та болса бастай көріп, әкесі баласына күрделі жұмыстарды балаң кезінен бастап тапсырған. 5-6 жасынан қой бағып, он шақты жаста мал суарады. 10-12 де атқа еркін қонып, 14-15-ке бәйгеге шауып, тіпті тақымын бекітіп, көкпарға да түсе бастаған. Осы мезгілде ол ағаларымен бірге жауға да «атойлап» шаба бастаған. Сондықтан да ол (қазақ баласы) жастайынан өзін үй иесі, ел қорғаны, азамат сезіне бастаған. Қазір бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ елінің әрбір азаматы 18 жасқа толғанда азаматтық парызын өтеу үшін Отан қорғауға аттанады. Бұл – міндет. Осы туған жерін, елін қорғау үшін баланы жас кезінен өз Отанын сүюге баулу керек. Сәбидің тілі шыққан кезден бастап ол өзін болашақ елдің қорғаушысы, құрылысшысы, азаматы екенін жақсы сезінуі керек. Сол сияқты бала ең алдымен өзінің ұлтын, тілін, ділін біліп, солармен мақтануы тиіс. Тілін, ұлтын, Отанын сүйе алмаған, тарихының тамырына терең бойламаған жастан құрыш білек Қобыланды, айбынды Алпамыс шықпайды. Сондықтан, баланың тілі былдырлап шыға бастағанда-ақ оған қазақ екенін қанына, миына сіңіру – әке-шешенің, ата-әженің басты парызы болуы керек. Содан кейін балабақша мен мектепте де ол «мен қазақпын» деп өз ұлтына деген ыстық сезімі, ықылас-ниетін айқын сезінуі тиіс. Сонда ғана біз келер ұрпақ аға буынның қалдырған бай рухани, табиғи, басқа да мұраларына шашау шығармай иелік етеді деп айта аламыз. Тіпті, барын молайтып, жоғын жаңғыртып, тарихтағы ақтаңдақтардың орнын толтырып, жақсысын асыруы тиіс деп ойлаймын. Сонымен, бала мектепте оқып жүр. Оған ұстаздар Отаныңды сүй, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп миына құйып жүр делік . Бала 9- сыныпқа келгенде оған «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сабақтар жүреді. Пән мұғалімдері әскери ілімнің неге керек екенін бастап жастарға түсіндіреді. Содан кейін оқушыларды шымыр да шапшаңшыл, ұшқыр ойлы да ақылды, зерек те зерделі, сұңғыла да сымбатты болып өсіп жетілуіне баса назар аударады.
Бұрынғы жылдары әскер қатарына жастар көптеп шақырылып, Отан қорғауға денсаулығы нашар балалардың барғанынан да хабардармыз. Құдайға шүкір, қазір қарулы Күштер қатарына екінің бірін ала бермейді. Өйткені, бұл күндері әскерге келісімшартпен бұрын міндетін өтеген жігіттерді көптеп алып жатыр. Сол сияқты жасы келетін жоғары оқу орындарын аяқтаған қажет мамандық иелері де әскери қызметке қабылданады. Солай бола тұрса да жас толқын, кейінгі буын , біздің сенім артып отырған жастарымыздың денсаулықтарында ақау болуы көңілге кірбің ұялатады. Дәлірек айтсақ, ол жалпы бәрі-баршамызды ойландыратын, шұғыл шара алуды қажет ететін аса маңызды мәселе деп ұғынғанымыз жөн. Сол себепті, бала өмірге келгеннен бастап, оны ай сайын үнемі тексеріп, денсаулығында ауытқу болса дер кезінде емдеп, дене шынықтыру, жаттығулар, басқа да шараларын алып, кәмелетке келгенде оны құрыштай берік , құлан-таза сау дәрежеге жеткізуіміз керек-ақ. Өйткені, біріншіден Отанда тек шымыр да сергек азамат болуы тиіс. Екіншіден, ауру баланы емдеп жазу отбасына да, үкіметке де біршама қаражат екені белгілі. Сондықтан, ауруды емдеп жазғаннан гөрі, алдын алу шараларын сапалы жүргізген әлдеқайда тиімді екені бесенеден белгілі. Қазір ғылым мен жаңа технологиялар заманы. Дегенмен де басты байлық – денсаулық екені де шындық. Отан қорғаушылар бұл күнде күні -түні тау мен тасты, дала мен көлді кешіп жүрмес. Бірақ, шамалы жүгіргенде «ах, ох» деп кеудесін , бүйірін ұстап, жерге отыра кететін адамды айбынды әскердің сырбаз сарбазы деп айтуға келмес. Сондықтан, жас ұрпақтың ең алдымен дені сау болуы тиіс, содан соң ол өзін Отан қорғаушысымын, елімнің тыныштығы маған сеніп тапсырылған, мен халқым үшін жауап беремін деген берік түсінігі болуы керек.
Отан үшін отқа түс – күймейсің” деген екен Баукең, Бауыржан Момышұлы. Осы сөздің өзегіне бойласаң көп ақиқат ашылады. Отанды қорғау- ең алдымен, ер азаматтардың міндеті.
Патриотизм – өз еңбегін, күш -жігерін туған жері мен Отанын көркейтуге жұмсау деген ұғымды білдіреді. Патриоттық сезімнің нысаны Отан десек, оның негізі туған жер, ұлттық тіл, діл, дәстүр, олардың адамға жылылық беріп, ізгі ерлік істер қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болып табылатынын біздің әр азаматымыз түсініп біледі.
Қазақстан қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндеттерінің бірі болып табылады.Қарулы Күштер қатарында қызмет ету- Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.
Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.
Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында да ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армияларымыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, әрі ержүрек патриот, интернационал ретінде көрінеді.
Қазіргі армия жауынгердің ерік- жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан қашатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек . Бұл жерде жауынгерлярдің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру-өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті. Република азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады». Бұл сөздердің мәні қандай екендігі жайында әрбір азамат түсініп білуі қажет.
Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ Республикалық әскери комиссиатының негізінде құрылды. Оған » әскери жасақтарға бақылауды» жүзеге асыру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды назарда ұстау міндеті жүктелді.
Қарулы Күштер-елдің тірегі, қорғаны, тыныштығының күзетшісі, тұтастығының кепілі. Жер бетінде кез келген мемлекет өз қарулы күштерінің қуатты, мықты болғанын қалайды. «Өз әскеріне көңіл бөлмеген ел, өзгенің әскерін асырауға мәжбүр болады» деген нақыл кімді де болса ойға қалдырады.
Қазақ- жауынгер халық. Ұлы далада жөңкіп жүрген көшпелілердің бір тармағы «қазақ» деп аталғалы бері, сол ұлы елдің ұландары өз атамекендерін көздің қарашығындай қорғады. Жан беріп жан алысты. Егеулі найза қолға алап, еңку-еңку жер шалып, толарсақтан жерді де жауға бермеді. Арыстан жүрек, жалаңтөс мыңдаған батыр ұландарының арқасында жаугершілік кездерде үнемі жаудан мерейі устем шығып отырды.Бұл-ақиқат. Бугінгі күні жауынгер бабаларымыздың мирасқа қалдырған жерінде қазақ мемлекеті тұр. Сол елді қорғайтын тас түйін армиясы бар.
Соғыстан сақтану-адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан- соғыс, қақтығыс , әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа суйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.
Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992 жылдың 7 мамырында ҚР ҚК құрды.
Еліміз Қарулы Куштерінің дамуына мемлекет тарапынан ерекше мән беріліп келеді. Оған Елбасының:»Қазіргі әлемде саны коп армиялардың қажеті шамалы. Ыңғайлы, ұтқыл жақсы жабдықталған, әзірлігі мол армия керек. Армия халқымыз мақтанатындай болсын. Өйткені, ол- Қазақстан халқының армиясы. Армиямыздың беделін арттыра түсейік» деген сөзі жақын дәлел.
Отанымыздың еңсесінің биіктігі, іргесінің мықтылығы, абыройының асқақтығы оны қорғаушылардың мықтылығы, айбындылығында, отаншылдық пен ұлтжандылығы, біліктілігі мен білімділігінде, ширақтығы мен шымшылдығында.Сонда ғана біздің сүйікті Қазақстанымыз, туған Отанымыз биіктен- биікке самғап, шарықтай бермек.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!