Шығарма: Отан оттан да ыстық

0

Шығарма: Отан оттан да ыстық казакша Шығарма: Отан оттан да ыстық на казахском языке

Муратхан Қымбат
6 сынып, Тіленшін атындағы мектеп
Ақтоғай ауданы

Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
Тарих парақтарын ақтарсақ, қазақ халқының азаттық жолында ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында «Қазақ » деген іргелі елдің шаңырағы көтерілгенін білеміз. Пешенесіне талайы тағдыр батпандап қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып, әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күрес 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды.
Бұл –қазақ үшін, Қазақстанды Отаным, елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол –Тәуелсіз Қазақстан.
Тәуелсіз елдің тілегі –бейбітшілік, тыныштық, келешегі –білімді ұрпақ. Сен қай жерде дүниеге келсең, сол жер түгелдей сенің иелігіңде. Мен қазақстанда тұрамын. Ол –менің Отаным.
Халқымыз «Отан от басынан басталады. Отан оттан да ыстық » деп бекер айтпаса керек. Менің шағын отбасымнан жылулық, береке тарай отырып, Отанымның біртұтас, ынтымақта болуына үлес қосылады. Шаңырақсыз үй болмайды. Тірексіз үйдің шаңырағы ортасына құлап түседі. Сондықтан әр отбасының керегесі кең, босағасы берік, бірлігі бекем болса, Отанымыз да гүлдене бермек.
Осы орайда «мен кіммін?» деген сұрақ туындайды. Мен –Қазақстан Руспубликасының Азаматымын. Туған жерім –Қазақстан Республикасы. Менің елім –егемен, тәуелсіз мемлекет. Республикамыздың негізгі рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны және Ата Заңы бар.
Мен – Отанымның жас ұланымын. Сондықтан өз жерімді , өз елімді ата-бабаларымыз бен әке-шешелеріміз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отаным менің
Отан –жерім, Отан –суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан –ұран, Отан –туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Туған елім –топырағым, тұмарым,
Алыс кетсем Отаным деп туладым.
Отанымды қорғаймын деп серт беріп,
Туғанымнан Отаным деп ұғамын.
Ертісі бар, орманы бар жайқалған,
Астанада дәу Бәйтерек байқалған.
Отаныңа көз салсаң сен қиырдан,
Зәулім үйлер алыстан да байқалған.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!