Шығарма: Менің аулым

0

Шығарма: Менің аулым казакша Шығарма: Менің аулым на казахском языке

Қызылорда облысы, Арал ауданы
Бекбауыл елді мекені, №65 орта мектептің
4 «Б» класс оқушысы: Алтынбекұлы Құрманғазы
Жетекшісі: Кушекбаева Фарида Абсатовна

Әр адам осы дүниеге келгенде қуаң далада келмейді. Адамның туған жері, Отаны болады. Қай адам болсын «Туған жерің қай жер?» деп сұрасаң, туған жерін айтып, мақтап қоя береді. Туған жер – анамен тең. Сенің достарыңмен ойнағаныңды көріп, мәз болады. Туған жер – доспен тең. Сенімен бірге, самал жел болып, қуыспақ ойнайды. Ақын–жазушылардың жүрек жарды өлең–шығармаларын туған жеріне арнаса, мен өзімнің анамдай мәпелеген туған аулымды жазамын.

Менің аулым көркем, әдемі. Аулыма келген адамдар оның таңғажайып көркін көріп, қайран қалады.Тұнжыраған торғын түні ме?! Иә, түнімді сипаттауға көркем сөз де жетпек. Оны тек көріп, сезу ғана болады. Ал ай болса түнгі туым. Күн мен түннің ауысқанына қарасаң да, жалықпайсың! Ұзын әрі сымбатты ағаштар көшеде қатар тұрған жарқырап тұрған шамдарға ұқсайды. Емдік қасиеті бар өсімдіктер құнарлы топырағымда жайнап өсіп тұрады. Ал жел, гүлдер туған аулыма ерекше сән беріп тұрады. Сездің бе, көрдің бе қаламның таңғажайып көркін?!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!