Шығарма: Мен өз елімнің патриотымын!

0

Шығарма: Мен өз елімнің патриотымын! казакша Шығарма: Мен өз елімнің патриотымын! на казахском языке

Оразбаев Айбек
2 сынып, Агрономия мектебі
Ақтоғай ауданы

Өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Айбек. Мен 8 жастамын. Осы күнге дейін кен байтақ Отанымның барлық жерімен таныспасамда , теледидар арқылы және анамның әңгімелері арқылы білемін. Отан үйден басталады демекші , мен өз үйімді, мектебімді, туған өлкемді қатты жақсы көремін. Нағашы жұртыма қонаққа барғанда да, үйімдегі күшігім, мысығым не болды екен деп, достарым не істеп жүр екен деп ойлап жүремін. Әкем секілді болашақта балуан ер жігіт болып, әскер қатарында қызмет атқарғым келеді.
Екеуміз теледидардан күрес көргеді ұнатамын, әрқашан да Қазақстан үшін жанкүерміз. Әкеміз екеуміз айғайлап, теледидар ішіне кіріп кете жаздаймыз. Анам бізге қарап мәз болады. Мен осындай сәттерде сол теледидар ішіндегі спортшылардың орында болғанды армандап кетемін. Мен де еліміздің намысын қорғайтын ел баласы болып өскім келеді. Сол үшін де сабағымды жақсы оқимын, күнде жаттығамын.
Менің анам ерекше адам. Ол бізді әр демалыста бұрын сонды бармаған жерлерге апаруға тырысады. Және де барған сайын сол мекеннің тарихын айтып береді. Ол тарих пен география мұғалімі. Мен анамның қазақ халқымның тәуелсіздігі үшін күресі жайлы әңгімелірін жақсы көремін, қарындасымда қайта қайталатып мұқият тыңдап отырады. Анамен дүкендерге барғанда өзіме деген қиімдерде «Қазақстан» деген атауы барды алғыздырамын. Ондай киімдерді, оқу құралдарын иегері болғанды мақтан тұтамын.
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын! өз елімнің жалауын әрқашанда тек биіктен көргім келеді. Және өзімде оған ат салысуға тырысамын!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!