Шығарма: Ел болашағы — жастар қолында | шығарма Ел болашағы — жастар қолында туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ел болашағы — жастар қолында на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Ел болашағы

0

Шығарма: Ел болашағы - жастар қолында казакша Шығарма: Ел болашағы - жастар қолында на казахском языке

Жазитова Әйгерім
9 сынып, «әл-Фараби» мектеп-лицей
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Шакенова З. М.

Отан! Қандай құдіретті сөз! Өмірімнің бар мақсаты осы сөздің ауқымына сыйып кетерліктей-ақ. Бұл «елім», «жерім», «ұям», «Қазақстан Республикасы» деген сөз. Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін.
Менің Отаным – Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген, Батыста Жайық, шығыста Ертіс есілген, Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген, Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған Отаным осы – Қазақстан болып атанған!– деп ақындар жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу мекен.
Қазақстан Республикасы – қанаты қатайған мемлекет. Қазақстанның кең байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар. Үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарқаны мол, қолы жомарт халық ретінде дамып келе жатқан еркін елміз. Бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренада өз орнын ойып алған, Азия мен Европаны мойындата білген өжет елдің мекені.
Мен осындай елдің қызымын. Менің қазақ қызы болып, қазақ жерінде, тәуелсіз елде туғаныма, алдымен, ата-анама, ата-бабама, мың да бір рахмет айтып, бас иемін. Мен бақытты елдің жас ұрпағымын. Елімнің ертеңгі күні үшін еңбек ететін азаматымын. Елбасының:«Қазақстанның болашағы-жастар» демекші,мен қазақ елінің болашағымын. «Қазақстан 2050» бағдарламасын жүзеге асыратын да менмін деп өзіме үлкен жауапкершілік артамын. «Ертеңім қалай болады?», «Болашақта қалай өмір сүремін?» — деген күдікті ойлар мені мазаламаса да, мен өз болашағыма батыл, берік сеніммен қараймын.
Ал қазіргі таңда өркениетке бет алған егеменді еліміздің болашағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен ұштасып жатыр. Мәңгілік Ел идеясы — біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған ойларды жүзеге асыратын, бойында қазақстандық патриотизмі бар, ұлттық намысы бар азаматтар өз халқын, туған жерін сүйетін болса, сол елі үшін, елі мен жерінің өркендеп, гүлдене түсуі үшін ерінбей еңбек етсе, сонда ғана өзіміздің ұлттық салт-санамызды, әдет-ғұрпымыз бен өзіміздің елдігімізді нығайтамыз. Ал қазақстандық патриотизм- қара бастың қамы емес , рудың не тайпаның зары емес, адамзаттың баласы- ұлтымыздың ұлықтығы үшін теңдігі мен елдігі үшін өтейтін әр пенденің қарызы мен парызы. Намыс деген осындай еркіндік қолға тигенде, бел шешіп іске кірісу, жан аямай еңбек ету болып табылады.
Еліміз бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарына ену үшін ғылым мен білімнің барлық саласында ерекше жаңалықтар мен өзгерістер бар, олар даму үстінде. Мен өзімнің туған өлкем, Қызылжар, Солтүстік Қазақстан облысы алтын астыққа бай жер, мал шаруашылығыдамыған өлке. Сол сияқты біздің облысымызда көп ұлт өкілдері болғандықтан да , мемлекеттік тіліміз –қазақ тілін меңгеруге, дамытуға көп көңіл бөлінуде. Орыс тілді мектептер мен балабақшаларда арнайы сыныптар мен топтар ашылып, қазақ тілін тереңдете оқытуда. Сонымен қатар Елбасымыздың: «Мектеп түлегі үш тілді: қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін бірдей меңгеруі тиіс»,- деген. Соған орай мен оқитын мектеп-лицейде үш тілді меңгеруге жағдай жасалған. Ағылшын тілін ерте жастан оқыту бойынша эксперимент сыныптар 2004 жылдан бері жүргізіледі. Жаңа заманауи мектептерге тән электронды оқыту жүйесі «E-learning» де біздің мектеп-лицейімізде жүргізіледі, яғни біз өз білімізді «WOODL» класс арқылы қашықтықтан оқу арқылы жетілдіре аламыз.
Оқушыларда патриоттық сезімді қалыптастыруға арналған «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Елбасымыздың жарлығымен құрылды. Мен өзім «Жас ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесімін.Өз мектеп-лицейімде «Жас ұлан»республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы болғандықтан да, қала, облыс деңгейде қала мектептері оқушыларының арасында «Дебат» ойынын ұйымдастырып, еліміздің жастарының қоғамдағы орны бар екендігін және бойларындағы құзыреттіліктерін дамытуға өз үлесімді қосудамын деп ойлаймын. Елімізде«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге үлкен дайындықтар қарқынмен жүріп жатыр. Халықаралық көрме аясында «Жас ұлан»республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушыларының қатысуымен жобалар байқауы өтті. Мен өз облысымның атынан қатысып, «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Жалтыр көліндегі құстардың экологиялық жағдайы» атты жобамды ұсынып, жеңімпаз атандым. Мен осы ұйымның мүшесі ретінде, оқушыларда жастайынан патриоттық сезімді қалыптастыру тек қана оң әсер етеді дегім келеді. Өйткені, біздерде Отанға, халыққа, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілігіміз жастайымыздан қалыптасады. Біздерменен жүргізілген әртүрлі тренингтер, форумдар, жиналыстар, мерекелер әрдайым өзімізмен бірге бір қуаныш, шаттық әкеледі. «Жас Ұландықтар» әр кезде де ізденушіліктің үстінде. Жаңа идеяларды, жаңалықтарды өзіміздің еліміз үшін, оның дамуы үшін жасаймыз.
Елімді мақтанышпен айта келе, велоспорттан бірнеше олимпиадалар жеңімпазы, жерлесіміз, Лондон олимпиадасында Қазақстанға алғашқы алтынды алып келген Александр Венокуровты мақтан тұтамын. Ол өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін осы жеңісімен дәлелдеді. Қазақстан осы олимпиадада он екінші орынды иеленіп, өз атын тағы да әлемге әйгілі етті. Өйткені, осындай жетістікке санаулы жылдар ішінде жету – үлкен еңбек, абырой.
Патриотизм – ұлы сезім! Менің ойымша, әрбір адам осы сезімге, рухқа ие болуы керек. Сондықтан, біз, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы, қыз–жігіттері еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой -санасында: «Мен – қазақстандықпын! Мен – елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ойы болуы керек. Сол себептен: Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, мен қазақ топырағында туып өстім, еліміздің өсіп-өнуі үшін қасиетті Отанымның өркендеп дамуы үшін атсалысамын, аянбай тер төгемін, — деп жүз қайтара айтқым келеді. Сүйікті Отаным, жасай бер мәңгі, жайнай бер! Көгімізде бейбітшілік белгісіндей боп көгершіндер, теңдік, бостандық белгісіндей боп қыран құстар самғап, ұша берсін!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!