Шығарма: Ел боламын десең, бесігіңді түзе

0

Шығарма: Ел боламын десең, бесігіңді түзе казакша Шығарма: Ел боламын десең, бесігіңді түзе на казахском языке

Ағатаева Балдырған
— сынып, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған,
бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен , сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман , ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында.Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған , талай арулар махаббат құрбаны болған , талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе , XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді , ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз туелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып?Ақыры бұғау біткенге
сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Отан…Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан дегеніміз — туып өскен жерің, Отан дегеніміз – 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз — ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз.
Мен үшін Отан – құндылықтарды, материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған . Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан — біз үшін оттан да ыстық.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге , көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын
болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары… Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды , өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан»,-деп Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, Отанымның одан әрі өркендеп-өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын.
Ол үшін кемел біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ болсақ деп армандаймын. Өйткені, болашақ – жастардікі. Елдің ертеңгі иесі – бүгінгі ұрпақ.
Біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінгеніміз абзал.
Барша ұлтты бауырына басқан Отаным, мен сенің ізгілігіңнен, ұлылығыңнан нәр алып, дархандығыңнан үйреніп, бойжетіп келемін.
Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің , өзен-көлің, тауың мен үшін қымбат. Перзентіңнің саған деген махаббаты тіл жеткісіз!
Қазақстан , сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!