Шығарма: Бір халық-бір ел-бір тағдыр…

0

Шығарма: Бір халық-бір ел-бір тағдыр… казакша Шығарма: Бір халық-бір ел-бір тағдыр… на казахском языке

Кудабаева Жансая
8 сынып, “Жас дарын” мектеп
Павлодар қаласы

Отанды сүю – біздің перзенттік
парызымыз,қарыс қадам үшін
жанын қиған бабалардың асыл
аманатына адалдығымыз!
Н.Ә.Назарбаев
Отан…Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-
сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан.Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау түтіні,бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.Әр адамның туған Отаны,туған жері оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап -ақ адамда Отанға,туған елге деген махаббат сезімі оянады. Әр адам үшін кіндік қаны тамып, туып өскен жері, яғни өз Отанынан қымбат мекен жоқ. Отанымыздың ұлтарақтай жері үшін қаһарман ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресіп, ұрпағына оны мирас етіп қалдырды. Сондықтан барлығымыз туған еліміз бен жеріміздің алдында әрқашан борыштар екенімізді ұмытпауымыз қажет. «Отан – оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп аға буын тегін айтпаған болар. Осы кең байтақ Отанымызда салт-дәстүріміз, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз жатыр.
Біз қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Біздің ата-бабаларымыз өмір үшін күрес жолында ешбір қиындықтан тайсалмастан жауға қарсы шықты! «Елім», «Жерім», «Отаным» деген ұрандарды жүректе мәңгі сақтап еліміздің патриотына айналды.«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері ешқашан ұмытылмақ емес.
Сол сұрапыл соғыста қан төккен ата-бабаларымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз ел атанып,өзінің Әнұранын,Туын,Елтаңбасын алғанына да,міне,22 жылдың жүзі болды.Еліміз әлемнің мақтанышына айналды.
Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Ондай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі,аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. «Отаның-алтын бесігің », «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі ең алдымен халқымыздың бақыты.Бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!