Шығарма: Ата-баба аманатын арқалаған халқының ұлы перзенті

0

Шығарма: Ата-баба аманатын арқалаған халқының ұлы перзенті казакша Шығарма: Ата-баба аманатын арқалаған халқының ұлы перзенті на казахском языке

Касенова Айжан
11 сынып, №7 қазақ орта мектебі
Атбасар қаласы
Жетекшісі: Арықпаева С.Ө.

«Көшпенділер» трилогиясын оқып отырып, біздің бабаларымыз Əбілқайыр, Абылай, Кенесары хандардың, Наурызбай, Бөгенбай батырлардың, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты даналардың Қазақстанның егемендігін алу ісіне зор үлес қосқанын түсінесің.
Осы бабаларымыздың, олардың серіктері, ізбасарлары өз Отанын шексіз сүйген, оның болашағына сенген жəне осы мақсатқа жету жолында күш-жігерін жұмсауға аянбаған.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біз қазақ халқының сонау тарихына үңілетін болсақ, əр уақытта да ата-бабамыз академик В.В.Радлов айтқандай, қазақ халқы көшіп-қонып жүрсе де, өнегесі мол небір тамаша ерлік істерін ұрпақтан-ұрпаққа тəрбиелік мұра етіп қалдырған.
Халық қазыналарын ақтаратын болсақ, оның бірсыпырасы бүкіл қауымды əдемі болуға, əділетсіздікпен күресуге, кейбіреулері батыл болуға, Отанын, елін, жерін сүюге, жауларға мейірімсіз болуға баулиды.
Батырлар жайында дастандар, ерлік хикаялар біздің қанымызға əбден сіңген. Оны ауызша да, кітап арқылы да, өлең-жыр арқылы да білгің келіп, құмартып тұрасың. Кейіпкерлердің ерліктері жастарға үлгі-өнеге, тəрбие мектебі, өз Отанын, елін, жерін сыйлайтын нағыз патриот болуға баулиды. Ұзақ тарихымыздың қай белесінде де халқымыздың абыройын өсіріп, ұлттық мақтанышына айналған батыр даналарымыз аз болмаған. Қазақстандық ұлт батырлары туралы үлкен толғаныспен сыр шертуге болады.
Олай болса, тəуелсіз үшін күрескен ата-бабаларымыздың кім болғанын, олардың əрқайсысының тарихта атқарған істері мен орны туралы əділ көзбен қарап, бүгінгі жас ұрпақ, біздерге , ұғындырып отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғы сөзінде, «тайға таңба басқандай» сезіліп тұрған жоқ па?
Туған елімізде ғасырлар бойы туған жерін найзаның ұшы, қанжардың жүзі, өр кеудесімен қорғаған қаншама батыр бабаларымыз, алыптар дүниеден өтіпті. Бұл алыптардың жас ұрпақ үлгі алатындай таудай биік тұлғаларынсыз тəуелсіздікті елестету əсте мүмкін емес.
XX ғасырдағы ең үлкен қуаныш — мемлекеттік тəуелсіздігіміздің жариялануы. Соған орай, қазақ елінің рəміздері қабылданып, жаңа өмір арнасына жарқын əріптермен жазылар оқиғаға айналды. Бұның мəн-мағынасын білу – біздің парызымыз.
«Əр халықтың тарихында есімі мəңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады»,- деп Елбасы айтқандай, есімдері жүрегімізде терең орын алған батырларымыз туралы көп айтуға болады.
«Ер есімі – ел есінде» дегендей, батыр бабаларымыздың, ержүрек аталарымыздың ерен ерліктері, асыл бейнелері м əңгілік ұмытылмайды. Отан үшін от кешіп, ұлағатты ерлігімен елдің даңқын асырған ұлт батырларының əрқайсысы ерекше құрметтеуге лайық.
Ата -бабаларымыз өз кезінде əрқайсысы дара бейнелер болса да, ұрпақтар жалғастығында бір-бірінен бөлектеуге болмайтын, тағдыры мен тамыры тұтас ұлы тұлғалар.
Солардың ішінде халықтың аузында аты аңызға айналған, ұлттың рухын көтерген, ұлтын сүйген жанның бірі – ұлтын сүйген ұлы жүрек жауынгер жазушы «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының есімі соғыс тарихында мəңгілік орын алған . Соғыста бүкіл алаулаған жастық шағын берді. Соғыстан семсердей өткір, емендей берік болып келіп, ерліктің ізін суытпай, қағазға төніп, қарыштата қалам сермеді. Əр кітабында бізге үлгі боларлық майдангерлердің тарихы жатыр. Өйткені бұл жүрек қанымен, оқтың жарқылымен жазылған майдан күндерінің мызғымас ескерткіші, біз қастерлеп, қасиет тұтар айтылған ұлы өсиеттер.
Бауыржан Момышұлының мына бір естелік əңгімесінен алынған үзіндіге зер салып көрейікші:
Мына ту – қасиет туы, ар туы. Бұл туды көргенде кешегі ұрыс даласында үзілген өмірлерді еске алмау мүмкін емес. Олар біздің болашағымызды қорғады, болашақ үшін жан қиды. Сондықтан біз жауынгер достарымызды ешқашан ұмытпаймыз.
Бұл ту – революция жасаған, жаңа заман орнатқан біздің бабаларымыздың туы.
Бұл ту – қан майдан шебінде Октябрь жеңістерін қорғап қалған əкелеріміз бен бауырларымыздың туы. Бұл ту майдан шебінде қанын төгіп, Отанын қорғап жеңіспен оралған, бүгінде бейбіт өмірде зейнеткерлік еңбек демалысындағылардың туы.
Бұл туға біз əрқашан да берік болайық. Бұл туға біздің ізбасарларымыз – болашақ ұрпақ берік болсын! – деген еді. Сол батыр атамыздың аманат өсиетін орындау Елбасының маңдайына бұйырыпты. Бұған дəлел – тəуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті, шебер дипломат, білгір саясаткер, жан-жақты білім иесі, ақыл-ойдың кеніші деп танылып жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын танытуда «Жаңа ғана мен тізерлеп тағзым еткен, шашағынан сүйген тудың түсін дəл табу оңай болған жоқ. Он ойланып, жүз толғана келіп тоқтаған осы зеңгір көк түстің мағынасы өте терең. Мұнда көкті тəңір тұтқан ата-бабаларымыздың арман-аңсары бар, мұнда біздің халқымыздың біртектілігін, мемлекетіміздің бөлінбейтінін білдіретін ұлы тұтастық идеясы бар. Мазмұнына өрнегі жарасқан тəуелсіздігіміздің қасиетті туы мəңгі желбіресін, күніміз мəңгі сөнбесін! Əрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Əнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы! – деген жүрекжарды сөзінен Елбасының баладай ағынан ақтарылған аппақ көңіліне, бабалар дəстүріне адалдығына, болашаққа деген нық сеніміне қайран қаласың.
Ұлы тұлғаның осындай балаша қуанып, данаша ойлауынан, ұлт үшін бой тұмардай қасиетті үш белгінің қадір-қасиетін танып, қастерлеуі, не туралы жазса да, кім туралы толғанса да кемеңгер тұлғаның бойында ұрпақты патриоттыққа тəрбиелейтін үлкен тəрбие мектебі жатыр.
Біз дарынды, қиялы ұшқыр , арманшыл ұрпақтың болашағымыз. «Өмірде кімді үлгі ету керек? » — деген армандау, еліктеу сияқты психологиялық реңге түсетініміз де рас.
Ел бірлігі мен ынтымағын, туған жерін, біздің болашағымызды ойлаған Елбасымен жақынырақ танысқанда, өзімізге қажетті жауапты, елге, Отанға деген жауапкершілікті, адамдармен ізгілік қарым-қатынасқа түсу жолын таба аламыз. Олай болса, халыққа, Отанға шексіз қызмет етудің, елін, жерін сүйе білудің – бəрі-бəрінде Елбасының үлгі тұтарлық тұлғасы тұрған жоқ па?!
«Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол», — деген Абай даналығы осындай ел бастаған көсемдерге арналған ғой.
Тарих қашанда сындарлы шақтарда ел басқару үшін қиянды көздейтін қырандарын туғызады. Қазақ елі тəуелсіздік алған сəтте ел тұтқасын істе сыналған Елбасы Назарбаев ұстады.
Біздің Елбасын қазақ елінің тарихындағы Абылай ханмен салыстырып жатады. Дана қайраткер, кемел тұлға Абылайдың да арманы асқақ болған екен. Одан қартайған сəтінде «Абылайдың да арманы бар ма?» — деп сұраған екен. Сондағы Абылайдың жауабы мынау: «Арман көп, үш жүздің басын қоссам деп едім, қоса алмадым. Қала салсам деп едім, сала алмадым. Көшіп-қонған елімді орнықтырып, тұтас ел етсем деп едім, оны да істей алмадым. Келешек ұрпаққа осы үш арманым да аманат», — деген екен.
Зерделеген адамға Абылай бабамыздың сол арманын орындап, жүзеге асырған, аманатқа адал болған адам – Н.Ə.Назарбаев. Абылай өсиетіндегі үш жүздің басын қосқан, қала салған , тұтас ел қалыптастырған адам Нұрсұлтан Əбішұлы екенін халық айтпаса да біледі, оны мақтан тұтады, оған сенеді.
«Мен Абылайдың арманын орындадым!» — деген Елбасының сөзі ғасырлар бойы айтылмаған сөз еді. Елбасы ханның да, халықтың да, өзінің де арманы мен аманатын орындаған алып тұлға дер едім. Елбасының бұл жүрекжарды сөзі — қаншама ұрпақ үлгі тұтар ұлы сөз.
Иə, Елбасы, сіз Абылайдың да, Абылайханға дейінгі де, одан кейін де өткен ата-бабаларымыздың бар үміті мен зар үмітін де, аңсарлы бар арманы мен мүдделі бар мақсаттарын да орындадыңыз! Бұған талас та жоқ! Бұған күмəн мен күдік те жоқ!
Енді бір сəт кезінде мемлекет жəне қоғам қайраткері болған, қазір дүниеден озған ақын Кəкімбек Салықовтың «Кемеңгер» деген өлеңіне көз жүгіртіп көрейікші.
Ежелгі арман өтелген,
Нығайды қазақ елдігі.
Ақталды шаңырақ көтерген,
Елбасының ерлігі,-деп ақын айтқандай, біздің халқымыздың бұрын-соңғы тарихында Елбасындай дүние жүзіне танылған адам болған жоқ. Бұл – қазақ елінің жетістігі. Қазақ перзенті Н.Ə.Назарбаевтың əлемдік саясат сахнасындағы дара тұлғасын АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропа елдері басшыларының əр қырынан ерекше бағалағанын естіп, оқуымыз – біз үшін үлкен бақыт, мақтаныш. Осылай Елбасы туралы əлем қайраткерлерінің пікірлері мен қазақстандықтардың пікірлерін тізе берсем, Елбасы тұлғасы тіпті биіктей беретініне таңғаласың. Əсіресе, кезінде Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері ел ардақтысы болған Бəйкен Əшімов ақсақалдың аталық мейіріммен Елбасына берген ақ бата-тілекті қалайша айтпасқа.
Ел аман болсын,
Ел бағына туған
Ер аман болсын!
Ақсарбас айттым жолыңа,
Айналайын Нұр Сұлтаным! -деп елі сенген Елбасына берген ақ батаның біз үшін аса маңызы зор.
Қорытындылай келгенде, қай істің болмасын бастауы қиын екен. Халықтың «Көз қорқақ, қол батыр» дегені рас қой. Осы шығарманың негізгі тірегі ата-баба аманатын арқалаған, ел бағына туған нар тұлға Елбасының ерен еңбегі мақсатында болғандықтан, Елбасының үлгі тұтарлық бейнесін барынша ашуға тырыстым.
Елбасы туралы мен сияқты басқа да жастардың осындай ұқсауға талпынатын ізгі ойлары болуы əбден мүмкін. Мен оған кəміл сенемін.
Неге ата-баба аманатын орындаған Елбасы еңбегімен мақтанбасқа! Өйткені ол – нағыз ұлтжанды қазақ перзенті.
…Мен өз халқымды сүйемін…
…тəуекелшіл ұлтымды қалайша мақтаныш етпеспін! Қалайша бас имеспін! — деген жүрекжарды сөзінің өзі Елбасының ұлтжандылығын паш етіп тұрған жоқ па?!
«Қамшының сабындай қысқа ғұмырыңда халқыңның көшінің басында жүру, ұлы істеріне тікелей ат салысудан артық қандай мəртебе керек?!» — деген Елбасының əрқашан халықпен бірге болатын қымбатты бейнесі, тамаша қасиеттері мен қызметі жас ұрпаққа мəңгі үлгі-өнеге болмақ. Өйткені, Елбасының нар тұлғасы – жастардың ұқсауға талпынатын асыл мұраты Отан мен ел алдындағы үлкен борышты өтеу – қашаннан парыз екенін ұмытпауымыз керек.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!