Шығарма: Алаштың ардақтысы — Нәзір ата
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Асықата кенті
«Нәзір Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ-нің
6 «А» сынып оқушысы Әбдәшім Гүлсая
Нәзір Төреқұлов атамыз 1892 жылы қазан айында Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келіп, 1937 жылы 3 қарашада халық жауы деген атақ тағып, ату жазасына кесіліп құрбан болған.
Алаштың ардақты жазушысы, профессор, ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат болған Нәзір атамыз Құранды жатқа білген екен. Ол кісі 7 тілді меңгеріп, сөйлегенде жұрт бір қате таппайтын көрінеді. Нәзір атамыздың әкесі қазақ, анасы тәжік ұлтынан болған деседі.
Нәзір атамыз бүгінде қазақ даласына танылған бір үлкен бәйтерек. Ал, біз секілді саналы балалар — сол бәйтеректің жапырақтары. Біздер сол жапырақтар өз ағашынан қандай суық жел соқса да, жаңбыр жауса да үзілмесе және бәйтерегіміз өз жапырақтарын әрқашан қолдап, одан әрі жайқалсын деп тілейміз.
Күнде мектеп алдына келіп, сабаққа кіргелі жатқанымда Нәзір атамыздың ескерткішіне қараған сайын маған күлімдеп тұрғандай көрінеді. Сол алып ескерткішке күнде қарап жүріп, Нәзір атама деген арнау өлеңімді арнадым.
Төреқұлов атама арнау
Төреқұлов атама арнадым мен,
Шетінен жеті тілді терең білген.
Сталинде көре алмады атамызды,
Халық жауы есімімен өлтірткізген.
Нәзір ата жолыңызды жалғастырам.
Мен осы уәдемде тұра алам.
Берді біздің мектепке атыңызды,
Бейнеңізді жасады шебер қолдан.
Бүгін қайта дүниеге келгендейсіз,
Елші ата маған қарап күлгендейсіз.
Бейнеңіз қайта-қайта елестейді,
Мәңгі өшпейді тарихта есіміңіз.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!