Шудан сақтану жолдары | Скачать Реферат

0


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Пәні:Еңбекті қорғау.
Курс: 3
Тақырыбы:»Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері
Орындалу түрі: мәнжазба

Орындаған: Хожанова Әсем
Группа: 301 топ
Тексерген: Куспангалиева Г.С.

Ақтөбе 2017ж
Жоспары:
I.Кіріспе
Шу — амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелістер.
II.Негізгі бөлім
1.»Шулы» технологиялық процесстер.
2.Шу көздерін төмендету шаралары.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шу — амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелісті айтамыз.Шу дегеніміз адам организміне механикалық тербелістің әсер етуі, тербелістің жиілігіне, интенсивтілігіне және берілу ортасына байланысты болады. Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді.Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қан қысымы көтеріледі.
Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.
Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.

Негізгі бөлім
Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді.

Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Втм2 пен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы 1 толқуы 1 Гц тең.
Адамның жәй сөйлескендегі дыбыстың орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі.

Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол, жиілігі төмен шулар-40-100 дб, жиілігі орташа шу-85-90 дб, жиілігі жоғары шу-75-85 дб дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-ден аспауы керек.
Амплитудасы, мм
Жиілігі, Гц
Жылдамдығы, ммс
Дц
1,300
2
11,2
107
0,300
4
5
100
0,050
8
2
92
0,030
16
2
92
0,010
31,5
2
92
0,006
63
2
92
Шудан сақтану жолдары.Діріл және шуылдың пайда болуына әкеп соқтыратын: бұрғылау сораптары, зертхана қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар,құрылысмашиналары,компрессо рлар және бульдозерлер және т.б.
Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В витаминдері болуы керек. Дірілді жерде смена уақытының 23 бөлігінде ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір сменадан артық қалып жасауға болмайды.

Еңбек режимін жасаған кезде дірілдің әсер етуі және онымен байланыссыз басқа жұмыстар орындау ұзақтығының қатынасы 1:2 қатынасынан кем болмау жағын қарастыру керек. Мысалы, қол машинасының санитарлық діріл нормасы 9 Дб-ға дейін артқанда машинананы жұмыс тәртібін 10 минуттан соң басқа жұмыстармен ауық ауық алмастыру пайдалы (10+20+10+20+10+20+10=100 мин). Жұмыстың басқа уақытында (480-100= 380м) дірілмен байланыссыз жұмыс істеу қажет.

Бұл жұмыстарда жұмыс істеу үшін қосымша арнайы киімдер, мәселен, дірілден қорғайтын аяқ киім, қолғап, резеңке төсегіштер т.с. қолданылады (көкірекше, белдік, арнайы костюмдер).дірілден қорғану қолғаптары жұмысқа ыңғайлы болуы шарт. Оның мықты материалы теріні тітіркенуден және ылғалдан сақтайды. Дірілден сақтану киімдерін таза теріден тігеді. Ол 11 Гц жоғары жиілікті өткізеді. Дірілден қорғану киімдері 16;31; 5; 63 Гц және 7..10 дБ жиіліктермен өтеді.
Егер шуылды қалыпты жағдайға дейін азайту мүмкін болмаса, онда машина конструкциясына шуыл көзін оқшаулайтын немесе шуыл жұмысын жұтатын құрылғылар енгізіледі. Ол үшін шуыл тудыратын жабдықты тұтастай дыбыс оқшаулайтын қаптамаға салады және оның басқару жұмысын автоматтандырады: дыбыс оқшаулайтын қаптамада қажет тесіктердің ішін дыбыс жұтатын материалдармен қапталған каналдар түрінде орындайды.
Шу — экологиялық фактор.Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20 — 120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.

80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін … жалғасы